Тәуелсіз елдің жас ұрпағын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру – бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі. Мектепке дейінгі білім беруде білім беріп қана қоймай, халқымыздың ұлттық мерекеден өнеге мен үлгіні, әдеп пен ырымды, салт-сананы осы білім бастауы мектепалды сыныбының іргетасынан қаланғаны жөн. Мұны мектепте ұстаз ғана емес, отбасында ата-ана, көпшілік ортада ақсақалдар өскелең ұрпаққа үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.
Ұрпақ тәрбиесінде салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптың алатын орны ерекше. Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», — деген. Халқымыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін ұрпақ санасына сіңіріп, ұлағатты ұл, инбатты қыз өсірген. Сондықтан, бала өміріндегі мерекелердің маңызы – адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің құралы ғана емес, салт-дәстүрлерден хабардар болу, әндер мен айтыстардан озық болу, оны тыңдап өсу арқылы балада патриоттық сезім ұялап, балалардың бойында ұлттық құндылыққа тән қасиеттердің мәдениеті қалыптасатыны анық. Осы орайда отбасы болып, мемлекет, халық болып тойланатын Наурыз мерекесінің ұрпақ тәрбиесіне жол бастауда аса маңызды меркенің бірі болып табылмақ.
Наурыз мейрамы — көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді.
Наурыз — бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық. Мәселен, наурыз көже дайындалады, апаларымыз қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға салады. Наурыз мерекесі жадыраған жазды қарсы алар көктемнің басы болғандықтан, оны қазақтар «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп те атайды. Бұл бүкіл табиғат ананың тоңы жібіп, жаны кіретін тіршілік басы дегенді білдіреді. Осындай ұлттық мерекелерді тойлау арқылы бала санасына сіңіріп, оның дамуына маңызды ықпал ететін ерекше тарихи маңызы бар болып табылатын еліміздің халық болып тойланатын мерекесі. Ұлттық мерекені мерекелеу арқылы мектепалды сыныпта білім берудің ең негізгі мақсаты болып табылады.
Мектеп қабырғасында мерекені атап өту арқылы өткізілетін мерекеге бүлдіршіндердің дайындауға қатыса жүріп, мерекедегі әрекеттері, мерекеге деген көзқарастары одан әрі дами түсетіні анық. Сондай-ақ, жас бүлдіршіндердің бір-біріне деген байланыс қажеттелігі, қарым-қатынасы ұлттық құндылыққа тәрбиеленетін ортаны одан әрі игілендіріп, рухани ахуал қалыптасуына, барлық өмір сүру кеңістігіне оң әсерін тигізетіні хақ.
Олай болса, мектепалды сыныбында 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» меркесіне арналған іс-шарадан бірер көрініс.
Астана қаласы әкімдігінің
«№29 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Джаксалыкова Асия Токеновна
мектепалды сынып тәрбиешісі