Home » Абай 175 балабақша » «Абай – дана, Абай – дара қазақта!»

«Абай – дана, Абай – дара қазақта!»

Жунисова Айгуль Изатуллаевна 
Түркістан облысы Төлеби ауданы
Көксәйек ауылындағы
«Жеңіс» жалпы орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
 педагог-модератор

 

Қазақ елінде  бүкіл әлемге үлгі болатын азамат дүниеге келді ол Хәкім Абай болды.    Бір ғана  есімін айтсаңыз бәрі таный кетеді. Ол недеген құдірет десеңізші.  Қазақ халқының тілі не деген керемет Ана  баласын әр түрлі етіп еркелетеді, ботам, қошақаным, алтыным деп, ал  Ұлжан анасы мен Зере  әжесі   Ибраһимды Абай деп еркелететін.  Азан шақырып қойған есімі Құранда   кездесетін пайғамбарлардың есімдерінің бірі.

Бұл есімді қазақ топырағынан қасиетті Меккеге аттанып, қажылық парызын өтеп, сонда «тақия» (қажыларға арналған қонақ үй) салдырған әкесі Құнанбай қойған. Ал Абайды жеңгелері қазақы дәстүр бойынша атын атамай «Телғара» десе, Зере әжесі Абай деп еркелеткен.  Зере әжеміз Ибраһим атты немересін не үшін Абай деп атаған және бұл есім нендей мағыналар береді деген сауалдарға жауап іздеп көрелік. Есімдер мағынасын   мына сайттан

http://bilim-all.kz/esimder/all    қандай мағына білдіретінін білуге болады. Абай есімінің  мағынасы   абайлағыш, байқағыш, ойшыл дегенді білдіреді екен.

«Сүйкімді»  деген сөз  арабша  «Абай»  деген сөзбен пара пар келеді деген мәліметте бар екен.  Абай атамыздың есімі  өмір жолының атауын бастап беріп тұрғандай.

Қазақтың ақ иық ақындарының бірі Сәбит Мұқановтың Абай есімі туралы пікірінде:«Ибраһим – дін кітаптарынан алынған, пайғамбардың аты. Бұл атты баласына жалғыз Құнанбай ғана емес, ислам діні өріс алған кезде көп қазақ қойған. Бірақ бірен-саран араб-парсы тілін білетін кісі болмаса, «Ибраһим» деген атты ешбір қазақ арабша түрінде айтпай, «Ибырайым» немесе «Ыбырай» деп атайды. Абайды өз тұсының ақындары «Ыбырай жас жолбарыс білектенген» (Біржан сал) деп, «Баласы Құнекеңнің Ыбырайым» (Қуанышбай ақын) деп мадақтаған. Ескі ауылда «Құнанбайдың Абайы» дегеннен гөрі «Құнанбайдың Ыбырайы» деген ат көп жайылған.

         Бауыржан Мырзақұлдың   зерттеуіндегі жазбадан үзінді:   «Әкесі Құнанбай қажы азан шықырып қойған Ибраһим есімін қазақ даласында арабша сауаты бар адамдардан бөлек қарапайым халық өз тіліне ыңғайлап «Ыбрайым» деп атаған. Өйткені қазақ тілінің өзіндік дыбысталу заңдылығы құрамында «һ» дыбысы бар араб сөздерін өзгеріске түсіріп, аталған дыбыстан «й» дыбысын жасауға бейім. Мәселен, арабтың «Илаһ», яғни «Илаһым» сөзі тілімізде «лайым» болып айтылатынын біреу білсе, біреу білмейді. Сол секілді «Ибраһим» сөзі де «Ыбрайым» ретінде кең қолданысқа енген. Бұл атау кейіннен «Ыб(ы)рай» болып қысқарған (Ыбырай Алтынсарин, Үкілі Ыбырай).

