Home » "Абай 175 жыл" - мектептер » Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді құрметті ұстаздар және білім алушылар!

Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді құрметті ұстаздар және білім алушылар!

Жиенканова Айгерим Еркинбековна
ШҚО Күршім ауданы
Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның
ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-модератор

 

Ақыл-ой ақындықтың киесі-Абай!

Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай!

Адалдық, ар ұяттың данышпаны

«Өлең- сөздің патшасы» иесі Абай!, — демекші бүгінгі өткізгелі отырған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе….» атты тәрбие сағатымызға  Қош келдіңіздер!

Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Ұлы  ақынның өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абай атамыздың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы.

Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық.

Абай Құнанбаевтың  өлеңдері, қара сөздерінен басқа ол кісі ұлы орыс ақыны Крылов Иван Андреевичтың мысалдарын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің  дамуына зор үлес қосқан. Мұхтар Әуезов Абайдың Крыловтан аударған «Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден», «Түлкі мен қарға», «Түлкі мен қарға» атты 5 мысалын ерекше жоғары бағалан. Кейін тікелей өз басшылығымен  әзірленген ақын шығармаларының 1957 жылғы екі томдық толық жинағына енгізген. Оның үстіне бұл мысалдар Абай Құнанбаевтың 1909 жылы Санк- Петербургте жарық көрген тұңғыш жинағы мен Мүрсейіт қолжазбаларында Абай аудармасы деп көрсетілген.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда, сіздерге Абай Құнанбаевтың мысалдарын жатқа оқып, «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсететін боламыз.

Мұхтар Әуезовтың ерекше жоғары бағалаған 5 мысалдарының бірі:

— «Қарға мен түлкі» ортаға   Нұртай мен Шынар.

— «Бақа мен өгіз»     Ернұр мен Еділ.

—  Көрініс  «Шегіртке мен құмырсқа»

  • «Қазаға ұрынған қара шекпен» Мөлдір мен Айжарық.
  • «Қарға мен бүркіт» Санжар.
  • «Піл мен қанден» Мәрмәр.
  • Құрметті оқушылар сіздермен викториналық сұрақтар ойынын ойнасақ деп едік. Қазір сіздерге сұрақ қоямыз кім дұрыс және тез жауап береді сол оқушыға аздаған сыйлығымыз бар. (сұрақтар ақ тақтаға шығып отырады) Сіздерге сәттілік! Балалар енді назарамызды ақ тақтаға бұрсақ және бірінші сұрағымыз…

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?( Көкбай).

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? ( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургте жазған).
  1. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.

( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.

(«Әзімнің әңгімесі».)

  1. Абай Ахмет – Риза медресесінде қай жылдары оқиды? 1855-1858
  2. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп айтқан кім?( Ахмет Байтұрсынов).
  3. … Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы,- деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған?

(Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы)

  1. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
  2. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында)

Бәрекелді! Барлық сұрақтарға дұрыс және тез жауап бердіңдер. Рахмет.

  • «Емен мен шілік» Мейірбек.
  • «Жалау» Бағдана.
  • «Есек пен бұлбұл» Илияс.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем мән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

« Айттым сәлем Қаламқас» орындайтын  Бақберді мен Шынар

Сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғалиева Арай Қинаятқызына береміз.

Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен…

Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абай атамыздың өлеңдерін бойтұмарымыздай  сақтап жүруіміз тиіс.Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай  Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған бүгінгі кешіміз аяқталды.Көңіл қойып, тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.