Нәзік жанды қауымның мерекесіне орай
Алматы қаласы №139 бөбекжай-балабақшасында мерекелік кеш өтті.
Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін аналарымызға күнде тағзым етуіміз керек. Бүлдіршіндерімізді ананы сыйлауға, ұстазды сыйлауға, қыз баласын сыйлауға үйретуіміз керек.
Бүгінгі іс-шарамыздың басты мақсаттарының бірі де сол.
Мерекелік кешке тоқталар болсам. Ертеңгілікте аналар мен әжелер, балабақша ұжымы, балабақша меңгерушісі қонақ болды.
Балапандар аналарына арнап өлең оқыды. Әсем әндерін шырқады. Ару қыздарымыз мың бұралып би биледі.
Кеш соңында әкелері мен қыздары би биледі. Ертеңгіліктің ең әсерлі сәттерінің бірі де осы болды. Кей қонақтарымыз толқып, көзіне жас алды.
Ана-өмір қолдаушысы, Шаңырақтың шаттығы мен шуағы. Сейілмесін жанарынан ананың, Тіршілікке төккен нұрлы шуағы. Аялайық аналарды әрдайым Қуанышқа бөлейікші өздерін Әжелердің,аналардың,қыздардың Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймын!
Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Осы іс-шаралардың бәрінің басында ұйытқысы боп жүрген біздің меңгерушіміз
Сабазова Сандуғаш Самарханқызы алғыс айтамын.
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
№139 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Жаппарова Мира Ашимбаевна