Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің маңызы

Мектепке дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің маңызы

Бохай Роза Астана қ.
№23 «Алтын бесік» балабақшасының әдіскері
«Адамға ең бірінші білім емес,
рухани тәрбие берілуі керек.  

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»  –Ал-Фараби  

 

Бүгінгі таңда жас ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған баймұрамыз  салт-дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен  таныстыруымыз керек.
Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады.  Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді.
Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Ал адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Балабақша қабырғасынан бастап, Отан, ел, жер ұғымының киелігін   білу, салт-дәстүр, мәдениетін, тарихын бойына сіңіріп өсіру-ең маңызды қағидат.
Ендеше бұл тұрғыда отбасы мен педагогтің  атқарар рөлі зор. Білім алудың негізгі қағидасы  тәлім-тәрбие. Расында, бар  күшімізді  білімге  жіберіп,  бала  тәрбиесін  назардан  тыс  қалдырсақ, біздің  ұрпақ алдындағы  үлкен  қателігіміз де сол болмақ.
«Бала  тәрбиесі-баршаға міндет»  Бүгінгі таңда балаға ұлттық құндылықты дәріптеу, үйрету, санасына сіңіру – отбасынан басталады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген атам қазақ бекер айтпаса керек. Отбасындағы ата-әже, әке –шеше, аға-іні, әпке-қарындас арасындағы сыйластық пен қарым қатынастан бастау алады. Тәрбие жас ұрпаққа бірінші болып берілуі керек. Егер тәрбие жоқ отбасында- еш бір құндылықтың ізі де болмайды. Ата-анадан кейінгі ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу ұстаздың қолында екені баршамызға мәлім. Олай болса,   ақылды  ұрпақ  тәрбиелеп,ертеңге  сенімді  ұрпақ  табыс ету  де біздің  еншімізде  десе де  болады.
Бала  бойына ұлттық құндылықтарды  сіңіре  отырып, адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы: ұлттық  тәрбиенің  мақсаты болашақта ұлттық  сана-сезімі  жоғары,өз  елінің  салт-дәстүрін,тарихын,мәдениетін  жақсы  білетін, сүйетін, ұлттық  құндылықтар  мен  жалпы адамзаттық  құндылықтарды  ұштастыра  білетін ұлтжанды  тұлға тәрбиелеу. Ұлттық  санасын  ояту,  өз  ұлтының ана  тілін, дінін, мәдени  мұраларын  меңгерту. Бала  бойына  жанашырлық, сенімділік,  шыдамдылық,  намысшылдық тәрізді  ұлттық  мінезді  қалыптастыру.  Ұлттық  тәрбиеміздің  негізгі  көздері – әдет-ғұрып,салт-дәстүр  мен  ұлттық  әдебиетіміз.Сонымен   бірге  отбасы  тәрбиесінің  ұлттық  ерекшеліктері,жеті  ата  туралы  түсінік,  туыстық  қарым-қатынас  атаулары, ата-ана  мен  перзент алдындағы   парыз  бен  қарыз, ұлттық  намыс. Міне,  осыларды бала  санасына сіңіріп,бойына  дарыта  білу -ұрпақ  тәрбиесіндегі ең  басты қағидамыз.Халқымыз  қандай  да  бір  білім  мен  өнегені балаға  қолма-қол  көрсету, көрсете отырып  үйретуді басшылық  еткен. Тәрбиелеудің   ұлттық  үрдісінде баланың  қандай  да  бір  ұнасымды  қылығын   мадақтап  отырған. Өйткені, бала   қашанда  үлкендердің  өзіне  ыстық  ықылас,  ізгі  ниет  көрсеткенін  күтеді. Сол  үшін  де  баланы  ынталандыру  үшін мадақтау  арқылы  психикасына  ықпал  етудің  үлгісін   қалыптастырған.  Ынталандыруды  баланың  жас ерекшелігіне  сай  ұтымды  пайдалана  білген.
Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шараларды ұйымдастырғанда ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру т.б. әрекеттерді жиі қайталап отырған абзал.
Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді, қызығады. Бала тілінің дамуы өзін қоршаған ортамен тығыз байланысты. Туғандары, анасы қай тілде сөйлесе, бала да сол тілде алғашқы сөздерін айта бастайды. Бала тілі -бал, олар түрлі пікірлер айту арқылы өз қиялын жеткізеді. Әр Қазақстан азаматы өз ана тілінде еркін сөйлеп, тілін құрметтеп, Отанының мемлекеттік тілін жетік меңгеруі тиіс. Осы сәтте балаға отбасы үлгі болуы қажет.
Ал мектепке дейінгі ұйымда педагог баланың ойын дамытып, жігерлендіріп, алға жетелеу арқылы талпындырып отыруы керек. Ана тілі рухани тірегіміз екенін сәби көңілдеріне сіңіріп, олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда тіліміздің тазалығын сақтауға барынша көңіл бөлген жөн.
