Home » Балабақша » КМҚК «№72  бөбекжай-балабақшасында» шығармашылық байқау өтті

КМҚК «№72  бөбекжай-балабақшасында» шығармашылық байқау өтті

Алматы қаласы білім басқармасына қарасты КМҚК «№72 бөбекжай -балабақшасында» 1 мамыр халықтар достығы мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында»  тақырыбында шығармашылық байқау  өтті.

Қазақстан түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан киелі мекен, бүгінде бұл киелі шаңырақ астында 130 дан астам ұлттар тату-тәтті ғұмыр кешуде. Әр ұлт өз дінін, мәдениетін салт-дәстүрін сақтап бақытты да баянды өмір сүріп келеді. Бүгінгі шығармашылық байқау барысында бүлдіршіндер көпұлтты мемлекетте тұратын әр ұлттың өнерін көрермен назарына ұсынды.

Мерекелік іс-шараның шымылдығы аталмыш балабақша меңгерушісі Жолдасбекова Айнура Тынышбекқызының құттықтау сөзімен ашылды.

— «Қазақстан деген Ұлы мекенде бәріміз, яғни көптеген ұлттар болып өмір сүріп жатырмыз. Бірлігіміз жарасып, тату бақытты болып жүргеніміз ел бірлігінің арқасы. Бір біріміздің салтымызды, өнерімізді құрметтейміз. Бүгінгі өтіп жатқана өнер байқауында кішкентай ғана тәрбиеленушіліріміз көптеген мағлұмат алады және әр ұлттың өнерімен мәдениетін бойларына сіңіреді деп ойлаймын. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде одан әрі қарай да бақытты өмір сүрейік. Мереке құтты болсын!» — деді, Айнура Тынышбекқызы.

Бірінші болып киелі сахна төріне балабақша тәрбиеленушілерінен құрылған «Гүлдер» аспаптық ансамбілі өнер көрсетті. Бірі сырнай тартса енді бірі сылдырмақта ойнады. Ансамбілді кішкентай дирижер Ерхан Ернұр Нүркенұлы сүйемелдеді.

«Тұлпар» тобының мың бұралған бишілері «Қазақ» биін биледі. «Балдырған» тобы Ұйғыр ұлтының биін, «Балапан» тобы кәріс ұлтының биін,   «Құлыншақ» тобы Гүрузин халқының биін билесе, «Күншуақ» Ұйғыр биін биледі. Өзбек әнін «Болашақ» тобы шырқаса, «Көбелек» тобының әнші баласы Қабыл Қазтуған Саятұлы «Әр қазақтың баласы» — әнін нақышына келтіре орындап, көрермендерді таң қалдырды. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын қазақта өнерлі өнегелі ұл қыздар аз емес, соның бір дәлелі бүгінгі бәйгеде өнерлерімен бірін — бірі оза шабатын талантты балалар аз болмады.  Олардың дайындықтарына кұш жұмсап, нәтиже көрсетуге ат салысып жүрген ұжым қызметкерлерін атамасқа болмас. Олар; әдіскер Сартаева Несібелі Әбубәкірқызы, логопед Тоқаева Анар Геннадьевна, музыка жетекшісі Тұмарбай Айдана Ермекқызы және дене шынықтыру жаттықтырушысы Маслова Елена Александровна.

   

Бір сағатқа созылған мерекелік іс-шара барысында әр ұлттың ұлттық киімдерін киген бұлдіршіндер жаттаған тақпақтарын да айтып, әнде шырқап киген киімдеріне сай билерінде билеп көрермендерді тәнтті етті. Жиналғандар кішкентай өнерпаздардың қойылымдарын тамашалап асқан ризашылықпен қол соғып қошемет көрсетті. Балалардың дайындықтарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әрқайсының киген киімдері сахнаға сән беріп тұрғандай. Сайыс соңында әділқазылар алқасы қазылық етіп, жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтап, дипломдар табыс етті.

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымақ, бірлік мәңгі жасасын. Балабақша тәрбие бастауы, ендеше бүгінгі мерекенің де болашақ ұрпаққа берер тәлімі мен тәрбиесі мол.

 

«BILIM AYNASY»,
Жұлдызай Елеусізқызы,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.