Home » Мақалалар » АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНА ОҚУШЫНЫ БАУЛУ ӘДІСТЕРІ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНА ОҚУШЫНЫ БАУЛУ ӘДІСТЕРІ

Алматы қаласы,
Әуезов ауданы,
Абдуразахова Ботагоз Умирзаховна
13 мектеп-гимназия

        Ағылшын тілі – халықаралық тіл ретінде бекітілді. Әлем бойынша осы тілде тараған көптеген мақалалар мен ақпараттар алуға болады. Ендігі тілді меңгеру жайына ойыссақ. Қазіргі таңда ағылшын тілін балабақшалар мен мектептерде оқыту маңыздылығы көтеріліп те жүр. Белгілі ғалым Н. Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.

Мотивация факторлары мыналар:

— Оқу мазмұнының әртүрлілігі;

— Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы;

— Оқытушы тұлғасы;

Оқу мазмұнының әртүрлі болуын міндетті түрде қарастырып отыру керек. Сондықтан оларды түрлі ертегілер мен қысұаша әңгімелер арқылы қызықтыруға болады.  Сонымен қатар баланы жігерлендіреті сөздермен қатар түрлі ойын түрлерін сабақ барысында қолданып отыру қажет. Тілді меңгеруде сөздік қордың бай болуы да аса маңызды. Ағылшын тілін меңгеру үшңн сол тілде бейне жазбалар, тренинг сабаұтарға бару, сөздіктер жаттау, шет елдік достар табу мысалы әлемдік желілер арқылы сол жақтағы жандармен араласу, көрнекіліктер, кері байланыс орнату болып табылады.

Көрнекілік әдісі – ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Барлық сабаұ түрінде қолданылады. Схемалар мен фотосуреттер қоюға болады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.

Түсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру үшін қолданылады.

Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.

Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.

Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.

«Шетел тілі оқу курсы» — оқушылардың шетел тілінен берілетін білімге деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын анықтайтын, олардың бойында іргелі білім негіздері мен оның қосымша бөліктерін өз бетімен танып-білу дағдысына ие болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіруге қажетті курс.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту болып табылады. Қазақта мақал бар «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы».  Тілді меңгерту де ұстаз бен оның ортасы, курс немесе сыныптастарының ролі орасан деп айта аламын. Бала қызығушылығын арттырып, білім беретін болсақ, ол – келешекте шет тілін меңгерген жан болары анық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.