Жалбырова Л.Б.
Алматы қаласы
№110бөбекжай- балабақшасының
әдіскері
Анашыма мың алғыс!
Алматы қаласы, Білім басқармасы Медеу ауданы, КМҚК «№110 бөбекжай-балабақшасында» аналар мерекесіне орай барлық топта отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығын арттыру мақсатымен «Анашыма мың алғыс!» мерекелік ертеңгілігі өтті. Ана… Осы үш қана әріптен құралған ұлы сөзге әлемдегі барлық жылулық, барлық пәк сезім, барлық бақыт пен махаббат сыйып кеткендей. Бізің мақсатымыз балаларды кішкентай кезінен бастап аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеуге, силай білуге үйрету. Балалардың бойындағы жеке қабілеттермен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мерекелік ертеңгілікке барлық топтың аналары және әжелер қатысты. Мерекеде тақпақ айтып, мерекелік әндер орындалып, би биледі, сахналық қойылымдар қойды. Балалардың жақсы тілегімен мерекелік ертеңгілік аяқталды.
Бала:Дүниеде сендей асыл жанның болғанына рахмет! Бала:Біз үшін түн ұйқынды төрт бөлгенің үшін, бізге деген ыстық ықыласың үшін, аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы жұрегің үшін мың алғыс саған, АНАШЫМ!!! Мереке соңында балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлады. Мереке қатысқан аналар өз ойларымен бөлісті бүгін балаларымыз бізге қуанышты көңіл-күй сыйлады, мерекелік ертеңгілік өте жақсы өтті, ең үлкен сыйлық баланның қолынан шыққан сыйлық, сыйлық үшін баламыздың апайыңа,осындай жақсы көңіл-күй мереке сыйлаған балабақша ұжымына көп рахмет.