Home » Мақалалар » Химия пəнін кейстік əдіспен оқыту тәсілі

Химия пəнін кейстік əдіспен оқыту тәсілі

Утенбекова Әсел
«6В05301-Химия» мамандығы 3 курс студенті
Алматы қ, Қазақстан

                                                             Аннотация

Мақалада проблемалық оқыту технологиялары, соның ішінде кейс-бағдарланған оқытудың тиімділігі көрсетілген. Бұл әдіс медицинада, заң ғылымында және басқа да әлеуметтік және гуманитарлық салаларда жиі қолданылады, бірақ, керісінше, жаратылыстану ғылымдарын оқытуда өте сирек қолданылады. Осыған байланысты орта мектептерде жаратылыстану саласындағы кейс-стади әдісін қолдануды кеңейту мақсатында зерттеу жүргізілді. Химия мұғалімдеріне көмектесу үшін кейс-стади әдісі химиялық жиілік тақырыбының мысалында көрсетілген. Олар дайындық, істі толықтыру, талқылау және шешім табу кезеңдеріне назар аударды және теориялық және практикалық тұрғыдан студенттермен ынтымақтастық моделін ұсынды. Сабақтың алдыңғы дәстүрлі модельдері оқытушыға, оның қызметінің белсенділігі мен басымдылығына бағытталған болса, проблемалық оқыту технологиясы ретінде, соның ішінде кейс-әдісті қолдану оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің белсенділігін арттыруға, олардың өз бетінше білім іздеуіне негізделген және ойлау қабілетін дамытты. Бұл әдіс студенттердің өзін-өзі дамытуға, білім негіздерін терең игеруге және пәнге деген қызығушылықты арттыруға пайдалы әсер етті.

 

Кілт сөздер: кейс-технологиялар, проблемалық оқыту, периодтық кесте, ойлауды дамыту, өзіндік жұмыс.

 

                                                                Кіріспе

Дəстүрлі оқыту жүйесі бойынша оқушы мұғалімнің берген білімін сол қалпында өзгеріссіз қабылдауға дағдыланады. Яғни оқушының жеке белсенділігі байқалмайды. Бұл қазіргі оқытудың талабына сəйкес келмейді. Бүгінгі күні ізденімпаз, өзіндік жұмыстарға бейім жəне алған теориялық білімін практикада қолдана білетін оқушыларға басымдық беріледі. Мұғалімнің сабақта өзінің ғана түсіндіргені тиімсіз. Егер мұғалім сабақты оқушылардың сабақ үстінде белсенді қатысуын ұйымдастыру арқылы өткізсе, ол тиімді нəтижеге əкелетіні сөзсіз.

Əлемнің көптеген мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында тиімді, əрі озық оқыту жүйелері қолданылады. Соның ішінде кең тараған проблемалық оқыту технологиясы, ал соның ішіндегі əдіс- тердің бірі — кейстік оқыту. Проблемалық оқытудың мақсаты оқушы мен оқытушының іс-əрекеті, мəселені түсіне білуі, шешім үрдісінде біріге алуы болып саналады. Мұнда оқушының тек білімінің, іскерлігінің, дағдысының жүйелілігін ғана емес, ақыл-ойының жоғары дəрежеде қалыптасуына, өз бетінше білімін тереңдетуге септігін тигізеді [1; 70]. Барлық деңгейдегі педагогтардың инновациялық іс-əрекетке даярлығын қалыптастыру стратегиясын тұлғаны дамыту жəне өзін-өзі дамыту тұжырым- дамасын анықтайды [2; 5]. Проблемалық оқыту технологиясы аясында кейстік оқыту оқушыны тұлға ретінде дамытуға апарады.

Кейс əдісі нақты ахуалдың жазбасын көрсететін техникалық оқытуды немесе ахуалдарды талдауға көмектеcуді көздейді. Аналитикалық шешілуі мүмкін емес күрделі құрылымсыз проблемаларды шешуге үйрету — кейс əдісінің негізгі функциясы. Кейс технологиялары келесі шеберлікті дамытады:

  • мəселені талдау жəне тұрақтандыру;
  • өзінің көзқарасын нақты тұжырымдау, айту жəне дəлелдеу;
  • тілдесу, пікірталастыру, вербалды жəне вербалды емес ақпаратты қабылдау жəне бағалау;
  • нақты жағдайларды ескерумен шешімдер қабылдау жəне нақты ақпараттың болуы.

Кейстік оқыту əдісі оқытушы тарапынан дайын ақпаратты жеткізудің орнына оқушылардың

өзін-өзі тануына басымдық береді жəне олардың белсенділігін ескереді.

