Нұр-Сұлтан қаласы
№31 «Ақ сұңқар» балабақша
тәрбиешісі: Шумекеева Жанагуль Сагидуллаевна
Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға арналған
«Жолда абайла, балақай!» қалалық «Брейн-ринг» сайысы ұйымдастырылды.
Бағдарламаның мазмұны:
1.Жолда жүру ережелері, көліктің түрлері, жол белгілері, өтпенің түрлері
және бағдаршамның дабылдары бойынша білімдерін бекіту.
- Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтуіне балабақшалардың үлес қосуы.
- Жолда жүру ережесі бойынша білімдерін бекіту.
- Көшеде жүру барысында жол ережелерін сақтау туралы икемдерін бекіту.
- Сақтық, абайлампаздық назарларын дамыту және жетілдіру.
- Кез-келген жағдайда қауіпсіздікті сақтай білу, қоғамдық көлікте тәртіп сақтай білуге тәрбиелеу.
Сайыстың өткізілу тәртібі:
1.«Армысың балақай!» музыкалық қолдаумен топтың атын, девезін қорғау немесе Абай Құнанбаевтың кез-келген тақырыптағы өлең жолдарын оқу.
- «Білгіштер отанында» жол жүру ережесі, жол белгілері тақырыбына байланысты сұрақ-жауап виктаринасы, тақпақтар, жұмбақтар сайысы.
- «Сен білесің бе?» сайысы жол белгілерін білу.
- «Кім мықты?» түрлі жағдаяттар шешу сайысы.
- Сайыстың қортындысын анықтау.
Қатысушы балабақшалар ортаға шығып өз өнерлерін және білімдерін паш етті.
1.«Армысың балақай!» сайысы бойынша топ командирі: Шархан Арнұр
Біздің топ: «Жас ұлан»
Біздің ұранымыз: (Абай Құнанбаев атамыздың өлең шумақтары.)
Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге
Тетінін тап та бар қалан!
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықпен анық басқан біз жас ұлан!
Шархан Арнұр Курмангалиев Адиль
Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Тастан түлкі табылар аңдығанға. Пайдасын көре тұра тексермедім.
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет Ержеткен соң түспеді уысыма,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
2.«Білгіштер отанында»
Тақпақтар: Балташ Ақерке Құдайбергенов Мансур
Жүргізуші біткен бүгінде, Мансур деген баламын
Жол тәртібін біледі. Мектепке енді барамын.
Бағдаршамның түбінде Жүруді де үйрендім,
Ережемен жүреді. Көшесінде қаланың.
- «Сен білесің бе?»
Жол белгілері және көліктер туралы жұмбақтар (дұрыс жауабын слайдтан көру)
Ала таяқ ұстаған Терезесі көп оның Бір көзі «кідір» дейді,
Жол тәртібін нұсқаған. Іші жанға толы оның. Бір көзі «жүгір» дейді.
Өміріңді күзеткен Тоқтамайды жүреді Бір көзі «абайла»дейді,
Ысқырығы күшті адам. Барар жолын біледі. Қарап ал, маңайға дейді.
(автоинспекция қызметкері) (автобус) (бағдаршам)
4.«Кім мықты?» сайысында слайдтан көрсетілген түрлі жағдаяттарды шешіп, дұрыс бұрысын тауып айта білді.
5.Сайыстың қортындысы: қатысқан балабақшалардың ұпай сандарын есептеп, киім үлгілерінің талапқа сай тігілгенін ескере отырып, әділ қазылар алқасы шешім шығарды.
Балалар жол-көлік травматизмінің алдын алуға бағытталған брейн-ринг сайысында І-ші орынға ие болған үшін Нұр-Сұлтан қаласының №31 «Ақ сұңқар» балабақшасы марапатталады.
Қатысушы балалар: Шархан Арнұр, Балташ Ақерке, Курмангалиев Адиль, Азаматқызы Инкар, Құдайбергенов Мансур.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті балалар жол-көлік травматизмінің алдын алу мақсатында өткізілген «Брейн-ринг» сайысына балаларды дайындағаны үшін №31 «Ақ сұңқар» балабақшасының тәрбиешілері: Топ тәрбиешісі: Шумекеева Жанагуль Сагидуллаевна, Абенова Марина және музыка жетекшісі: Қаламқас Чазлизовна алғыс хаттармен марапатталды.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы балаларға сый-сияпаттарын ұсынды