Алматы қаласы,Әуезов ауданы
Алгазиева Зульфира Акимжанова
№13 мектеп-гимназиясының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ағылшын тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі. Ағылшын тілінің маңыздылығы өте жоғары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» , — деп бекер айтылмаған ғой. Соңғы он жылдық ішінде, ағылшын тілін және шет тілдерін үйрену турасында билік тарапынан бірнеше шешімдер қабылданды. Мектепке дейінгі балалардың ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндік жасап отыр. Ағылшын тілін бала санасына қалай меңгертеміз? Оқуға оқушының қаншалықты құлшынысы бар? Міне бүгін мақалада осы туралы айтпақпын.
Қазақстанға интернет ресурстары 1995 жылдары келген болатын. Содан бері 25 жыл болды. Әлемнің қарыштап дамығаны соншалық, минуттап өзгеріске түсуде. Ақпараттар легі өте көп. Солардың ішінен керегін алып, синтездеп балаға ұсыну ұстаздың міндеті. Ақпараттың 80 пайызға жуығы ағылшын тілінде, ал оны оқу үшін балада білім болу қажет. Көрдіңіз бе? Қарапайым ғана ақпарат алу үшін, ағылшын тілін білу керек. Оқушыларды білімге құштар және сабақты қызығарлықтай етіп өткізу үшін, ағылшын тілінде ойын элементтерін қолданамын.
Н. Құлжановтың айтуынша ойын бала әрекеттерін басты педагогикалық мақсаттары – баланың алдағы өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі, әдептілік, тәрбиелілік мақсатта пайдануды көздейді. [5.46]
Ойын түрлерін былайша бөлеміз:
- Стол үсті ойындары. Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал.
- Дидактикалық ойындар. Оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі.
- Қозғалыс ойындары.
- Іскерлік ойындар.
- Интеллектуалдық ойындар.
Міне бұл ойындардың барлығы баланың жан-жақты дамытып қана қойма, жаңа сабақты меңгеруіне көмектеседі.
Өзімнің сабақ барысында қолданатын ойын түрлерімен бөліссем:
1.The name of the game : “Give a Flower”.
Қажетті құралдар: түрлі түсті майлықтар, мысалы: қызыл, сары, жасыл түсті және бір реттік пайдалатын пластмасс стакан.
Ойын мақсаты: сабақты бекіту, алған білімі туралы сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Қалай ойнауға болады: оқушылар жұппен жұмыс істейді.
Бір студент бақылаушы, ал екіншісі-жауап беруші болады.
Ойын кезінде: бақылаушы- жауап берушіге сұрақ қояды.
Егер жауап дұрыс болса, қызыл түсті майлықты салыңыз, егер жартылай дұрыс болса, сары майлық салыңыз, егер жауап толық дұрыс болмаса, жасыл майлықты пайдаланыңыз. Әрбір жауап үшін майлықты үшбұрыш етіп бүктеп, жеке-жеке стаканның аузына орналастырыңыз.
Барлық сұрақтарға жауап беріп болған соң, стаканды үстел беріне төңкеріп, шыққан гүл арқылы жауап берушінің білім деңгейін анықтаңыз. Егер гүл қызыл күлтелі болса, өте жақсы деген бағамен ал, қызыл сары аралас болса жақсы деген бағамен, гүл күлтесі жасыл түспен боялса онда нашар деген бағамен бағалауға болады. Бұл ойын көбіне сабақ соңында немесе өткен сабақты пысықтау кезінде қолданылса өте тиімді болады.
«Bingo» ойыны.
Әр оқушы бір сөйлемді таңдап, сонымен ғана жұмыс істейді. Мұғалім оқылған сөздерді бейнеленген флэш-карталарды мөлдір емес дорбаға салады. Балалар кезек-кезек 1 карточкадан шығарып, осы сөзді айтады. Бірақ сыныпқа көрсетпейді. Қолында осы сөзді бейнелейтін суреті бар оқушылар өздерінің жолынан оны сызып тастайды. Жолдағы барлық сөздерді сызып тастаған бала «Bingo!» — деп айқайлайды. Мұғалім жаттығудың дұрыс орындалғанын тексереді. Егер сөздердің барлығы аталған болса, бұл бала жеңімпаз атанады
Ойын элементтерін қолдану арқылы бала бойынан мына қасиеттерді аңғаруға болады. Өзіне сенімділікті, жауапкершілікті және сабақты өз деңгейін де қабылдайтындығын. Осылайша ағылшын тіліндегі жаңа сабағымды меңгертіп отырамын. Балалар біздің болашағымыз, білімді ұрпақ еліміздің болашағы.
Әдебиеттер тізімі:
Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// Қазақстан мектебі.- 2001.- №1.б.74