Кейстер нақты жағдайды сипаттайды, шешілуі қиын мəселелер кешенін қамтиды. Əрбір кейстік

тапсырма оқушыны проблема бойынша шешім қабылдаушының рөлін атқаруға жəне дұрыс шешім шығаруға ұмтылатындай етіп құрылады [3; 1]. Кейстік əдіс бойынша нақты іс жүзіндегі деректерге негізделген кешенді проблемалар қарастырылады. Олар алдын ала сыныпта мұғалімнің ұйым- дастыруымен оқушылардың талқылауын жəне бірлесіп талдауын қамтамасыз ететіндей əзірленуі керек болады. Оқыту процесінде оқу мақсаттарына қолжеткізу үшін оқушылардың деректерді талдауымен ықтимал шешімдерді жасауына бағытталған жұмыс жасалады. Оқушылар кейстер мен онда көрсетілген нақты жағдайдың мəнін түсініп, шешімін тауып, шығарған шешімдерді дəлелдер келтіре отырып, түсіндіреді. Кейстер студенттердің теориялық білімін толықтыруға, талдау қабілетін, ұжыммен бірлесіп жұмыс атқара алу жəне коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Кейстер арқылы кешенді проблемаларды студенттердің талдауы мен алынған түрлі нəтижелерді ашық көрсете отырып, кейін тағы да қолдануға болады.

Химия пəні бойынша оқытудағы кездескен проблемаларға байланысты дайындалатын кейстер- мен оқыту əдісі оқушылардың химиялық білімдерін деңгейлі түрде меңгеруіне көмектеседі. Себебі оқытудын мұндай əдісі оқушылардың танымдық қабілеттерін жақсартады. Мұның ең бастысы «ойлау қабілетін дамыту» болып табылады. Оқыту əдісі оқушылардың жəне мұғалімдердің оқытудың мақсатына жетуге бағытталған іс-əрекеттерінің жиынтығына негізделеді. Мұғалімнің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі — оқушыға оқу материалын меңгерудің ыңғайлы тəсілдерін көрсетумен қатар, оған өзіндік ой-пікірі бар тұлға екенін сезіндіру, ізденіс барысында туындаған мəселе бойынша пікірталас туғызып, оқушыға дұрыс бағыт көрсету. Кейстік əдіс мұғалімнің осы міндетін орындауына қөмектеседі.

Кейстік əдіс алған білімді іс жүзінде қолдануға көмектеседі, студенттердің қызығушылығын арттырып, нысаналы оқыту үшін пайдаланылады. Осы əдіс студенттерді сыни тұрғыдан ойлауға ынталандырып, негізгі ұғымдарды түсінетіндей етіп, алған білімін нығайту үшін қолданылады. Кейбір студенттер теория мен шынайы өмірдегі жағдайларды ұштастыруға қиналады. Аталған əдіспен оқыту осы проблеманы да шеше алады. Кейс əдісі практикалық мəселелерді шешуге теориялық білімді қолдануға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Химиялық кейстер аркылы оқыту процесінің оқытушы жəне оқушылар үшін тиімді жақтарының біріншісі — бірлесіп жұмыс атқару. Қазіргі таңда білім беру үрдісінде интерактивті жаңаша əдістерді қолданып, мұғалімнің рөлін ұйымдастырушы ретінде күшейту қажеттігі белгілі. Ұйымдасты- рушылық жұмыс көп жағдайда жауапкершілікті талап етеді, өйткені оқыту үрдісінде оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас ізденушілікке негізделеді. Мұндай жағдайда мұғалім түсіндіруші ғана емес, бағыттаушы, бақылаушы жəне бірлесіп жұмыс атқарушының рөліне көшеді. Осыған байланысты кейстік əдіспен оқыту мұғалімнің оқушыны бағыттап оқытуына мүмкіндік береді. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауы арқылы олар оқу материалын сапалы меңгереді, олардың логикалық ойлау, ұйымдастырушылық қабілеті артады, мұғалім мен оқушының өзара байланысы мен қарым-қатынасы жақсарады, оқушылар өздігінен қорытынды жасауға, ізденуге жаттығады. Бірігіп жұмыс жасаудың бір тəсілі — топтық химиялық жұмыстар. Топтық жұмыстарды ұжымдық еңбек деп атауға да болады [4; 289]. Тұлға педагогикасы теорияларының рухында ұйымдастырылған оқыту үрдісіндегі негізгі ауырлық мұғалімнің қызметінен оқушының іс-əрекетіне ауысады, бірақ педагогтың жетекші рөл атқаруы сақталады [5; 218]. Кейстік əдіс арқылы ұжымдық еңбекті қолдану химия пəніне деген қызығушылықты арттырады, білім алушының білімін өздігінен жетілдіруін, өзін-өзі тəрбиелеуін қамтамасыз етеді. Оқушы мұғаліммен бірге жұмыс жасау барысында өздігінен білім алу қажеттігін түсінеді. Осының нəтижесінде оқушы емтихан тапсыру үшін ғана емес, шын ниетімен білім алу үшін талпынады [6; 321].

