Жетекшісі: Асель Карлыбаевна
Педагогика ғылымдарының магистрі
Студент: Темірлан Асылханұлы Омаров
Арнаулы білім жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы білім нәрімен сусындату соңғы 5 жылдық көлемінде толықтай талқыға түскені бәрімізге белгілі.
Инклюзивті оқыту — мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі болып табылады. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, дискриминациясын жоққа шығару, барлық оқушыларға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру ойы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Сонымен қатар өз ортасында ешқандай қысылмай, ойын айқын жеткізуге мүмкіндік береді. Неге? Солай бала ашылып, ұйықтап жатқан қабілеттерін аша алады. Осы арқылы қоғамды жатсынбайды және өзге оқушылармен тең дәрежеде сөйлесе алады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім берудін мазмұны:
Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
* жалпы мектептерге арналған типік оқу бағдарламалары:
* мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары
*мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы. [25]
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуына тоқтап атап өтейін. «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
— мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
— түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; [2.36]
Инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
- Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
- Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
- Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту болып табылады.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Жоғарыда бірнеше еңбектер бойынша мысалдар келтіріп өттік. Ол -анық, айқын дүниелер. Ендігісі ұстаздың еншісінде. Оқушы бойынан жасырынғанды тауып, оны ортаға бейімдеу. Оның басқа да сыныптасрымен теңдәреже білімді меңгере алатындығына сендіру. Сонымен қатар соған арнайы қызмет жасау. Түрлі дидактикалық әдістер мен түрлі қызықты таұырыптарды ортаға салу. Тіпті сабақ беру даағдысын да өзге ой сергітер, кқөңіл аулайтын, сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста бола алатындай білімдерді құя білу деп білемін.
Сонымен қатар тағы да шетелдік тәжңрибелерді назарларыңызға ұсынамын:
Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар:яғни, «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау тудыруда. Мысалы,негізгі бағыт- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру инициативасы-дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен. Өз кезегінде осы сала мамандары дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. Үшінші жолы енгізу моделі,ол балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады [2]. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған.
Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада жүзеге асырылады.
- бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т. б. қарастырылған.
- бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды.
- бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды,мұндай типте психикалық дамында кешігушілік бар балалар қарастырылған.Ал, уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады.
- бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады,бұл типте әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар білім алады [2].
Айтпағым ғылым зерттеп, зерделеп мақала етіп жазып болды. Ендігісі тек асыру деп білемін. Оны кім іске асырады, біз секілді жас педагог болашақ ғалымдар іске асырадыү
Сондықтар болашақ біздің қолымызда. Қарыштап дамыған осындай, қилы біліктілік пен білімнің салтанат құратын уақытында, өзіміздің бәсекеге қабілетті екенміздң байқату.
Пайдаланған әдебеттер:
- Мағжан Жұмабаев Педагогика 1992ж
2 Қ.Жұмасова Психология Астана -2006ж
3.Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал .Әлеуметтік педагог №4 2010ж
4.Бгажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции перспективы развития» Дефектология 2004ж
5.Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000
6.Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау тур3алы. ҚР 2002ж №343 заңы
7.Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010