Home » Абай 175 балабақша » Абай Құнанбайұлының «Жаз», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері

Абай Құнанбайұлының «Жаз», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері

 Абдыкасимова Үлпан Ділбековна
Тараз қаласындағы МКҚК
№42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының
қазақ тілі пәні жетекшісі

 

(А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілген ашық сабақ)

 

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: көркем әдебиет
Тақырыбы: авторы: Абай Құнанбайұлының «Жаз», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды Абай өлеңдері арқылы ғылым-білімге баулу, жаз мезгілі  туралы білімдерін тиянақтау, өмірде өз орнын табуға жол сілтеу;
Дамытушылығы: Өз ойларын ашық айтып, сыни ойлау,  сөздік  қорын, тіл байлығын дамыту;
Тәрбиелігі: Ғылым-білімге, табиғат пен адамзатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Қолданылатын  көрнекіліктер: Орыс тілді топ тәрбиешілерінің Абай өлеңдерін оқыған видеолары, Абай өлеңі бойынша балалардың дайындаған көрінісі

Қос тілділік компонент: жаз — лето, күн — солнце, кірпіш — кирпич,  ғылым — наука, білім — знание
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:
— Қайырлы таң балалар! Балалар, бүгін бізге ерекше күн! Барлығымыз қонақтармен амандасып алайы. Ендеше сендерді  Баймуратова  Айзеренің орындауындағы  көріністі тамашалауға шақырамын.
Айзере:

Әсемпаз болма әрнеге

 

 

                     Абай Құнанбайұлы

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де – бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға

(Тәрбиеленуші ақырын орнына отырады)

Балалар, бұл өлеңді қалай түсінесіңдер?  Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін естідіңдер ме? Міне, тәрбиешілер сендерге осы өлеңді оқып береді. (Экранда тәрбиешілердің орындауындағы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі көрсетіледі)
Өткенді қайталау:
— Жылдың неше мезгілі бар?
Балалар: 4 мезгіл бар.
— Жарайсыңдар, балалар!
— Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
— Көктем мезгілінің ауа — райында қандай ерекшеліктерін білеміз?
Балалар: құстар оралады, қар ериді, гүлдер бүршік атады.
— Балалар, жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар: ыссы болады.
Ендеше, осы жаз мезгілі туралы білгілерің келе ме?
Балалар: Иә.
Бейне сюжет
— Балалар, қане барлығымыз мына бейне сюжет арқылы Абай Құнанбаев атамыздың «Жаз» өлеңімен танысайық.
Сөздік жұмыс:
— Балалар, жаңағы Абай атамыздың өлеңін дұрыстап құлақ салып тыңдадық па? Өлеңнің ішінде «Ұзарып», «Күркіреп» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Тәрбиеші әр сөзге тоқталып оның мағынасын ашып, түсіндіріп өтеді. Сөздерді балаларға қайталатады.
Қорытынды:
Тәрбиеші видео арқылы бүгінгі сабақта не туралы білгендерін, ненің ерекше есте қалғандарын сұрап тексереді.
Балалар білімін қорытындылап, жақсы қатысқандары үшін мадақтап, оқу іс-әрекетін аяқтайды. Қонақтармен қоштасады.
— Сау болыңдар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.