Екінші тиімділігі — жаңа ақпарат өндіру. Жаңа заманға лайықты болудың жолы ақпаратты топтап жинау ғана емес, оны қолдану жəне одан жаңа ақпарат алу мүмкіншілігіне ие болу. Алған ілімін қолданып, көрсетілген химиялық тақырыптарға арналған кейстерді шешу жолдарын табу жəне тапсырмаларды орындау оқушының репродуктивті ойлау қабілетін туғызады. Оқушылар жан- жақты ойланып, ақпаратты пайдаланып, талдап, шешімін өздері таба алады. Бұл олардың жаңалық ашуына, жаңа пікір қалыптастыруына көмектеседі.

Үшіншісі — өзін-өзі тексеру, бақылау жəне бағалау. Кейстік əдіс студенттердің меңгерген материалға жəне басқа студенттердің жауаптарына қарап, салыстырып, рефлексивті жəне сыни түрде өз ой-пікірлерін тексеруі жағдайында ұсынылады.

Жалпы кейстік оқыту əдісінің тиімді жақтарын қорытындылайтын болсақ:

− студенттердің өздері зерттеп талқылау арқылы үйренген білімдерінің жəне дағдыларының

тұрақты болуына көмектеседі;

− қорытынды шығара алуға үйретеді;

− проблеманы тек бір жолмен шешу емес, жан-жақты қарап, шешуге көмектеседі;

− басқалардың ой-пікірін, сөзін тыңдап, олардың əңгімесі аяқталғаннан кейін ойланып пікір

білдіруге үйретеді;

− оқиға немесе кейстік проблемаларды зерделеуге жəне өте мұқият қарауға үйретеді;

− қажет болған жағдайда бұрынырақ алған ақпаратты жəне мəліметті қолдана алуға көмектеседі;

− студенттің зерттеуші жəне шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді;

− ізденімпаз, шығармашылық жұмыстарға бейім болуына жəне алған білімін қолдана алуына

көмектеседі;

− дайын білімді қолданып қана емес, өз еңбегі арқылы ақпарат жинауын да қамтамасыз етеді;

− топпен бірге жұмыс істеуге үйретеді;

− өзін-өзі бағалауына жол береді;

− сыни ойлауға мүмкіндік береді;

− шынайы өмірде кездесетін жағдайлармен алдын ала таныстырады;

− белсенділігіне ықпал етіп, кəсіптік бағдар алуына жəрдем береді;

− оқытудың белсенді əдістерін үйретеді;

− сценарий құру арқылы ақпаратты өмірде қолдануды үйретеді;

− оқытушымен бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқыту үрдісін тиімді, нəтижелі етеді.

Кейстік əдістің кейбір кемшіліктерін де жоққа шығаруға болмайды, атап айтқанда:

− тақырып материалын топтағы барлық студенттердің алдын ала бір деңгейде білмеуі;

− оқушылардың қажетті ақпарат таба алмауы;

− дерек көздерінің аз болуы;

− уакыттың жеткіліксіз болуы.

Мектепте жəне жоғарғы оқу орындарында химия пəні бойынша кейстік əдістің тиімділігін

арттыру мақсатында мектепте маңызды түрде оқытылып жатқан периодтылық тақырыбы туралы кейс құрастыру жəне əзірлеу əдістемесін қарастырып, химиялық басқа да тақырыптарды кейстік əдіспен оқыту жолдарын қөрсетіп талқылауға тырыстық.

Химиялық тақырыптарға арналған кейстерді құрастыру жəне əзірлеу осы əдістемелік жұмыстың ең маңызды бөлігі болып табылады. Кейстерді құрастыру жұмысын «ғылыми өнер» деп атауға болады. Олар объективті түрде əзірленеді жəне шынайы өмірде кездесуі мүмкін проблемаларды қамтиды.

