Home » Мақалалар » ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – ОҢТАЙЛЫ ЖҮЙЕ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – ОҢТАЙЛЫ ЖҮЙЕ

Жетекшісі: Асель Карлыбаевна
Педагогика ғылымдарының магистрі
Студент: Ұлжалғас Нұрділдақызы

      Елімізде білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттары Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген. Ол айқын мақсаттарымыздың бірі екендігі барлығымызға белгілі. Сондықтан да бүгінгі мақала өзегі осы тақырып аясында болмақ.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент – сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады. [1, 41].

Көптеген мақалалар мен электронды түрде сақталған дүниелерді анықтап, оларға түсінік те берілген. Ол студент үшін қолжетімді болып отыр.

Қашықтықтан білім беру әрбір  оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша бағаланып отырады. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдер де мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда. Тек Америка да ғана емес әлем елдерінде де осы әдіс арқылы өздерінің, білім көкжиегін жетілдіріп отырған қаншама студенттер мен оқытушылар бар.

Ал оқытушылар мен студенттерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.Сонымен қатар жаңа дүниелердің шыққандығы жайында, жаңа технологияның өзгеруіне өзіндік пікірін айтып отыру міндеттеледі.

      Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. [2, 53].

Мәселен студент осылар арқылы меңгере алуы тиіс, болашақзта мықты маман иесі болуы үшін.

     Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

Желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);

Кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;

ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.

Студент пен оқытушы арасында өзара байланыстың болуы, Сонымен қатар жаңа дүниені меңгеруде қателіктер жібермеуі тиіс.

    Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.

Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және бағалы-нәтижелік.

Электрондық оқулықтың мотивациялықмақсатты бөлігі модульдер мен шағын модульдерді құрастырудан тұрадыМодуль-пән салаларындағы жүйелік және қызметтік білімнің жиынтығы. Ол электондық оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың «қызметтік түйіні» болып табылады.

Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асадыБұл мәліметтер жиынтығы ретіндегі ақпараттық оқу ортасы. Ол білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электрондық оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейнематериалдармен толықтырылған. Мәтін қазақ, орыс және кейбір кітаптарды ағылшын тілінде дыбысталған.

Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.

Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:

  • оқу курстарын қолдау;
  • білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
  • кеңестер беру;
  • білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
  • білім алушылардың білімдерін бақылау. Білім беру ұйымдарында:
  • білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
  • телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
  • әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;
  • CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жеке меншік және немесе сатылып алынған);
  • желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын);
  • тестілеу кешендерінің;
  • тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
  • жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
  • желілік тестілеу кешендерінің;
  • оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems – LMS);
  • оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management SystemsLCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады.

Олар:

  • Дидактикалық жүйе;
  • Технологиялық жүйе;
  • Қамтамасыз ету жүйелері.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

  1. Ақпараттық-рецептивті;
  2. Репродуктивті;
  3. Мәселелік мазмұндау;
  4. Әвристикалық;
  5. Зерттеу;

  Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы деп нақты айтуға болады. Қазіргі таңда әлемдік деңгейде білім де, білікті болу үшін қай жағынан болса да білімнің мәйегіне қажетететіндігін анықтауға болады. Ол үшін қандай жағдай болса да жаңашылдыққа тез бой үйретуге тиіспіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Журнал «Информатика и образование»,   № 7-2006ж.  (41-45 б)
  2. Журнал «Информатика и образование»,        №2 -2006ж. (49-57 б)
  3. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2005 ж  (11-14 б)
  4. Журнал «Мектеп» № 11      (6 бет)
  5. Қазақстан және ТМД елдеіндегі   білім беруді ақпараттандырудың  IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы   (18-19 бет.  38-39 бет. 118-119 бет.   460-461 бет).
  6. Сайт: www.edu.gov.kz

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.