Қабытаева Хадиша Барбасқызы,
Павлодар облысы
Ертіс ауданы
№3 Ертіс жалпы білім беру
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
(Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай)
Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Абай өмірін, шығармашылығын талдай отырып, өнегелі қасиеттерін дәріптеу.
Көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреті, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд.
Өту барысы:
Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық. («Шаттық» шеңбері, топқа бөліну).
-Балалар, бүгінгі тәрбие сабағы Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылды-ғына арналмақ.
-Бұл шараға ат салысу әрбір азаматтың парызы!
Оқушыларды топқа бөлу: /жаз, қыс, көктем, күз/.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда.
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Кіріспе:
Абай – ақын ер еді,
Абай – дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді.
Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, философ, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халыққа ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, өн-бойына жақсылықты жинауға үндеген. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды жылдар бойы талмастан нұсқаумен болды. Ол жол – ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз, сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды. Енді, ақынның өмірі туралы деректер тыңдайық.
1-топ: Абайдың өмірбаяны. 1-оқушы: -Абай 1845 жылы туып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден өтті. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 2-оқушы: -Абай он-он екі жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүріп, он төрт жасында үш ай орыстың «Приходская школында» орысша білім алды. 3-оқушы: -Осы төрт жылдық медреседегі және үш айлық орыс мектепте-ріндегі оқуы аяқталып, он бес жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлады.
Бейнебаян.
2-топ: Абайдың шығармалары.
Абай он төрт жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
Абай – аудармашы. Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтов пен И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, қазақ тіліне аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз.
«Шегіртке мен құмырсқа» көрініс.
Абай – ойшыл. Абайдың ойшылдығы туралы сөз қозғарда біздің есімізге оның қара сөздері түседі. Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған бірегей туынды. Ақын онда «Жақсы мен жаман» туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың қырық бес қара сөзі бар. Олай болса, сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық. (Үнтаспадан қара сөздерін тыңдау).
«Бала Абай»/ көрініс.
3-топ. Абайдың өлеңдері.
1-оқушы: — Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдыз. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады. Абай – ақын. Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей өңірі, Шыңғыс тауының етегі. Абайдың сезіміне, жүрегіне осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы үлкен әсер етіп, ақындық өнеріне ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік:
Ақбота: «Қыс»
Саян: «Жазғытұры»
Дарина: «Жаз»
Кәрім: «Күз» .
Райхан: «Ғылым таппай мақтанба».
2-оқушы: -Көріп отырғандай, ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
3-топ: Абайдың әндері.
Абай – сазгер.
Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған. • Тәңір қосқан жар едің сен • Сегіз аяқ • Көзімнің қарасы • Қор болды жаным • Бойы бұлғаң • Айттым сәлем, Қаламқас • Біреуден біреу артылса • Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа • Сен мені не етесің? • Ата-анама көз қуаныш • Сүйсіне алмадым сүймедім • Желсіз түнде жарық ай • «Көзімнің қарасы».
-Балалар, Өскемен қаласында Абайға құрмет ретінде қандай істер атқа-рылған ?
-Абай даңғылығы.
-Абайға арнап қойылған ескеркіші бар.
— А.Пушкин кітапханасында Абайдың порталы ашылды.
-Сыныптың кітапхана бұрышы.
-Сонымен қатар, Абайдың мұражайы бар екен. Қазір біз сол мұражайға саяхат жасаймыз. Абай мұражайына саяхат.
-Осы мұражайда Абайдың өзі қолданған тұрмыстық заттары, киімдері, төсек-орындары сақталған.
Қорытынды:
-Барлық ақындардың шығармашылығында ұлы Абай ақынға тән: қара сөздер, өлеңдер, әндер кездесе ме?
-Жоқ,
— Балалар, біз Абай атамызды қазақ халқының бас ақын деп есептейтін себебіміз, Абай тек қана ақын ғана емес, ол халықты адалдыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейтін кейігі ұрпаққа мұра етіп қалдыратын көптеген құнды деректерді қалдырып отыр.
-Балалар, Абай атамызды оқи отырып, қандай жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіре аламыз?
Абай – дара, Абай – кемел, озат та, Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны – даналық боп саналған, Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта. Мыңмен жалғыз алысқан, арыстандай ер еді. Әр ақынды кезеді Абайдың өлең-өзені. Ары таза, иманы мол данышпан, Заман үнін сезе білген алыстан.
-Бүгінгі ұрпақ ғылымға, білімге, өнерге деген ұмтылысы ерекше зор, көзі ашық, өте арынды әрі саналы. Сондықтан да, Абай атамыздың: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.