Кейстерде берілетін мəлімет нақты жəне күрделі болуы керек. Студенттерді жеткілікті деңгейде жəне күрделі түрде оқытатындай болуы тиіс. Кейстер оқытуға арналған проблемаларды нақты ашық түрде көрсетіп, күрделі оқытудың педагогикалық құралы ретінде болуы керек [7; 63].

Кейс тапсырмаларын əзірлеушінің міндеті оқиғалардың барысын кейс тақырыбының шегінен шықпайтындай объективті түрде баяндау болып табылады.

Кейсті жазудың негізгі кезеңдері мынадай:

− кейстік оқудың мақсаты мен міндетін анықтау;

− деректер жинау;

− кейсті немесе істі жазу кезеңі;

− деректерді жүйелеу жəне кейсті тексеру кезеңі.

Кейстердің міндеттері оқылатын сабақ түрінің міндеттеріне жəне оқу мақсатына сəйкес болуы қажет. Кейсті дайындау кезеніңде, ең алдымен, кейспен оқыту нəтижесінде оқушылардың алатын химиялық білімін жəне мақсаты мен міндеттерін анықтау керек болады. Периодтылық туралы кейспен оқыту арқылы оқушылардың төменде көрсетілген ұғымдарды меңгеру жəне периодтылық туралы түсінігін калыптастыру, қате түсініктерді жою сияқты мақсаттар көзделген. Бұл кейсте проблемаға негіздеп қойылған сұрақтарды шешу үшін оқушылардың өздігінен іздеп табу жұмыстары барысында элементтердің қасиеттерін периодты түрде өзгерудің неге тəуелді екенін нақты түсіну оқушының басты міндеті болып табылады. Бұл кейстің бірінші кезеңі болып саналады.

Екінші кезеңде мəліметтер жинау орын алады. Бұл кезеңде мектепте оқытылған химия оқулығында жəне жаттығуларда жазылған периодтылық тақырыбы бойынша мəліметтер жинақтал- ды. Элементтердін периодтылық касиетіне байланысты басты ұғымдар болып табылатын элемент, ядро заряды, реттік нөмір, атомдық масса, салыстырмалы масса, химиялық қасиет, период, период- тық кесте сияқты ұғымдарға берілген анықтамалар жинастырылып кейс құрастырылған. Осы кезеңнің негізгі талабы фактілердің объективтілігі болып табылады. Кейсті құрастыратын адам деректерді жинау кезінде өз ойын қосып түсіндірмеуі қажет. Барлық мəліметтер, фактілер, оқиғалар мен пікірлер, тағы басқалар нақты көрсетіліп, құжатқа негізделуі тиіс. Кейс жазушы практикалық сипаттағы қиындықтар кездескен жағдайда əрбір нақты жағдайды ескеріп, қосымша деректер жинау қажет. Кейстің логикалық құрылымында бірізділікті сақтау керек болады.

Үшінші кезең — кейсті жазу. Бұл кезеңде оқуға қойылған міндеттер ескеріліп, мəліметтер біріктірілді. Кейсті немесе істі жазу үшін қандай материалдардың енгізілуі немесе алынып тасталуы туралы шешім қабылдануы керек. Осы шешімді қабылдау төмендегі критерийлерге байланысты болады:

− кейстің мақсаты мен міндеттері;

− кейстің көлемі мен құрылымы;

− істің түрі мен сценарийі жəне оның ұсынылуы.

Соңғы кезең кейсте көрсетілген мəліметтерді жүйелеу кезеңі болып, кейсті жазып құрастыру кезінде артық немесе қайталанған мəліметтер тазаланып, логикалық тұрғыдан карастырылып біріктіріледі. Кейстің соңғы жобасы дайындалғаннан кейін, оны тиісті ұйымның мүдделі басшылары немесе мүшелері қарауы керек. Іс жүзінде деректер жинау кезеңінде немесе шолу үрдісінде жиналған ақпараттарды мүдделі басшылардың немесе мүшелердің тексеруі кейсті жазумен бір уақытта болуы да мүмкін [8; 79].

Бұл аталған кезеңдер мұғалімнің жұмысы немесе химия мамандарының бірлестігінің жұмысы болып табылады. Ал оқушылардың жұмысы проблемалық кейспен танысқаннан кейін мұғаліммен бірге оқушылар немесе алдын ала құрылған оқушы тобы өз ара талқылап, жоғарыда көрсетілген сұрақтарды дайындайды. Бұл сұрақтар іздену арқылы оларды шешу жолдарын табу мен проблеманы шешуге тырысу кезеңінде оқушыларға қойылған міндеттерді орындауға көмектеседі. Оқушылар сұрақтар аркылы талдаулар жасап өздігінен түсіндіру жұмыстары нəтижесінде периодтылық тақырыбы бойынша білімдерін нақты бекіте алады.