Сөйтіп «Ыбрай» сөзінің «р» дыбысы шала айтылып, «Ыбай» дегенге жақындаған болса керек. Бәрімізге белгілі, әлем тілдерінің біразында (қытай, француз, ағылшын, т.б.) «р» дыбысы жазылса да жартылай немесе мүлдем оқылмайтын кездері болады. Яғни «р» дыбысының тіл ұшынан шығатынын ескерсек, ауызекі тілде бұл дыбыстың «Ыбрай» сынды сөздерде түсіп қалу иқтималдығы барын көреміз. Жалпы кейбір сөздердегі «р» дыбысының өзгеру, ауызекі айтылымда түсіп қалу мәселесі Б.Сағындықұлының «Қазақ тілінің тарихы» атты еңбегінде айтылады. Мәселен, онда «бір» сөзінің құрамындағы «р» дыбысының тілдің даму эволюциясында өзгерістерге ұшырап, тіпті түсіп қалуын былайша түсіндіреді: бирлан-билан-биан-бен…

Содан жасы келген Зере әженің Ыбрай(ым) немересін «Ыбай-Ыбай» деп еркелетіп, артынан бұл есім Абай деп өзгеруі әбден мүмкін. Сонымен қатар «Ыбрай» сөзіндегі «б» және «й» дауыссыз дыбыстары – «Абай» сөзіндегі «б» мен «й» дауыссыз дыбыстарымен сәйкесіп тұр!»  осыдан Абай есімінің жазбасының   хронология шығады:

Ибраһим – Ыбрайым – Ыбырай – Ыбрай – Ыбай – Абай

Абай атамыздың есімінің кереметтілігі осындай екен. Енді бұл есімді иеленіп   әлемге  қазақ  әдебиетінің   тілінде  жазылған  шығармалар жол тартты.   Абай атамыз   әлемдік әдебиетті оқыды   араб, парсы әдебиетін   орыс ойшылдарынан А.С. Пушкин, М.Ю. Лерментов,  И. А. Крылов, Л.Н. Толстой,  неміс ақындары  Гете т.б. тұлғалардың  шығармаларына сусындап өскен. Жастайынан зерек болғаны, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде білім алғаны тағы бар.

Бір  ғана өлеңнің   шумағының  салмағы том том кітап жазуға арқау болатын асыл мұра.  Абай  атамыздың  көз қарасымен келісетін қауым аз болды.   Ұлы ақын өлеңдерінде шындықпен жырлайды.  Адамгершілік  болмысынан  таймаса екен деп тіледі.  Дүниеге неге келгенін  қайда баратынын түсінгенін қалады. Мына шумақта

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.

Алла жай ғана адамзатты жаратпады оны ананың  махаббатынан да жоғары  сезіммен жаратты. Әр адамға өзінің жаны тәтті өзі үшін қандай уайым жесе дәл солай Алланың махаббатына бөленуді уайым етуді жеткізеді. Бауырын бірінші орынға қоятын қазақ әр бір қазағың сенің бауырың екенін ұғындырады. Ру руға бөленудің ешқандай мағынасы жоқ екенін меңзейді.  Ауызбіршілікке ынтымаққа шақырады. Берекелі мерейлі Ел болса екен деп көксейді. Келешек ұрпағымыз Абай атамыздың өлеңдерінің түпкі мақсатын түсініп, ұран тұтса нұр үстіне нұр болар еді.

Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, хал­қы­мыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлы­лығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асу­ларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»  атты  мақаласында:  «Біз Абайдың «толық адам» тұжыры­мын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеу­лерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келген­де, өмірі­міздің кез келген саласының, мемле­кетті басқару мен білім жүйе­сінің, биз­нес пен отбасы институттары­ның негіз­гі тұғырына айналуы керек деп есеп­теймін.» дейді. Ұлы ақынға жан жаққты тоқталған.  Мәдениеттегі орны туралы әлемдік деңгейдегі рейтингісі жайлы алда болатын  іс шаралардың жоспарымен бөлісті. Тағы бір сөзінде «Мен көп жылғы дипломатиялық қызме­тімде басқа елдердің саясаткер­лерімен, түрлі сала мамандарымен жиі кездестім. Шетелдіктермен адамзатқа ортақ көптеген түйткілді мәселе туралы пікір алмасып, ой бөлістім. Жалпы, олар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктері жөнінде жақсы біледі. Ал рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс емес. Осы орайда «Неге қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы танытпаймыз?», деген сұрақ туындайды. Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.» деп Президентіміз нақты тапсырмамен  меңзеп айтып отыр.

Келешекте  еліміз өзін Абай атамыздың  көксеген мұрат мақсаттарына жете алатын Ел ретінде көрсете алатынына  сенемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.