Home » "Абай 175 жыл" - мектептер » Абай – дара, Абай – дана қазақта!

Абай – дара, Абай – дана қазақта!

Жанабергенова Ләззат Көмірбайқызы
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
Жұмыскер ауылы
Абайй атындағы ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі,
Педагог – модератор

 

Мақсаты:

-Ұлы ақынның 175 жылдығына  орай  ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.

-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру.

-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу

Өтілу  барысы:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Қош келдіңіздер!

Бисмилләһ деп, Алланың атымен, бүгінгі маңызы зор іс-шарамызды бастайық.

Жүрегін шырақ етіп жандырған,

Жырымен жан сусынын қандырған.

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған.

Ерте оянып, ойланып, ержеткен,

Талабын тас қияға өрлеткен.

Құбажон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,

Үнінен әділдіктің лебі ескен –

-Бұл кім болды екен, балалар? (Абай атамыз)

Балалар, дұрыс айтасыңдар, бұл біздің Абай атамыз.

 

Абай – дара, Абай – дана қазақта,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа.
Бар жазғаны даналық боп саналған
Жалғыздардың жалғызы ол қазақта.

Яғни, Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 2020 жылы 175 жыл толып отыр. Бүкіл Қазақстан бойынша өткізіліп жатқан мерейтойға біздің де қосқан үлесіміз болсын деп, бастауыш сыныптар бірлестігінің апталығын ұлы ақынымыз Абай атамызға арнадық. Бүгін осы апталығымыздың қорытынды кешіне тағы да қош келдіңіздер! Бұл кештің ерекшелігі сайыс түрінде өтетіні және де сайысқа ата аналардың да қатысуы болы тұр. Ата аналарға үлкен алғыс айтамыз! Сәттілік!

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй демекші, Абайдың атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін  бәріміз бірге орындайық.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес,
Мені мен менікінің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес,
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артына өлмейтін сөз қалдырған Абай атамыз туралы сөз қозғаймыз.
Оқушылармен Абай туралы білетін, оқыған мәліметтері туралы әңгімелесу.

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті ата аналар!

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?

( Көкбай ).

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
  2. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата. (Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
  3. Абайдың аяқталмаған поэмасы. («Әзім әңгімесі».)
  4. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
  5. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).
  6. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
  7. Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).
  8. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
  9. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)
  10. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

ІІ. Негізгі бөлім:

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

Оқушылар   Абайдың  төрт жыл мезгілдеріне шығарған өлеңдерін оқиды.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге, — деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқан екен.

Ендігі кезекті , Мәнерлеп оқу сайысына берейік. Сайыс болған соң төрелік жасап,жеңімпазды анықтап беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1.Әділқазылар сайлап,таныстыру.

2.Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырып,таныстыру.

3.Жеребе таңдату.

4.Сайысты бастау.

Парасатты болып туған, Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған, Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған, Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,Бүкіл әлем Абайы!

Ұлы ақын Абай атамызға арналған сайыстың келесі бөлімі

«Үй тапсырмасы» деп берілген болатын.

Олай болса, үй тапсырмасын тексерейік.

Ортаға …
ІІІ. Қорытынды бөлім

Әділқазылар қорытынды шығарып,жеңімпаздарды анықтағанша, Сергіту сәтін жасайық. Қане, кім Абай атамызға тартқан ақын екен, тапқырлығымызды, ақындығымызды көрсетейік.

1.Өлеңнің соңғы шумақтарын құрастыруға тапсырмалар.

  1. Марапаттау.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Сондықтан, балалар, Абайдың өзі айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ» деген тілекпен,біз Абай атаны жадымызда ұстайық үнемі оқып жүрейік. Бүгінгі іс шараға келген, атсалысқан, қатысқан баршаңызға үлкен алғысымызды айтамыз! Келесі кездескенше, аман есен болайық! Раххмееет! Сау болыңыздар!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.