Home » Жаңалықтар » «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті

«Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті

Алматы қаласының Әуезов ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Исембаева Асима Бақытжановна
санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының
сақталуын бақылау  бөлімінің басшысы
Садыкова Урзада Илесбаевна

Парфюмерлік және косметикалық өнімдер адамның терісіне, шашына және шырышты қабықтарына тікелей қолданылатындықтан, олардың қауіпсіздігі ерекше маңызды. Осы мақсатта ТР ЕАЭС 009/2011 «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті ТР ЕАЭС 009/2011 — Еуразиялық экономикалық одақ аумағында айналымға шығарылатын парфюмерлік және косметикалық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік құжат болып табылады.
Бұл техникалық регламент өнімнің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеуін, сондай-ақ тұтынушыларды сапасыз немесе қауіпті өнімнен қорғауды көздейді. Негізгі мақсаттары мен міндеттерінің бірі өнімнің химиялық және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнім құрамындағы қауіпті заттардың қолданылуын шектеу, тұтынушыны толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету, өнімнің айналымы мен өндірісін реттеу. Қолдану саласы ретінде ТР ЕАЭС 009/2011 барлық парфюмерлік және косметикалық өнімдерге қолданылады, соның ішінде тері күтіміне, шаш күтіміне, тіс және ауыз қуысы гигиенасына арналған құралдар, хош иісті өнімдер мен декоративті косметика. Регламент дәрілік және ветеринариялық өнімдерге қолданылмайды.

Негізгі қауіпсіздік талаптары:
1. Химиялық құрамының қауіпсіздігі — тыйым салынған немесе шектеулі заттар болмауы қажет;
2. Микробиологиялық қауіпсіздік — өнім патогендік микроорганизмдермен ластанбауы тиіс;
3. Токсикологиялық көрсеткіштер — ингредиенттер адам терісіне және тыныс алу жүйесіне зиянсыз болуы керек;
4. Физикалық тұрақтылық — сақтау мерзімінде қасиеттерін жоғалтпауы қажет;
5. Қаптама мен таңбалау талаптары — ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуі тиіс. Таңбалауда міндетті түрде өнім атауы, өндіруші деректері, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және сәйкестік белгісі (EAC) көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, өнімнің таңбалауында құрамы, сақтау мерзімі, қолдану тәсілі және сақтық шаралары көрсетілуі міндетті. Бұл мәліметтер тұтынушының ақпараттандырылған таңдау жасап, өнімді дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
Өнім нарыққа шығарылмас бұрын декларация түріндегі сәйкестікті бағалау рәсімінен өтеді. Зертханалық сынақтар нәтижесі бойынша өнімге EAC белгісі қойылады.
Техникалық регламенттің сақталуын бақылау тиісті уәкілетті органдармен жүргізіледі. Қауіпсіздік талаптарын сақтамаған өнімдер айналымнан алынып, өндірушілерге заңнамада көзделген шаралар қолданылады.
Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі-халық денсаулығын қорғаудағы маңызды бағыт, сондықтан техникалық регламент талаптарының орындалуы барлық субъектілер үшін міндетті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.