
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№18 бөбекжай — балабақшасы» КМҚК
Ересек «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі
Хасенова Динара Бактыбековна
КМҚК №18 бөбекжай – балабақшасында тәрбиеленушілерге арналған танымдық және қызықты «Су асты әлемі» атты ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
Ұйымдастырылған ісәрекеттің мақсаты: балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік — танымдық қабілеттерді, логикалық ойлауды дамыту.Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру. Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату. Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыруға үйрету.
Заттық дамытушы орта: Кеме, теңіз түбі бейнеленген безендірілген зал,плакаттар,су асты тіршілік иелерінің суреттері,балалардың ата-аналармен ұйымдастырылған көрме .
Көрнекілігі мен құралдары: Су асты әлеміне байланысты суреттер,кеме, таспалар, үлестірмелі карточкалар, түрлі тапсырмаларға қажетті көрнекіліктер т.б.

Әдемі безендірілген тобымызға балалармен кіріп, шаттық шеңберін құрып,балалрдың бүгінгі көңіл-күйін сұрап,ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізді бастаймыз.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы гой.
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Оқу іс әрекетін бастамас бұрын күз мезгіліне шолу жасау.Балаларға күз мезгіліне байланысты сұрақтар қою.
Тәрбиеші:Балалар көңіл –күйлерің қалай?
Балалар:Біздің көңіл- күйіміз жақсы!
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қазір жылдың күз мезгілі.
Тәрбиеші:Бір жылда неше жыл мезгілі болады?Атап өтейікші.
Балалар:Бір жылда 4 жыл мезгілі болады.(жыл мезгілдерін атап отеді)
Тәрбиеші:Күз мезгілінің өзіне тән табиғат құбылыстары қандай болады?
Балалар:Күз мезгілінің үш айы болады.(қыркүйек,қазан,қараша)Күз мезгілінде күн суытып,ағаш жапырақтары сарғайып жерге түседі.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күз мезгілінде жемістер мен көкеністер піседі,адамдар оларды жинап алады.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!Тамаша!Олай болса бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы балалар «Су асты әлемі!» Біз бүгін сендермен балалар су асты әлемге саяхатқа шығатын болдық. Олай болса біз су асты әлеміне кемемен саяхатқа шығайық.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз өте қызық болайын деп тұр. (Балаларға теңіз толқынының әуен дыбысын тыңдату)
Балалар, әуенді естіп тұрсыңдар ма?
– Ия
-Мынау ненің дыбысы?
– Судың, теңіздің дауысы.
-Дұрыс айтасыңдар.
– Ал ендеше барлығымыз бірге асықпай кемемізге жайғасайық.

(Қимыл қозғалыспен әндетіп айтамыз)
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз,күлеміз
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Өзен, көлге теңізге,
Саяхатқа шығамыз.
Әрқашанда біргеміз,
Бөлінбейді іргеміз!
Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы теңіз түбінде жатқан бұл неғылған сандықша екен, сандықтың ішінде не бар екен? Ашып көрейік. Қараңдар балалар, сандықта кітап бар екен. Кітаптың ішінде жұмбақтар жазылыпты, мен оқиын сендер жауабын тауып көріңдер.
Жұмбақты шешу:
1) Су астында өседі, өнеді,
Сыртқа шықса өледі? (Балық)
2) Басы дәу, аяғы көп
Су асты оның мекені (сегіз аяқ)
3)Су астында жүзеді,
Терең суды сүйеді
Отыз жыл өмір сүреді (жұлдыз)
Дұрыс балалар, теңіз жануарлары, жәндіктері туралы білесіңдер, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар, ал енді сол теңіз түбіндегі жәндіктер туралы толық біліп, олардың теңіз түбінде қалай тіршілік етіп немен қоректенетіні жайлы білгілерің келеді ма?
– Ия (суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздердің мағанасын түсіндіру)
*Теңіз жұлдызы – жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.
*Атбасты балық– орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғау үшін керек.
*Сегізаяқ– оның денесі алмұртқа ұқсас. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына заты сай сегіз аяғы бар. Теңіздің ең түбінде өмір сүреді.
*Тасбақа– сауытына қарап бірден тануға болаты. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді.Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да көміп тастайды.
*Кит -теңіздегі ең ірі сүтқорегті. Әсіресе «көк кит» ұзындығы-30 метр, салмағы-150 тонна. Бұл киттің бойының ұзындығын тексеру үшін көз алдымызға 5 қабатты үйді елестету керек.
Олай болса кәне су асты әлеміне біраз айалдап,қызықты тапсырмаларды орындайық,танысайық!
Балалар тапсырмалары:
1-тапсырма: «Ат балық пен медуза» шығарм ашылық жұмыс.
Балалар өздеріне берілген ат балық пен медузаны түрлі түстерге бояйды, болған соң медуза мен атбалыққа жиптерін іліп,оларды түрлі жылтырақтармен безендіреді.
2- тапсырма: «Құмға теңіз асты жануарларын салу»
Балалар арнайы құм салатын ыдыста саусақ моторикасын дамыта отырып,су асты жануарларын бейнелейді.
3- тапсырма.Су асты жануарларының мүсінін ермексаз көмегімен бейнелеу
Балалар арнайы теңіз асты бейнеленген,ламинатталған қағаз бетіне балық басқа да су асты жануарларын бейнелеп салып,оны ермексаз көмегімен мүсінін бейнелейді

4-тапсырма. Теңіз асты жануарларының суретін салып бояу.
Балалар арнайы теңіз асты бейнеленген,ламинатталған қағаз бетіне балық басқа да су асты жануарларын бейнелеп салып,оны түрлі бояумен бояп шығады.
Тапсырмалардың нәтижесінде,балалар теңіз асты әлемімен,онда тіршілік ететін теңіз асты жануарларымен танысады.Сондай-ақ,балалр шығармашылықпен айналыса отырып,қызығушылықтары артады,таным қабілеттері дамыйды,ұжыммен жұмыс жасауға үйренеді.

Жарайсыңдар балалар!Олай болса келесі сендермен бірге қызықты ойын ойнайық.
Ойынның аты: «Тордағы теңіз асты жануарларын босат.» Ойынның мақсаты:Балаларды ептілікке, дәлдікке, шыдамдылыққа баулу, теңіз асты жануарларын атымен атай білуге үйрету.
Сергіту сәті: «Су асты әлемі тіршілік иелерінің қимылын қайтала» қимылды ойын. (музыка қосылады)
Жарайсыңдар балалар! Тамаша ондай болса кемеге отырып балабақшамызға қайтайық.
Сұрақ-жауап: Саяхатымыз ұнады ма?
Саяхаттан қандай әсер алдыңдар?
Теңізде не көрдік?
Жарайсыздар балалар!
