Токмурзина Сайран Куанышбаевна
Нұр-Сұлтан қаласындағы №1”Байтерек”
бала-бақшасының тәрбиешісі.
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: Абай — дана, Абай – дара қазақта
Мақсаты: Балаларға Абай өлеңдерін және қара сөздерін меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, флипчарт,
Барысы:
«Желсіз түнде жарық ай» бейнежазбасын тамашалау.
-Балалар, бейнежазбадан не көрдіңдер?
-Ән қалай аталады?
-Бұл әнді кім жазды?
-Дұрыс айтасыңдар. Бұл ән Абай атамыздың әні.
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі : «Абай – дана, Абай – дара қазақта»
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы, — деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлаған Абай кім?
Айзере :Абай ата қазағымның тірегі
Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.
Төгетұғын сәулесі мен шуағын,
Маңдайдағы жарқыраған күн еді.
Тәрбиеші:
Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі сөздеріне, шолу жасаймыз.
Алмат:Абай Құнанбаев- қазақ халқының кемеңгері. Дана ақын – Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі – Зере.
Жұлдыз: Жүрегім шырақ етіп жандырған кім,
Жырымен жан сусынын қандырған кім.
Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім.
Алан: Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім,
Талабын тас қияға өрлеткен кім.
Құбажон, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім.
Сәуле: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім,
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім.
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім.
Бәрі:- Ол Абай Құнанбаев — ұлттың мәңгі ұйтқысы.
Тәрбиеші : Абай жас кезінен әңгімеге, өлеңге әуес болды. Ертегі, аңыздарды да зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың Абай үшін маңызы зор болды.
Айым:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Болат: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң,арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар.
Қашқанға да қуғанға
Әділет, шапқан кімде бар.
Сол жарасар туғанға.
Ән: «Көзімнің қарасы»
Тәрбиеші : Абай атамыз орыс халқының классик ақындарының шығармаларын аударған.Пушкиннен «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып» Лермонтовтан аударған, ол неміс халқының классигі Гетеден аударған.