Home » "Абай 175 жыл" - мектептер » «Абай — біздің Кемеңгер, Ақылпаз, Данышпан»

«Абай — біздің Кемеңгер, Ақылпаз, Данышпан»

Исина Багдад Жакслыковна
Нұр-Султан қаласы
№1 мектеп-лицей
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
жоғары санатты

(7-11 сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыс)

 

Мақсаты: Абай Құнанбаұлы адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан, әлемге ортақ дара тұлға ретінде оқушыларға таныстыру.

 

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев

«Асыл сөзді іздесен,

Абайды оқы, ерінбе»                                                                   С.Торайғыров

 

«Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады»

А. Байтурсынұлы

 

«Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді»

Ғ.Мүсірепов

 

1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2020 жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы – оның ішінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, халық Ассамблеяның құрылығанына- 25 жыл,  халқымыздың данышпан ақыны – Ұлы Абайдың  туғанына 175 жыл толып отыр.

2 жүргізуші: «Қандай қадірлісі еді халықтың Абай! Оның тілімен зарлы, шерлі аналар жылап еді. Саналы ата, ойлы азамат ой таратып еді. Онаң үні мен өрісі бар, үміті бар жас буын жамандықтан жиренгенін, жақсы күнді көксегенін таратып айтып еді. Сол үшін Абай өлген жоқ бүгін»  Мұхтар Әуезов

  1. Абай 1845 жылы 23 тамызда Шыңғыс таулардағы Сырт Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Құнанбай тобықты руының басшысы. Үлкен атасы Ырғызбай, Абылай ханның үзенгі жолдасы болған, Абайды тәрбиелеген әжесі Зере, шешесі Ұлжан.
  2. Абай 1855-1859 жылдар арасында Семей қаласында Ахмет Риза медреседе білім алды. Осы кезде шығыс ақындары – Низами, Науаи, Фирдоусидің шығармаларымен танысады сонымен қатар орыс тілің үйренеді.
  3. Өлең жазуды Абай 12 жасынан бастайды. 14 жасында сықақ өлеңдер жаза бастады.
  4. Семейде Абай Е.П. Михаэлис, демократ Н.И. Долгополов, С.С. Гросс, А. Блек, П. Д. Лобановскиймен танысады. Әсіресе Абай              Е.П. Михаэлисті жоғары бағалайды «Менің дүниеге көзімді ашқан Михаэлис» деп ақын жазады.
  5. Абайдың әдебиетке қосқан үлесі – қазақ әдебиетінің елеулі шығармаларының бірі – оның поэмалары «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі».21. Қара сөздер арабша «Гаклия» — даналық ойлар, нақыл сөз деген мағынаны білдіреді.
  6. 1891 жылдан бастап Абайдың басына ауыртпалық түседі, біріншіден ақынның сүйікті інісі Оспан қайтыс болады. Одан кейін Петербургте оқып жүрген баласы Әбдірахман дүниеден өтеді. 9 жылдан соң Абайдың дарынды ақын баласы Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, ұлы ақын өзі де дүние салады.
  7. Абай ақын, сазгер, ұстаз ғана емес, шебер аудармашы. Ол қазақ поэзиясында аударма өнерінің, соның ішінде дәл аударманың, еркін аударманың нәзира әдісімен жарысудың шебер үлгілерін жасаған.
  8. Орыс ақындары А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударады. «Ақын орыс жазушыларын қатты құрметтейтін. Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармалары ол үшін тек көркемдік шеберлік мектебі ғана емес, өмір мектебі де, эстетикалық кодекс қана емес, этикалық кодексте болды»-  деп жазған     М. Әуезов.
  9. Ол – орыстың классик поэзиясынан А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, А. И. Крыловтың шығармаларын көбірек аударған И. Буниннің, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдерін, И. В. Гете мен Дж. Байронның орыс тіліне аударылған шығармаларын қазақ тіліне аударған ақын. Абайдың 50-ге тарта аудармалары бар.

