🛰️ Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы “Төрткүл “ жбб мектеп педагогы мен оқушысы “Жер серігі Kazsat-4” құралының жобасын жасап шығарды.
Ерекшелігі :Қазақстан Республикасының барлық аймақтар интернет желісінің , ауа-райы, жерді бақылауы, телекоммуникация саласын , байланыс қызметін жоғары деңгейде қамтылуы.
🛰️ Жоба жетекшісі информатика пән мұғалімі Балабаева Гулфайруз ұстазбен оқушысы Кеңесбек Қуаныштың айтуларынша жоба “Arduino” нано микроконтроллері және дыбыс шығарып тұратын жарық диод шамымен L 296 драйверімен жабдықталған.
🛰️ Біз жобаны бірнеше мақсатта жасап шығардық.
Бұл жер серігі республикамыздың телекоммуникация саласында , HD ультра HD жоғары форматтағы бейнелерді көруге, байланыс қызметін, ауа райы және жерді бақылап отыруға негізделген. Мысалға біз Байқоңырдан ұшырсақ Kazsat-4 жер серігінің құрамындағы датчиктер арқылы ауа райының ылғалдылығы мен температураларын бақылайды .Сонымен қатар еліміздің экономикасына үлкен әсерін береді. Экономикасына әсерін береді дегеніміз Kazsat-1,Kazsat-2 жер серіктерін жасап шығарғанда басқа мемлекттермен бірлесіп шығарып елімізге көптеген шығын келтірген бір ғана мысалды алсақ 2004 жылы Қазақстан өзіне жер серік керек екенін түсінді .2006 жылы Рессеймен бірлесе отырып екі жарым жылдан соң үлкен ақаулар шығып елімізге Kazsat-1 жерсерігін жасау арқылы 65 мың $ шығын алып келсе,Kazsat-2,- 115 мың $ , Kazsat-3 165 мың $ шығындар алып келген. Өз елімізде өзіміз басқа мемлекеттермен бірлеспей жасап шығарсақ жоғарда аталған шығындар шығармай еліміздің экономикасына көп әсерін берер еді.