Анар Мырзағалый Тапалова.
Қызылорда қаласы Ж.Қизатов
атындағы №23 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі.
Баршамызға мәлім қазіргі таңда бүкіл әлем өте қиын кезеңді бастарынын өткізуде.Бұл жұқпалы індет қазақстан халқында айналып өтпеді.Тосыннан келген төтенше жағдай елімізді есеңкіретіп тастады.Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт-Тоқаев мырзаның «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында «COVID-19» корновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы»бұйрығына сай, азаматтардың қауіпсіздігі үшін елімізге карантин жариялауы тегін емес! Індеттің жұқпалы екендігі сонша, бір адам жұқтырса кемінде 30 шақты адамға тарату қауіпі бар екендігі анықталды.Осындай сәтте үрейге бой алдырмай,желідегі жалған ақпараттаға сенбей өзімізді және отбасымызды аман сақтау үшін үйде болып оқшауланып тәртіпке бағыну.
Қазақта мынадай сөз бар «Тілсіз жау айтып келмейді». Шынында індеттің өршуінен халық аз зардап шеккен жоқ. Мемлекет басшысы білім және медецина саласына ерекше ден қойып,жаппай мектеп және жоғары, орта білім беру нысандарын қашықтықтан білім алуға көшірді. Онлайн жүйге өту үшін көптеген ұстаздар жер-жерлерде ведио сабақтар түсіріп, оқушыларға мүмкіндік жаратты.Жоғары оқу студенттері үшін педагогтар EDUS,Google Classrom, Zoom,Skype,Whatsapp платформаларын пайдаланып, сабақ жүргізуде. Ал мектеп қабырғасында білім алушылар үшін, күнделіті «Балапан» және «Еларна» каналдарынан сабақтар жүргізіп оқушларға толыққанды білім алуда.
Өз кезегінде оқушылар өздерін ыңғайлы интернет желілері арқылы мұғалім берген тапсырманы орындап, кері байланысқа шығып,сабақты қаншалықты меңгеретінін, көрсетіп бағаланып отырады. Осы орайда әрбір мектеп әкімшілігі үй жағдайында интернет ресурстарын,техникалары жоқ оқушыларды анықтап,мектеп әкімшілігі есебінен уакытша ноутбуг,компютер,модем құрылғыларын таратып, барынша мүмкіндік жаратуда. Осы орайда Қызлорда қаласы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің ұстаздары орасан қызмет атқаруда.Мектеп ұстаздары оқушыларға бірнеше платформалар арқылы қашықтықтан білім беруде.
Әрине,әр жұмыстың қиындығы бар,басында ұстаздар онлайн сабақ қалай болады екен? -деген үреймен жүргеніміз рас. «Көш жүре түзелер»демекші бұл қиындықты да ұстаздар қалаберді ата-аналар болып еңсеріп келеміз. Кез-келген кезеңде болған нәубетті жылдарда білім беру ісі назардан тыс қалған жоқ.Әлемді жайлаған ғасыр індетіне қарамастан білімнің сарқылмас сыры,ғылымның шыңына шығу үшін ұстаздар қауымы өз жұмысын тоқтатқан емес! Бұйырса тортінші тоқсанды да осылай онлайын білім алумен аяқтаймыз,қарқын жаман емес! Елімізде болып жатқан осындай жағдайға қарамастан еңбек ақыларымызды уақытында беріп,қиын-қыстау кезде қолдау көрсеткені үшін үкіметімізге, мемлекет басшсына ұстаздар қауымы тарапынан алғысымыз шексіз.