Құрманова Ақерке Жаныбековна
Нур-Султан қаласындағы
Қазақстан Республикасы Президенттік
Іс Басқармасы Медициналық Орталығы
«Қарлығаш » балабақшасының
Республикалық Мемлекеттік
Кәсіпорынының тәрбиешісі
Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, сурет салу
Тақырыбы: «Дана -Абай».
Мақсаты: Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту, ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлең — жырларын, дұрыс түсіне білуге бір — бірінен ерекшеліктерін айыра білуге баулу, өлеңдерінен балаларға адамгершілік, адалдық, достық, еңбекті сүюге, жалқаулықтан аулақ болуға , отанды және елді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: күз, жазғытұры, қыстыгүні, соқыр мылқау, көкорай.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: көрсету, айту, түсіндіру.
Көрнекіліктер: көрсету, айту, түсіндіру.
Тәрбиеші: Қайылы күн!
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар!
Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Ал балалар, мен сендерді көңілді шаттық шеңберіне шақырамын!
І. Мотивациялық-қозғаушылық туғызу кезеңі
Шаттық шеңбері:
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
ІІ. Ұйымдастырушылық –ізденістік кезеңі
Қайталау жұмысы.
Жыл мезгілдері, ай аттары.
-Балалар қазір қай ай? (шілде)
Жаз мезгілінде қандай құбылыстар болады?
-Дұрыс айтасыңдар.
Балалар мен сендерге өлең оқимын кімнің өлеңі екенін табыңдаршы. Мұқият тыңдаймыз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
– Балалар, бұл кімнің өлеңі?
– Абай атаның өлеңі
– Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Абай атаны көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: – Абай атамыз менің жерлесім, туған күні де маған ұқсас. Мен әрқашанда Абай атамыздың өлеңін ,әнін айтып, қара сөзін айтып мақтанып жүремін. Атамыз Семейдің Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген. Әкесінің аты Құнанбай. Шешесінің аты Ұлжан. Абай атамыз артына ойлы да, мәнді өлеңдерімен бірге қара сөздерімен де өшпестей із қалдырған. Енді Абай атамыздың қара сөздерін еске түсірейікші.
Айзере : Жас бала анадан екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем, көрсем, естісем, үйренсем деп тұрады.
Әмина: Адам үш нәрседен қашу керек:
Біріншісі надандық,
Екіншісі еріншектік
Үшіншісі залымдық.
Шахрезада: Егер ақылды болғың келсе күніне бір рет немесе жұмада бір өзіңнен өзің есеп ал
Алинұр: Сәл нәрсені көңілге бекіту керек.
Кеселді нәрселерден қашық болу керек.
Сұлтан : Адам ата — анадан туғанда есті болмайды, естіп — көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы — жаманды таниды.
Тәрбиеші: Міне, көрдіңдерме, Абай атамыз не жақсы, не жаман екенін көрсетіп берді. Біз атамыздың өсиетін орындап жүруіміз керек.
Тәрбиеші: Біздің Республикамызда қандай ұлттар мекендейді?
Олар біздің елде қалай өмір сүріп отыр?
Султана: Қазақ, орыс, өзбек, азербайжан, украин, беларус, латыш.
Олар тату, дос. Бір — бірінің тілін, дінін құрметтейді.
Тәрбиеші: Абай атамыз оны да бізге үйретіп кетті.
Тату ел — берекелі ел, көрікті де сұлу өлке болады. Өнімдері мол бай мемлекет болады деді.
Ол жайлы атамыз не айтты?
Айлин : Берекелі болса ел,
Жағасы жайлау ол бір көл,
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Тәрбиеші: Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: 4 мезгіл. Қыс, көктем, жаз, күз.
– Өте жақсы, Абай ата осы төрт мезгілге арнап тамаша өлең жазған. Бұл өлеңдерінде табиғаттың әсем, сұлу көрінісі бейнеленген.
– Қане, осы өлеңдерін есімізге түсіріп жіберейік.
