Home » Мақалалар » Ашық су қоймаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Ашық су қоймаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Алматы қаласы Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
Исембаева Асима Бақытжановна

Санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының
сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы
Төреханқызы Мөлдір

Бүгінгі күні Сіздердің назарларыңызға қойылатын тақырып, ол ашық су қоймаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары болмақ. Ашық су қоймаларыатап айтқанда өзендер, көлдер, теңіздер. су айдындарын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланған кезде «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығына сәйкес:

      1) дауыл, су айдынына құятын өзендердің тасуы (жайылуы) кезіндегі су айдынының гидрологиялық және гидрохимиялық деректері;

      2) халықты сумен жабдықтау үшін суды неғұрлым көп жинау кезіндегі судың құрамы мен қасиеттерінің көрсеткіштері;

      3) дауыл, су айдынына құятын өзендердің тасуы (жайылуы) кезінде нормаланатын заттар шоғырлануының орташа арифметикалық мәні;

      4) басым жағалау ағыстары;

      5) айдау-қума желдер ескерілуі қажет.

Осы орайда, Әуезов аудан аумағында орналасқан Сайран көлі ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылмайды, алайда, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг (бұдан әрі — СЭМ) шеңберінде ағымдағы жылдың маусым айы мен қыркүйек айының аралығында Сайран көлінен су сынамалары микробиологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге алынған болатын. Алынған сынамалардың зерттеу нәтижесі бойынша маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айында алынған микробиологиялық көрсеткіштер бойынша, оның ішінде  лактозиялық оң ішек таяқшалар саны, коли фагтар, аурулардың қоздырғыштарына алынған су сынамаларының зерттеу нәтижесі нормативтік құжаттарда көрсетілген нормаға сәйкес екенін, сонымен қатар, шілде, тамыз, қыркүйек айында алынған санитариялық-химиялық зерттеу нәтижелері нормативтік құжаттарда көрсетілген нормаға сәйкес екенін мәлімдейді.

Алайда, маусым айында:

  • Сайран көлінің басынан алынған су сынамасының санитариялық-химиялық көрсеткіштері, оның ішінде иісінің қарқындылығы 4 балл, алайда нормативтік көрсеткіштер бойынша 2 баллға тең. Сондай-ақ, ерітілген оттегі мөлшері 3,5мг/дм3, нормативтік көрсеткіштерге сәйкес 4 мг/дм3 кем болмауы керек;  
  • Сайран көлінің ортасынан алынған су сынамасының санитариялық-химиялық көрсеткіштері, оның ішінде иісінің қарқындылығы 4 балл, алайда нормативтік көрсеткіштер бойынша 2 баллға тең. Сондай-ақ, ерітілген оттегі мөлшері 3,7мг/дм3, нормативтік көрсеткіштерге сәйкес 4 мг/дм3 кем болмауы керек;
  • Сайран көлінің соңынан алынған су сынамасының санитариялық-химиялық көрсеткіштері, оның ішінде иісінің қарқындылығы 4 балл, алайда нормативтік көрсеткіштер бойынша 2 баллға тең. Сондай-ақ, ерітілген оттегі мөлшері 3,3мг/дм3, нормативтік көрсеткіштерге сәйкес 4 мг/дм3 кем болмауы керек.     

Анықталған жағдайға байланысты, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде аудан әкімінің аппаратына хат жолданды. Сондай-ақ, 2025 жылдың 31 шілдесінде су айдындарының ластану фактілерін анықтау мақсатында, Әуезов ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік тексерулер жүргізілді. Тексеру барысында су айдындарының ластану фактілері анықталған жоқ.

Жоғарыда айтып кеткен мәселе Әуезов ауданының санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен үнемі бақылауда.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.