Бiз — тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз.
Математикаға Фрэнсис Бэкон
осылай тұжырымдама жасаған екен.
Анығында, ақыл — ойды тәртіпке келтіретін математика.
Ғалымдар математика ғылымы туралы түрлі жазбалар қалдырған.
Ғылым — өшпес мұра.
Біз тарихи мұраны сақтау арқылы өркениетті елдің бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейміз.
Сана сезімі, ой -өрісі кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны ерекше.
Қазіргі кезде математика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы көзқарастары өте ерекше екенін байқауға болады.
Математика пәнін сапалы оқыту – пән мұғалімдерін толғандыратын мәселелердің бірі.
Қай тұрғыдан алып қарасақ та оқушы өз заманының озық өнегесін санасына сіңіріп қана қоймай, функционалдық сауаттылығын арттырады.
Математика пәнін оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясына аса мән беріледі. Математиканы оқытудың толық мазмұнын жүзеге асыру үшін, жаңа технологияларды тиімді пайдалана білу қажет.
Математика сабағында оқушылар өз бетінше үйрену, білу, іздену дағдыларын дамытып жатса, баға жетпес құндылық болары сөзсіз. Десе де, оқушыға ұстаз тарапынан бақылау дұрыс болған кезде ғана нәтиже көреміз.
Мен, математикаға бала кезден құштар болдым. Өйткені, менің анам Бибісара Рүстемова математика пәнінен 30 жылдан аса ұстаздық етіп, абыроймен зейнетке шыққан ұлағатты ұстаз. Ұстаздық жолы көпке үлгі болған ұстаздан өнеге алғандықтан, математика пәніне деген қызығушылығым арта түсті. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебінде Математика пәнінен сабақ беремін.
Маман ретінде өзімнің сабағымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолданамын.
Түрлі шапшаңдық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін, ізденіс үстіндемін.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланатын әрбір ұстаз- өзінің оқушы мен мұғалім арасындағы байланыстың жақсы жағынан өзгергенін аңғарады.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін жеткізіп, татымды тұжырым жасау.
Менің 7-8-11 сыныптардағы математика сабағындағы тәжірибемнің мақсаты:
• математика сабағында бекітілген бағдарлама материалын сапалы меңгерту;
• математиканы оқыту арқылы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;
• жаңа технология арқылы және топтық жұмыс түрлерін көбейту;
• деңгейлік тапсырмаларды орындату және логикалық және эксперименттік мазмұнды есептер шығарту;
• оқушыларды бір-біріне ойларын нақты, ашық жеткізе білуге үйрету.
Жаратылыстану бағытының мамандары математика пәніне ерекше назар аударады.
Сондықтан, бұл пәнді екі топқа бөлініп оқытылса деген ұсынысым бар.
Бүкіл сыныптың математиканы меңгеру деңгейін анықтау үшін, білімін жазбаша тексеру тәсілдері арқылы жұмыс жасауға болады. Бірақ бұл жұмысты екі топқа бөліп оқытсақ, оң нәтиже көрсететін оқушылар өте көп.
Осы уақытқа дейін, мектепте жаңа буын оқулықтары бойынша математикадан сабақ беріп келемін. Оқулықтағы тапсырмалар деңгейлік тапсырмалар болып бөлінген.
Ғылым мен техниканың дамыған кезінде алдымыздағы шәкірттің жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, кемел тұлға болып шығуына ықпал бірінші ата-анасы, одан кейін білім беруші ұстаздар.
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін , сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөлемін. Деңгейлік есептер оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдап, математика пәніне деген қызығушылығын арттырады.
Сондықтан мектептерге маиематика пәнімен егіз жүретін «Логика» деп аталатын негізгі сабақ енгізілсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Математика — ақиқат дүниесінің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым. Фридрих Энгельстің осы тұжырымы менің өмірлік ұстанымым.
Ақиқат бар жерде тәртіп пен білім ұштасады.
«Егер ақылды болғың келсе, көп оқы және математикамен айналыс»! — дегім келеді.
Математика – алтын әріппен жазылған ғылым саласы. Сырт көзге сандар мен суық есептен ғана жаралған құрғақ дүние болып көрінгенмен, астарында үлкен мән жатыр. Математика- адамға Алланың сыйлаған құдіреті. Міне, осы әлемнің қызығынан құр қалмайын деп, іштей қызығып мақсат қойдым, жеттім. Осындай айнымас мақсат қойып, оқуға талпынатын шәкірттеріме де алғыс айтамын.
Осфальд Шпенглер: Математика да — өнер: оның өз стильдері мен стильді кезеңдері бар деген. Мен сол стильдің стильді кезеңдерге бүкпесіз жеткенін қалайтын ұстазбын. Қазақ ғылымының дамуына үлес қосып, еліміздің дамуына пайдасын тигізетін ұлағатты ұрпаққа үлгі болайық.
Абилкасимова Назгул Шералиевна
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№169 Н.Илялетдинов атындағы
орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі