Home » Жаңалықтар » ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ СӘЙКЕС БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ СӘЙКЕС БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

З. К. РАЗБЕКОВА
«Өрлеу»БАҰО ПҚБАИ БжБС кафедрасының аға оқытушысы,
А. АМАНЖОЛОВА
Шет ауданы, Сәкен ат. ЖОББМ химия пәнінің мұғалімі

 Критериалды бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Білім беру мазмұнын жаңарту педагогикалық қоғамдастықты өзгермелі дүниеде жетістікке жетуді қамтамасыз ететін тұлғалық, реттеушілік, танымдық, коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға бағдарлайды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. «Химия», «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары бұл үдерістің бір бөлігі болып табылады.

Кез келген бағалау, қалыптастырушы бағалауды қоса алғанда,  оқушылардың тапсырмаларды орындау алдында жеткізілетін бағалау критерийлері негізінде жүзеге асырылады. Шынында да, оқушылар тапсымаларда не болу керектігін, көлемнің қандай болуы тиістігі және т.б. мұғалімнен жиі сұрайды және нақтылайды.  Сондықтан, енді мұғалім мұны қалай көрсетуі керек екендігі тікелей сабақ жоспарында көріну керек.

Әдетте, екі критерийлер жеткілікті, бірі қарқындылық факторын, басқасы құбылыстың экстенсивтік факторын  көрсетеді.

Мысалы, «тереңдігі» және «кеңдігі», «техникалық» және «әртістік», «этика» және «эстетика». Химияда «химизм» және «жағдай» критерийлерін пайдалану ақылға қонымды болып табылады.

Оқушыларға критерийлерді жеткізу үшін мұғалім бір қатар тәжірибелік стратегияларды пайдаланады:

  • сабақтың/бөлімнің алдында оқу мақсатын түсіндіреді;
  • оқушы тіліне критерийлерді аудару;
  • зерттеу туралы әңгіме болғанда пайдалану үшін негізгі сөздер бар плакаттарды немесе флэш-карталарды әзірлеу – мәнмәтінге байланысты басқаша түсіндіруге болатын белгілі бір пәнге немесе кең тараған сөзге жататын арнайы сөз болуы мүмкін, мысалы, сипаттау, түсіндіру, бағалау;
  • оқушыларға өз жұмысын құрылымдауда көмек көрсету үшін жоспарлау / хаттар үшін базаны әзірлеу;
  • әр түрлі бағалау критерийлерін көрсету үшін түрлі стандарттардың аннотациялық мысалдар банкін дамыту;
  • оқушылар өз тесттерін / тапсырмаларын жобалау үшін мүмкіндіктер беру.

Мысалы, оқушылардың бағалау критерийлерінің себеп-салдарлық байланысын орнатуда оқушыға 1 суретте бейнеленген түйінді сөздері бар флеш-карта түрінде жеткізуіне болады:

1 сурет – түйінді сөздері бар тапсырманы орындау критерийлерін білім алушыларға жеткізу флеш-картасы

Бағалау критерийлері:

  • төмен мен жоғарғы қатар («тереңдігі») аралықтарындағы мәтіннің «сәйкестігі»
  • «қамту» — тек қана физикалық пен химиялық ластану («тереңдігі») болып келетіндігі түсінікті.

Оқушыға өз бағалау критерийінің жұмысын құрылымдау кезіңде қандай да бір құбылыс жөнінде өз пікірін айтарда жазба түрінде төмендегідей көмек беруге болады: «Ауа». Тақырыбы бойынша эссе жазындар. Сөздер саны – 30

Бұл жағдайда, бағалау критерийлері болып:

  • ауа жөніндегі өзіндік «ұсынымы» («тереңдігі»);
  • «сөздің саны» («кеңдігі»).

Әрі қарай, оқушы тікелей тапсырманы орындауға кіріседі.

Мұғалім жоспар барысын және бұл үдеріске оқушылардың тартылуын бақылау мақсатында қалыптастырушы бағалаудың түрлі құралдары арқылы мұғалім мен оқушылар арасындағы кері байланысты орнатады.

Бұл әрекетті орындау үшін, ол дәйекті оқушылардың өзін-өзі бағалау (мысалы, «Бағдаршам», «Бас бармақ», «БББ» және т.б.) және өзара бағалау (мысалы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Кері байланыс сэндвичі») рәсімдерін жүргізілуін бастайды.

Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, олар критерийлерді анық, жеңіл, түсінікті формада құрастыруға мүмкіндік береді. Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары білім алушылардың пәнді меңгеруін дамытуы қажет білімі мен дағдыларын анықтайды. Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; қолдану; жоғары деңгейдегі дағдылар (талдау, жинақтау және бағалау). Қалыптастырушы бағалауда мұғалім оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау критерийлерін жазып, тапсырмалар дайындап, оларға қатысты дескрипторлар құрастырады. Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол күнделікті сабақта орын алады және оқушыға да, мұғалім үшін де маңызды. Мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзетулер енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктеріне өзі бақылау жасауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді .

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.