2 Аудармалары туралы мына кестеден көрейік.

Абай

 

 

Крылов                                          Лермонтов                                Пушкин

 

«Есек пен бұлбұл»

«Аққу, шортан, һәм шаян»

«Қарға мен түлкі»

«Емен мен шілік»

«Шегіртке мен құмырсқа»

«Ал, сенейін, сенейін»

«Көнілім менің қаранғы»

«Өзіңе сенбе, жас ойшыл»

«Тұтқындағы батыр»

«Соққан дауыл сияқты өмір өтер»

«Қараңғы түнде тау қалғып»

«Онегин сипатты»

«Татьянаның Онегинге жазған хаты»

«Онегиннің Татьянаға жауабы»

«Онегин сөзі»

«Ленский сөзінен»

  1. 1995 жылы «Қазақ әдебиетіне» жарияланған филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметов «Абайға жазылған хашия» деген еңбегінде Б. Момышұлының Абай аудармасы туралы жазған пікірлерін ортаға салады.

 

Бауыржан Момышұлы

«Гете – аңғал жас. Бұл өлеңді шығарғанда ол тез әсершіл, албырт, студент сияқты көрінеді. Өлеңде жастықтың әуені, ырғағы, екпіні басым»«Лермонтовта уайымның ұшқыны бар. Өзі жас ақын болғанмен жасы ұлғайған ақындар сияқты секілді көрінеді, Лермонтовтың аудармасы бағынышты емес»«Абай – үлгілейді, көп жоспарлайды, мәңгі тыныштық, жалғыздық туралы сөз етеді. Абай аудармасы шыңдыққа жақын және ол екеуінен де тереңірек ой қозғайды»

 

2 М. Ю. Лермонтовтың шығармаларын көбірек аудару себебі – оның қозғаған мәселелері қазақ ақыны Абайды да ойландыратын. Гетенің «Горные вершины» өлеңін «Қараңғы түнде тау қалғып» деген атпен қазақшаға аударады әрі Гетенің өлеңіне ән шығарады.

  1. Гете өлеңі сыршылдығымен Лермонтовты елтітсе, жарты ғасыр өткен соң қазақ даласының ұлан-байтақ жерінде жұмбақ жұрттың перзенті Абай қазақ тілінде қайта жаңғыртты.
  2. Абай – өзінің көптеген лирикалық өлеңдеріне ән шығарған композитор. Абайдың 50-ге таяу әні бар.
  3. Абай сүйген, Абай қадірлеген сұлулардың бірі әсем Тоғжан еді. Барлық имандылық пен инабаттылықтың, ғашықтықтың белгісінде Тоғжан есімі ұлы Абай жүрегінен көптеген әндер туғызды. / Абай әндері орындалуы мүмкін /

Абай – ұлы ойшыл, философ «Абай адамгершілікті моральды философияда барлық жайдан жоғары қояды» М. Әуезов.

  1. Философ — Абай адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызып, оның басқа құбылыстардан ерекшілігі, ішкі мәнін ашуға тырысады.
  2. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған», — деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы М. Әуезов «Мен Абай тереңнен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз сол тереңнен дәм таттық қой ойлаймыз.

«Өскелен ұрпаққа қалдырған асыл мұра»

  1. «Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалық көп. Абай – қазақтың шебер суретшісі, сұлу сөздің атасы; тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан. Әдебиетке, өлең-жырға бұрыннан орған теріс пікірін жоғалтып, жұрттың ойын тәрбиелеген», дейді М. Әуезов.

1.Ұлттық әдебиетіміздің кемеңгері ақын ұлы Абайдың әдеби шығармашылығы, көрнекті мұрасы – халқымыздың рухани саласындағы аса елеулі қазынасы. Сүйікті елінің жүрегінен орын тауып, туған жерінің тарихына жазылып, мәңгілікте есте қалады.

  1. Құрметті мұғалімдер мен оқушылар. Қатысқандарына шын жүректен алғыс айтамыз.

1 ведущий: Қош, сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.