Нəтижелерді талдау

Периодтылық тақырыбы бойынша оқулықтарда кездескен мəліметтер жəне дəстүрлі оқыту бойынша оқушылардың алған білімін тексеріп бақылау бойынша кездескен кемшіліктер жəне проблемалар туралы бүкіл мəліметтер жинастырылып үлгі ретінде химиялық кейс дайындалды. Кейс химия пəнін оқыту барысында кездескен кемшілік, қате жəне дəлелсіз мəліметтер біріктіріледі жəне олар арасындағы қарама-қайшылықтар көрсетілді, сонымен қатар проблема ретінде ұсынылып кейс дайындалды.

Осы үлгі ретінде дайындалған кейс оқушылардың периодтылық тақырыбына тəуелді білікпен қамтылған. Көрсетілген мəліметтер əр жыл үшін жарияланған оқулықтардан жиналған болатын. Кейстің ішінде периодтылық ұғымын түсінуге арналған кейбір маңызды ұғымдар арнайы көрсетілген. Мақсат осы ұғымдарды түсіну аркылы элементтердің периодтылық қасиетін білу болып табылады. Кейстер жобалық нұсқасы түрінде жасалады жəне дұрыстығы, толықтығы мен айқындылығы сынып ішінде алдын ала талқыланып, тексеріледі. Осыған орай оқытушы жəне оқушылар бірге жұмыс жасап осы кейсті талқылап толықтыру керек болады. Толықтыру кезеңінде басқалардың ойы жəне өзге де түсіндірмелер қосылмауы керек. Кейсті студенттердің білім деңгейіне карай жасай отырып, оның тиімділігін көрсету міндетті болып табылады [9; 76].

 

КЕЙС (периодтылық туралы): химиялық элементтер, олар түзетін жай жəне күрделі заттардың қасиеттері элемент атомының ядро зарядына периодты түрде тəуелді болады. Химиялық элементтің реттік нөмірі, оның атомының ядро зарядының сандық шамасына тең болады. Cалыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері периодты түрде өзгереді. Период дегеніміз — атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Периодтық жүйеде кейбір элементтердің реттік нөмірлері оның атомдық массаларына сəйкес емес. Периодтық кестеде атомдық массаларының өсуіне қайшы орналасқан элементтер бар.

Ұғымдар: элемент, ядро заряды, реттік нөмір, атомдық масса, салыстырмалы масса, химиялық қасиет, период, периодтылық, периодтық кесте.

 

                                              Қорытынды

Қорыта келгенде, осы кейс аркылы оқыту кезеңінде оқушылар өз бетінше ізденді, сондай-ақ олар тақырып туралы туындаған проблемаларды жүйелі мəлімдеді, оларды шешу үшін белсенді түрде қатысты. Аталмыш əдіс оқу мақсаттарына жетуге жəне жаңа білім игеруге көмектесті. Студенттердің ойлау дағдыларын дамытуға, ынталандыруға ықпал етті. Элемент, ядро заряды, реттік нөмір, атомдық масса, салыстырмалы масса, химиялық қасиет, период, периодтылық, периодтық кесте сияқты абстрактылы немесе басты ұғымдарды жақсы меңгеруге септігін тигізді.

Оқыту үдерісінде проблемалық оқыту элементтерін қолдану өмірге деген шынайы көзқарасты тудырады жəне де оқу кезінде мақсат қойып, интеллектуалды жұмыс жасап, өмірлік проблемаларды шешуге үйретеді [12; 139]. Бұрынғы дəстүрлі сабақ үлгiлерi мұғалiмге жəне оның қызметiнің белсенділігі мен басымдылығына бағытталса, оқыту технологиясы ретінде проблемалық оқыту, соның ішінде кейстік əдісті қолдану оқушының оқу-танымдық қызметінің белсенділігі мен пəрменділігін арттыруға, олардың білімді өздігінен табуына негізделеді жəне ойлау қабілетін дамытуға бағытталады. Студенттерді шынайы проблемалар аркылы үйренуге, шешім кабылдауға жəне болашақтағы дамуына көмектеседі [13; 73]. Оқушылардың өзін-өзі дамытуға, білім негіздерін терең игеруіне, пəнге деген қызығушылығын арттыруға жəне болашақта қандай да бір беделді маман болуына игі əсерін тигізеді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.