Home » Абай 175 балабақша » «Абай – дана, Абай – дара қазақта»

«Абай – дана, Абай – дара қазақта»

Нуртазина Зиягул Амантайқызы
Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы,
Ақжайық ауылы
«Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі

(Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 3-5 жас балалар арасында мәнерлеп оқу сайысы)

        

Мақсаты: Бөбекжайішілік бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу                                            сайысын өткізе отырып, Ұлы кемеңгер, дана ағартушы,  лирик ақын                   Абай атамыз  туралы түсініктерін кеңейту. Бөбекжай тәрбиеленушілерінің коммуниктивтік белсенділіктерін анықтау. Көркем сөйлеу, мәнерлеп оқу шығармашылығын дамыту. Патриоттық тәрбие  беру.

Шара барысы: («Ата толғау» күйі ойналып тұрады)

Жүргізуші: Армысыздар, әріптестер, қонақтар, балалар! Бүгінгі  біздің                            «Абай – дана, Абай – дара қазақта »  атты  мәнерлеп оқу сайысына  қош  келдіңіздер!

Біреулерге болғанымен айдала,

Басын иіп тәу етеді бар дана.

Ұлы Абайды дүниеге әкелген,

Құдіретіңнен айналайын, сардала.

– Балалар, білесіздер ме, әрбір жас ұрпақ, әр қазақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді. Қазақтың  дара, ойшыл, данышпан, әлемге қазақты халқын танытқан ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай айтулы  мерекелер ұйымдастырылуда. Осы ретте біз де бөбекжайымызда мәнерлеп оқу сайысын  өткізуді ұйғардық. Ендеше сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық!

Кел, балалар, ортаға,

Төрлетіңдер, келіңдер!

Бір-біріңе еріңдер,

Білімінді тексеріп,

Сайысқа қатысып көріңдер! Өлеңдерін мәнерлеп оқуға дайын  өнерпаздарды  қарсы алыңыздар!

Сайыскерлер:        

 «Қарлығаш» ортаңғы  тобы:                                                                          

  1. Зинолла Зере
  2. Кәкімжан Ернар

   «Шағала» ересек тобы: 

  1. Байжан Айнара
  2. Маусингалиев Амирлан
  3. Ерболатова Айлана

«Балдәурен» МАД тобы:

  1. Сәбит Ақберен
  2. Орынғали Розалина

Уақытты  көп  созбай сайысымызды  бастайық, ең  әуелі әділқазылармен  танысып  алайық.

Тыңдап  баға  беруге,

Шақырайық  төрге.

Әділқазы алқасы,

Бағасын берер сізге.

Әділқазылар алқасының төрайымы: Бөбекжайымыздың директоры

Арыстанова Салтанат Мұратқызы.

Мүшелері:  Бөбекжай әдіскері Есмакова Толқын Жұмасейтқызы,

бөбекжай психологы Гайнуллиева Жұпар Қуанқызы,

бөбекжайдың «Оқу ісін жетілдіру»  бірлестігінен Саримова

 

Бибігүл Рахметоллақызы

Жүргізуші:

Абай атам – данышпан, ұлы ақын,

Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.

Елін, жерін, Отанын әнге қосып,

Өлеңімен жырлаған халқын жақын, – дей келе, Абай Құнабайұлының

шығармаларымен бөлісуге келіп тұрған өнерпаздарымызды көп күттіртмейік.

Балалар, ортаға  бір-бірлеп шығып, қоржыннан асық таңдап алыңыздар. Сайысты кім бірінші болып бастайтынын анықтаймыз, мархаббат!

Сайыс кезеңдері:

І «Абай – дана, Абай – дара!» (мәнерлеп оқу)

ІІ «Ән – көңілдің ажары» (ән айту)

ІІІ «Қара сөз – маржан сөз» (мағынасын ашу)

Ән: «Балдырғандар» (Елжанов Рафхат)

Жүргізуші:

Ата сөзі – қазақтың бойтұмары,

Оқысаң ашылады ой тұманы.

Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,

Жырларында жанашыр ой тұрады.

Қазаққа бөлек екен Абай орны,

Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.

Өнер-білім, ғылымды қадірлеумен,

Қазақ елін ақиқат жолға  қойды.

Сайыскерлер  алды-артын  аңдасын,

Айтылмаған өлеңдері  қалмасын.

Сайысымыздың бірінші бөлімінде,

Мәнерлеп оқу  қабілеттері  шыңдалсын.

    1-кезең «Абай – дана, Абай – дара!». Сайыскерлер өздері жаттап келген тақпақтарды (А.Құнанбайұлының өлеңдерін) мәнерлеп оқиды.

«Қарлығаш» ортаңғы  тобынан:

«Ғылым таппай мақтанба» (Зинолла Зере)

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» (Кәкімжан Ернар)

«Шағала»  ересек тобынан:

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Байжан Айнара)

«Құлақтан кіріп бойды алар» (Маусингалиев Амирлан)

«Жазғытұры» (Ерболатова Айлана)

«Балдәурен» МАД тобынан:

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Сәбит Ақберен)

«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» (Орынғали Розалина)

Би: «Асатаяқ» (ортаңғы «Шағала» тобы қыздары)

Жүргізуші: Екінші кезеңде өнерпаздарымыз әсем ән шырқайтын болады.

2-кезең «Ән – көңілдің ажары»

Сайыскерлер Абай ақынның әндерін шырқайды

Әндері: 

«Желсіз түнде жарық ай!»

«Әсемпаз болма әрнеге!»

«Айттым сәлем, Қаламқас!»

«Қараңғы түнде тау қалғып!»

«Ата-анаға көз қуаныш!»

«Көзімнің қарасы!»

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа!»

Жүргізуші:

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне,

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп сайысымызды жалғастырамыз.

3-кезең «Қара сөз – маржан сөз»

Бұл кезеңде қатысушылар ақынның қара сөздерінің мағынасын ашып, түсіндіреді.

Қара сөздер: 1. Алтыншы сөзі (бірлік бар жерде тірлік бар)

  1. Сегізінші  сөзі (надандыққа, мақтаншақтыққа жол берме)                    
  2.   Он бірінші сөзі (ілім-білімге ұмтылуды мақсат ет дейді)
  3.   Он жетінші сөзі (қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады)
  4. Отыз алтыншы сөзі (адамгершілік туралы )
  5. Он тоғызыншы сөзі (есті, жақсы дүниелерге ұмтылу жайлы)
  6. Отызыншы сөзі (ұят,әдеп туралы)

Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен  ұғатын, – деп кезекті әділқазыларға берейік, сайыстың шешімін  жария етсін.

Би «Батырлар» (ересек «Балдәурен» тобының ұлдары)

Жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді  аяп қалды,

Осыменен сайысымыз аяқталды, – дей келе, мерекелік шарамызды Абай атамыздың әсем әнімен аяқтаймыз.

Ән «Әсемпаз болма әрнеге!»

Қорытынды: Марапаттау (1, 2, 3-орындар және «Тапқыр балдырған», «Шебер орындаушы», «Көрермен көзайымы», «Бал тілді балдырған» номинациялары) 

Күтілетін нәтиже:

-Сайысқа қатысуы арқылы  балалардың көңіл-күйлері көтеріледі, жауапкершілікті сезінулері  жетіле түседі;

— Балалардың Абай Құнанбайұлы туралы білімдері  дами түседі;

-Балалардың танымдылық,шығармашылық,коммуникативтік құзіреттіліктері анықталып, патриоттыққа тәрбиеленеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.