Алматы қаласы 109 ЖББ мектептің
5 Ә сынып оқушысы Шәріпхан Айғаным.
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл! Жеңіс бізге өздігінен келген жоқ. Ол бізге елім деп соққан ерлердің, бесіктен белі шықпаған 17-18 жастар аралығындағы майданға қару асынып кеткен жастардың батылдығының арқасында келді 1941 жылы Кеңестік Соцалистік Республикалар Одағы тізеден қан кешті. Тұтқиылдан фашистік Германия шабуыл жасаған алғашқы күннен бастап-ақ еліміз жұдырықтай жұмылып, сүбелі жетістіктерге қол жеткізді. Отанымызды қорғау үшін ер-азаматтар әскерге шақыртылды. Әскерге шақыртылғандардың ішінде 19 жасар менің атамның әкесі, үлкен атам — Байшығашев Өміржанда бар еді. Атам елі үшін ұрпағының ғұмыры үшін ерлікпен шайқасқан жандардың бірі.Атам Сталинград түбіндегі шайқаста көп ерлік көрсеткен екен.Сонымен қатар Смоленск, Курск қалаларын фашист әскерінен азат етуге бар күшін салды.Мұның барлығына дәлел, атамның кеудесіндегі жарқыраған әртүрлі дәрежедегі орден мен медальдардан байқауға болады. Соғыста көрсеткен ерен ерлігі үшін атам І дәрежелі «Отечественная Война» орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.К Жуков медалімен, «Ұлы Отан соғысына 20 жыл» «Ұлы Отан соғысына 40 жыл» мерекелік медалімен және тағы да басқа мемлекеттік төсбелгілерімен марапатталған. Соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан атам, соғыс аяқталғаннан соң да, елге қайтпай Моңғолияның Халкин — Гол дейтін жеріне жіберіледі. Ол жақта екі жыл әскерде болып, 1948 елге бірақ оралады.Туған жеріне оралғаннан кейін атам бірталай қызметтерді атқарып, 1950 жылы әжем Зықанмен шаңырақ көтеріп, 4 қыз, 4 ұл тәрбиелеп, ұлдары мен қыздарын адалдыққа, еңбекке, өмірге деген құштарлыққа үйретті.
Ерлік те, ерлер де ұмытылмауы тиіс. Мен атамды мақтан тұтамын.Қазір тірі болғанда 98 жасқа толар еді.Өкінішке орай соғыс салған жарақаттың кесірінен, атам 71 жасында дүниеден өтті. Қазіргі таңда, өзі туып өсіп, еңбек еткен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында, атамның атына көше берілген.»Ер есімі — ел есінде»деген осы шығар. Ата біз сізді мәңгі ұмытпаймыз!