Алматы қаласы
Жетісу ауданы
«№102 ЖББМ» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Аккамиева Самал Мейрамовна.
2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған. Осы заң аясында 2020 жылдың мамыр айының 5 жұлдызында «№102 ЖББМ» КММ мұғалімдер арасында қашықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары «Педагог мәртебесі туралы» заңның мақсатынан бастау алды.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты — педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген.
Түсіндірме жұмыстары аясында «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы 21 баптан тұратындығын және еліміздегі 500 мыңнан астам педагогтің мүдделерін қорғауды көздейтіндігін атап өтті. Заң нормалары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің педагогтеріне қатысты талаптарды қамтитындығы айтылды.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес педагогтерге келесі кепілдіктер берілді:
- тұрғынжайға, оның ішінде қызметтік тұрғынжайға және (немесе) жатақхана алуға;
- жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне ие болуға.
Заң бағыттары педагогтерді материалдық және материалдық емес ынталандыру тетіктерін қарастырады. Олардың қатарында мәселен, педагогтердің балаларына балабақшаларға бірінші кезекте орын беру қарастырылған. Сонымен қоса, барлық санаттағы педагог қызметкерлер 56 күндік еңбек демалысына шыға алады, бұл норма 100 мыңнан астам педагогке қатысты. Яғни, Заң қабылданғанға дейін әдіскерлер, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы күнтізбелік 42 күнді ғана құраса, енді жаңа заң аясында барлық педагогтер күнтізбелік 56 күндік ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленіп отыр.
Ұстаз денсаулығын жақсарту шаралары аясында 1 лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақы кепілдігі сақталды. Сондай-ақ педагог «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мерзімдік міндетті медициналық тексерулерден өтеді. Жергілікті атқарушы органдар санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама сатып алу үшін толық немесе ішінара төлемдер жасап, басқа да әлеуметтік қолдау шараларын көрсете алады.
Осы заң аясында мұғалімдер мәртебесінің қаншалықты биік екенің түсіне алады. Қазіргі қоғамда мұғалімнің мәртебесінің биік тұғырға шыққандығын қуанышпен қабылдады. Сонымен қатар, мұғалім мәртебесі қоғамда ерекше орын алғандығы олардың шығармашылықпен белсене кірісуге даңғыл жол салғандай болды