Дадашева Дельфуза Рысбекқызы
Түркістан облысы,
Төлеби ауданы, Тасарық ауылы
Тоқполат Тоғысбаев атындағы
жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтің мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу
мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Сайыс барысында оқушылар командалық І,ІІ,ІІ орын үшін және жекелей «Үздік ізденімпаз», «Көркем сөз оқудың шебері», «Қара сөз оқудың шебері», «Көркем сөз шебері» номинациялары үшін сарапқа түсетін болады.
Сайыстың барысы: Интерактивті тақтадан абайдың өмір шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіледі.Бейне баян аяқталған соң сахнаға жүргізушілер шығады.
1жүргізуші: Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын!
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар қазағы бар Абайдың!
2жүргізуші: Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса, айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығамын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
1жүргізуші: Дара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін!
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін!?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!
2жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және әділқазылар! Ұлы ақын, дана ел қамқоры бола білген Абай атамыздың өмір шығармашылығына арналған «Абай мұраларын ұлықтайық» атты мектепішілік Абай оқуларына қош келдіңіздер
1-жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы — мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап, адымдап келеді.Құрметті ұстаздар, қонақтар және Абай өлеңін жантәнімен, ыстық
жүректерімен сүйетін сайысқа қатысушылар! Бүгін ерекше күн. Себебі, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың жырлары мен қарасөздері оқылады, Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығына арнаған шығармашылық өлеңдері мен таныстырылымдарын ортаға салатын болады.
2-жүргізуші: Және де бүгінгі байқаудың ерекшелігі сайыс төрт кезең бойынша команда арасында өтетін болады.
Ендеше бүгінгі сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
- Мектеп директоры Мәлікайдаров Серғали Өмірзақұлы
2.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлімбекова Раушан
3.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шарафудинов Ролан
4.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кенжеғараева Нұргүл
5.Тарих пәнінің мұғалімі: Қожабекова Үрзада
1-жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған, жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,
Енді бүгінгі мектепішілік Абай оқуларына сайысқа түскелі келген жас ақындарымызды, сөз шеберлерін жас ізденімпаздар мен қара сөз оқушы шеберлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Енді сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 4 кезең бойынша өтетін болады.
І кезең «Абай – дана, Абай дара қазақта» (Жас ізденімпаздар) сайысы. Бұл кезеңде оқушылар Абай Құнанбайұлының өмір-шығармашылығына арналған презентациялық таныстырылым арқылы шағын баяндама қорғайды. Бұл кезең бойынша әр сыныптан бір оқушы қатысады.
ІІ кезең «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу сайысы) Бұл кезең бойынша әр сыныптан үш оқушы қатысады.
ІІІ кезең «Абайдың қарасөздері» (Абайдың қарасөздерін жатқа айту сайысы) Бұл кезең бойынша әр сыныптан екі оқушы қатысады.
ІҮ кезең «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Абай атаға арнау сайысы) Оқушылар Абай аталарына арнаған өз өлеңдерін жатқа оқиды. Бұл кезең бойынша әр сыныптан үш оқушы қатысады.
1-жүргізуші: Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Ендеше Абай Құнанбайұлының өмір шығармашылығына арналған презентациялық таныстырылым жасайтын «Абай – дана, Абай –дара қазақта!» деп аталатын І кезеңді бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырайық
Сайыскерлеріміздің І кезең бойынша ұпайларын білейік.
2 — жүргізуші: Өлеңсөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Тептегіс, жұмыр келсін айналасы, дей отырып, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталатын ІІ кезеңімізді бастаймыз. ІІ кезең бойынша сайыскерлеріміздің ұпайларын білсек.
1-жүргізуші: Абай атамыздың көркемдік, әлеуметтікгуманистік және дінге көзқарастары терең білінген – қара сөздері. Олар жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналған.
2-жүргізуші: Абай атамыздың 45 қара сөзі бар. Олар орыс, қытай, француз тағы да басқа көптеген тілдерге аударылған. Ендеше Абай атамыздың қара сөздерін тыңдайтын сәт те келіп жетті. Олай болса, «Абайдың қара сөздері» деп аталатын ІІІ кезеңімізді бастаймыз.
1-жүргізуші: Абай!
Поэзия әлеміне самғадың,
Әділетті көксеуден еш талмадың.
Ақындардың көшбасшысы атанып
Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.
2-жүргізуші: Абай!
Өзің едің өлең-жырдың тарланы,
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым
Қолдасын деп Абай ата аруағы.
1-жүргізуші: Абай!
Бір өзіңе жыр арнаудан танбайды,
Жас ақындар өнеріңді жалғайды.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді
Жауһар жырмен мүсініңді сомдайды – деп келесі кезекті Абай аталарына арнап жазған өлеңдерін оқу үшін жас ақындарымызға ұсынамыз. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталатын ІҮ кезеңімізді бастаймыз.
2-жүргізуші: Абай!
Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың
Шымырлаған шуақ болып тарайды.
1-жүргізуші:Өлең, жырдың көктеткен боз тақырын,
Анық басып, жүрдің байқап ақырын.
Қазақ бүгін көтереді көгіне.,
Халық үшін қан жылаған ақынын. Дей отырып байқауға қатысушы командалар хормен «Көзімнің қарасы» әнін барлығы орындайды.
Сайыс қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі қазақ тілі мен әдебиеті пән әдіс бірлестігінің жетекшісі Кенжеғараева Нұргүл Есенбекқызына беріледі.
Марапаттарды табыстау үшін сөз кезегі мектеп директоры Мәлікайдаров Серғали Өмірзақұлына ұсынылады.