Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту –заман жауапкершілігі

Қашықтықтан оқыту –заман жауапкершілігі

Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№171 жалпы білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі
Оразалиева Мадина Досымхановна

Қашықтықтан оқыту- заман жауапкершілігі . Олай дейтін себебім , бүгінгі мына әлемде болып жатқан қиын жағдайда «Қашықтықтан оқытудың» өзіндік ерекшелігі байқалып отыр. Себебі , індеттің  таралуына байланысты қашықтықтан оқытуда әр адам өзі үшін жауапты. Заман жауапкершілігі деп айтып отырғанымдай,  Covid -19 індетінің белең алуына байланысты білім үрдісінде  қашықтықтан оқыту технологиясы енгізіліп отыр.  Бұл жүйе  ақпараттық технологияның дамып ,қарыштаған заманында  ұстаз ,бала, ата-ана үшін де тиімді  болып отыр деп ойлаймын. Өйткені , оқушы мұғалім берген тапсырмасын үйден шықпай-ақ интернет желісі арқылы қашықтықтан болса да орындап, жіберіп отыр. Бұл ,біріншіден, уақыт үнемдейді, екіншіден оқу үрдісін тоқтатпай ары қарай жалғастыруға мүмкіндік туғызып отыр. Білім алушылар керекті мағлұмат,ақпаратты  өздері ізденіп ,тауып ,онлайн жұмыс жасап, мұғалімге жіберуде. Бұл да ,қашықтықтан оқытудың өзіндік ерекшелігі дер едім. Үй жағдайында отырып –ақ білім алушылар  қашықтықтан оқыту арқылы түрлі олимпиада, вебинарға қатысып, жүлдегер атанып отыр. Осының өзі де қашықтықтан оқытудың өзіндік белгісін айқындағандай.

Қашықтықтан оқытудың ұстаздар қауымы үшін  де пайдалы жағы байқалып отыр, мұғалімдер бір-бірімен үздіксіз тәжірибе алмасып, ой бөлісіп жұмыс нәтижесін іске асыруда. Алайда, кез келген оқытудың оң жағы үнемі байқалып отыра бермейді. Яғни , оның кем тұстары да болып жатады. Қашықтықтан оқытудың икемді жағы, еркіндігі , сондай-ақ қандай да болмасын бір географиялық жағдайға қарамастан, білім алушы тұлғаның  қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіндік туғанымен , қашықтықтан жұмыс кезінде оқушылар немесе студеттердің бір-бірімен байланысы аз, мүлдем жоқ деуге де болады. Сондықтан , кейде мұндай оқудың бір кемшілік тұсы білім алушының өзіне деген сенімі  , көпшілік ортаға бейімділігі, төзімділігі аз бола ма  деген тұжырымға келіп отырмын. Қашықтықтан оқытудың елімізде кең таралуы жайында сөз қылу әлі де ертерек дер едім. Өйткені , оқу орнында және оқушының үйінде де жақсы техникалық құралдың болғаны дұрыс . Оның үстіне байланыстың сапалы да болғаны өз алдына жеке мәселе. Себебі, біздің елімізде  интернеттік байланыс желісі  әлі де әлсіздеу.

Қашықтықтан оқыту – ұстаздар қауымы үшін тиімді болар , ал білім алушылар үшін  тек өз бетімен жұмыс жасау үшін тиімді болары анық.

Қашықтықтан оқыту жайлы өз пікірімді қорытындылай келе , мынадай ой түйіндедім : өз  жұмыс орнымызға оралғаннан кейін де дәстүрлі оқыту түрімен қатар қашықтықтан оқыту түрін де қатар алып жүрсек. Өйткені , бұл –  ХХІ ғасыр . Ғылым мен техниканың дамып, қарыштаған заманы .

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.