Жыл мезгілдері:
Қыс — құнар береді
Көктем — дән себеді
Жаз — бастап өсірсе
Күз — жинап береді
Таймас: Маған Абай атаның қыс туралы өлеңі ұнайды. Айнала аппақ қар, сырғанап ойнаймыз. Су қатып мұз болады.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті — басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Тауман: Маған Абай атаның көктем туралы өлеңі ұнайды. Көктемде жер көктеп, бәйшешектер гүлдейді. Күн қызып, көбелектер ұша бастайды.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан — жануар адамзат анталаса
Ата — анадай елжірер күннің көзі.
Абылай: Маған Абай атаның жаз туралы өлеңі ұнайды. Жазда күн жылынып жемістер піседі. Құстар ән салып ағаштарға қонады.
Жазды күні шілде болғанда
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Маруа: Маған Абай атаның күз туралы өлеңі ұнайды. Күзде жапырақтар сарғаяды, күн салқындайды. Жеміс — жидек, көкөністер піседі.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан
Ал, балалар, тіл ұстарту жаттығуымызды айтып еске түсірейік:
Үз,- үз -үз ,
Жыл мезгілі-күз.
Ыс ,-ыс,- ыс,
Келіп қалды қыс.
Аз, -аз,- аз,
Жетті міне жаз.
Сөздік жұмыс: күз, жазғытұры, жазғытұрым, соқыр мылқау,қыстыкүні.
Сергіту сәті « Жаңбыр жауды тық- тық » атты әуенді бейнеролик
Д/ойын: «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?» (балалардың іс-әрекеттері әр -түрлі суреттерді көрсету арқылы)
Мына суретте қате бар ,соны табу керек.(суретпен жұмыс)
Жарайсыңдар ,балалар!Енді мен сендерге өлең оқимын.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзінде өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда-бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз,көкек.
Балалар қалай ойлайсыңдар, осы өлеңде не туралы айтылған? (Жаз )
Дұрыс айтасыңдар, ендеше «триз «элементтерін қолдана отырып, суретті аяқтайсыңдар.
Суретті салмастан бұрын саусағымызды жаттықтырып алайық
Саусақ жаттығу бейнеролигин көрсету.
Сурет.
Жаз суретін «триз «элементтері арқылы бейнероликтен көрсету.
Ендеше балалар,қәзір бәріміз өзіміздің жақсы көретін жаз бейнесін салайық.
(Бейнероликтен шығармашылық жұмыстың жасалу жолдарын мұқият көрсету)
Міне балалар, біз бүгін Дана -Абай атамыздың өмірбаянымен, өлең шумақтарымен таныстық.
-Балалар қалай ойлайсыңдар, сендеге Абай атамыздың өлеңдері ұнады ма?
Қандай өлеңдері бар екен атап беріңдерші?
— Жаз, күз, қыс,көктем.
-Дұрыс айтасыңдар.
Абай атамыздың тағы да қандай қара сөздерін еске түсіріп жібереиікші.
Айсұлтан : Жас бала анадан екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем, көрсем, естісем, үйренсем деп тұрады.
Серәлі: Адам үш нәрседен қашу керек:
Біріншісі надандық,
Екіншісі еріншектік
Үшіншісі залымдық.
Әмірхан: Егер ақылды болғың келсе күніне бір рет немесе жұмада бір өзіңнен өзің есеп ал
Маруа: Сәл нәрсені көңілге бекіту керек.
Кеселді нәрселерден қашық болу керек.
Айзере : Адам ата — анадан туғанда есті болмайды, естіп — көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы — жаманды таниды.
Өте дұрыс айтасыңдар, балалар!
Тіл ұстарту жаттығуларын тағы да қайталап жібереиікші.
Үз,- үз -үз ,
Жыл мезгілі-күз.
Ыс ,-ыс,- ыс,
Келіп қалды қыс.
Аз, -аз,- аз,
Жетті міне жаз.
Үйге тапсырма:
—Абай атамыздың өлеңін жатқа айту.
-жаз бейнесін «триз» элементтерін қолдана отырып , суретті аяқтау.