Home » Балабақша » Біз Отанымыздың Ұландарымыз

Біз Отанымыздың Ұландарымыз

Бельгибаева Гульнар Айтбаевна
КМҚК «№57 бөбекжай-балабақшасының»
меңгерушісі

Біз Отанымыздың Ұландарымыз

Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат — күші құрыш мығым,
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын-деп жырлаған ақын-бабаларымыздың ұлы сөздерін өсиет қыла отырып, рухты, саналы, өз елін, жерін қорғайтын патриотты ұрпақ тәрбиелеу біздің мақсатымыз.

«7-мамыр Отан қорғаушылар» күні мерекесіне орай ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілерінің арасында «Біз Отанымыздың Ұландарымыз» атты жарыс ұйымдастырылды.

Жарыста тәрбиеленушілер;

1.«Елім деп мен ән саламын» атты ән, хор байқауы;

2.«Өлең, жырым отанға арналады» тақпақ айту жарысы

3«Біз Отанымыздың Ұландарымыз» шеру жасау (бұл бөлімде балалардың мерекеге сай киінуі, өздерін ұстауы, ептіліктері, қозғалыстарының бірегейлігі есепке алынды)  атты үш бөліммен өнерлерін көрсетті.

Балалардың дайындаған өнерін тамашалап, өз бағасын беру мақсатында жарысқа Әуезов ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, майор Рауан Дәуренұлын шақырдық.

Әр топтың балалары жарыс ережесіне сәйкес өз өнерлері арқылы  өздерінің жауапкершіліктері мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді.

Тәрбиеленушілердің дайындықтарын тамашалап, жоғары  бағалаған балабақшаның меңгерушісі Бельгибаева Гульнар Айтбайқызы мен майор Рауан Дәуренұлы жас ұландардың  айтқан әні мен тақпақтарына және жасаған шерулеріне өздерінің ыстық ықыластарын арнап, жарысқа тәрбиеленушілерді даярлап, белсенділік танытқан тәрбиешілеріміз Шайкенова Гаухар, Омарова Гульмира, Омарова Гульнур, Мунаждинова Шахминя, Каскаева Салтанат, Молдабекова Гаухар, Бухарбекова Даулетхан, Әлібек Гүлзия, Беккулова Салтанат, Джуманова Нуржамал және музыка жетекшілері Қыдырмуратова Айнамкөз, Жалгашова Мадиналарға алғыс айтып, марапаттады.

   
   
Осы іс-шара арқылы  балалардың мерекені сезіне отырып, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін арттыра білдік.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.