Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Барлық жерде ақпараттық технология құралдарымен есептеуіш техниканың жүйесімен жұмыс жасайтыны белгілі. Кәзіргі кезде қашықтықтан оқытуда ақпараттық технологияның бірнеше түрлерін пайдалануда.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мен сабағыма интернет ресурстарының бірнеше түрлерін пайдаланамын. Сабағымда цифрлық білім беру ресурстары bilimland.kz, opiq.kz, Microsoft Teams, Learningapps қосымшасын, интернет платформалары WhatsApp, Telegram және т.б. мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі чаттарды сабағымда кеңінен қолданудамын. Оқушыларға жаңа тақырыпты бейнесабақ ретінде түсіндіріп дайындап өз аккаунтыммен ашылған youtube арнасына енгізіп, сілтемесін оқушыларға жіберемін. Сабақ жоспарын mektep.edu.kz сайтына салумен қатар оқушымен ok.edus.kz сайтымен және GoogleClassRoom қосымшасымен кері байланыс орнатамын.
GoogleClassRoom қосымшасы компьютермен де, ұялы телефонмен де кіруге ыңғайлы. Күнделікті жаңа тақырыпты бекіту сұрақтарын , БЖБ сұрақтарын осы жүйемен дайындаймын. Дайындалған сілтемені оқушыларға жіберемін, оқушыларға бұл оңай логин , пароль қажет етпейді, жіберілген сілтемені ашып, аты жөнін жазып, берілген сұрақтардың жауабын жазып жөнелту батырмасын басумен аяқтайды. Оқушының жауабы ұпайымен бірге автоматты түрде құрылған арнайы журналға келіп, қай уақытта тапсырғанын, қанша ұпай алғанын қадағалап отырасыз. Оқушылардан келген файлдардың барлығы Google Дискте сақталады. Кез келген уақытта қолжетімді болады.
Сонымен қатар кәзіргі кезде педагогтардың біліктілік арттыру курстары қашықтық байланыста жүргізілуде.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ұйымдастырумен 4-15 мамыр аралығында информатика пәні мұғалімдеріне арналған Тәжібаев Болатбек ағайдың оқытуымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін бесінші сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі» тақырыбында онлайн курсында біліктілігімді арттырудамын.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру механизмдері туралы білімдерін жүйелеу; білім беру мазмұнын жаңарту және білім нәтижелерін бағалаудың жаңа жүйесі жағдайында информатика пәнін оқытудың мәселелері жөніндегі білімді жүйелеу және тереңдету бағдарлама мақсатында негізделген. Бұл курста да Zoom платформасын, iSpring Pro т.б. жүйесін қолданудамыз.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланды, шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады.
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 10 орта мектеп
Информатика пәні мұғалімі Бисенова Айгүл