Осы  орайда  мен  де оқыту  мен  тәрбие  ісінде ұлттық  сипатымызды  айқындайтын  халықтық  педагогиканы, атап  айтсам, ұлттық  ойындар мен  салт-дәстүрлерімізді үнемі көрсетіп, айтып,қызықтыра білуіміз өте маңызды.  Менің алдыма келген әрбір бала жеке тұлға, олардың өз салт-дәстүрі мен мәдениетіне, ұлттық ойынына қызықпайтын бала болмайды. Әрине ол үшін  әдіс-тәсілдер мен ойынды баламен бірге ойнау кезінде, бала тәрбие мен дамуында ойынның маңызы зор. Баланы ойната отырып- ұлттық құндылыққа баулуымыз керек.  Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге бірден бір құрал шараларда  болсын, пікір-таластар  мен  сайыстар  болсын, спорттық  жарыстар, ойындар  болсын халықтық  педагогикамен,  ұлттық   тәрбиемен  ұштастырып отыру керек деп ойлаймын. Баланы ұлттық қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оның мағынасын ашатын іс-шараларды да өткізіп отырамыз. Мысалы «Қош келдің, Әз-Наурыз !» мерекелік ертеңгілікте педагогтер бүлдіршіндер мен ата-аналарын қатыстыра отырып, салт-дәстүрден көріністер қойып, бір –бірінің өнерін тамашалап, бағалап қана қоймай, дәстүрді жаңғырта түседі. Бұл орайда бала емес, үлкендердің өзі ұмытылып бара жатқан дәсүрімізге сүйсіне орындап, мақтанышпен жеткізеді. Балаларды бір-біріне сұрақ қойдыртып, диалогқа шақыру,ынтымақтастық орта қалыптастыру, олардың келешек білім алуға даярлауға ықпал етеді. Әсіресе мұндай жұмыстарда екеуаралық кері байланыс міндетті түрде болуы шарт.Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді,әрі қызығушылығы артады. Мұндағы мақсатымыз-қазақтың салт-дәстүрлері арқылы балалардың бойына мәдени, рухани–және адамгершілік құндылықтарды дарыту. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мәдени бай мұрамызды бүгінгі ұрпаққа жеткізу.  Ата-бабамыздан қалған мол мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өз ұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық.   «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,-дегендей қазақ халқында салт-дәстүр өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.Сондықтанда осы бағытта жұмыс жасауды отбасы және балабақша болып қолға алған маңызды.Тәрбие мен білім қатар жүретін дүниелер, тәрбие мен білімді бөліп қарауға болмайды. Бұл дүниелер бірін — бірі толықтырып тұратын ажырамас сапа болып саналады. Біздің  басты  міндетіміз-қазақтың еліне, жеріне,әрбір тау-тасына иелік ете білу сезімін  жас ұрпақтың жүрегіне, санасына сіңіру. Қазақта  қандай дүние,қандай рухани  байлық болса,сонымен мақтана  алатын  саналы, интелектуальдық мінез-құлқы  қалыптасқан, өз  елінің  өзге  елдермен бәсекеге  қабілетті болуын  қамтамасыз  ететін  парасатты да патриотты  ұрпақ  тәрбиелеу.  Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше. Ойындар жалпы ойлау процесінің икемділігіне, зейініне, қабылдауына, логикасын,қиял ұшқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ұлттық ойындардың бала дамуына қосатын рөлі мен маңызы зор.
Баланың  бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп, жан-жақты тәрбие беруіміздің де маңызы ерекше болып табылады. Сондықтан балаларға әр күнін ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетімен, ұлттық ойындарымен т.б қызығушылықтарын арттыру арқылы жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Отан сүйгіштікке баулу олда үлкен маңызға ие. туымызды жықпай,ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу біздің міндетіміз болып табылады. Сондықтан да бала тәрбиесі отбасынан бастау алып, мектепке дейінгі мекемеде дағдыландырып қойман бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы елін дерін сүйетін, мықты тұлға тәрбиелейміз.

Әдебиеттер: 1. Ш. Сейдалиев, Л.Қоныс, Қ. Бағашар «Әдепті бала-арлы бала» — Алматы. «Алтын сақа» 2021ж.                                                                                                                 2. Бағдат Құдияр, Айгерім Аюбек  «Отбасындағы 30 сабақ» -Алматы. 2022ж. 3. Білім жаңалықтары №3 Республикалық ақпарат- әдістемелік журнал 20219

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.