Нургалиева Бахыт Бекетовна
Астана қаласы Алматы ауданы
Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп -лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі.
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық даму деңгейін арттыру
Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың маңызды бағытының бірі логикалық ойлау қабілетін дамыту. Осы процесс қазіргі таңда педагогика саласының өзекті мәселі болып табылады, оған көптеген оқу бағдарламалары мен әдістемелік әдебиеттеріндегі зерттеулер дәлел. Баланың ойлау қабілеті оның қиялын, сөйлеу мәнерінің дамып, есте сақтау мүмікндігін арттырады. Ол үшін мұғалім сабақтарда тек жалаң түсіндіруден гөрі ертегі кейіпкерлерінің сөздерін іс-қимылдарын ойланып, мәтініне келтіріп қайталауға машықтануы қажет. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Өз сабағымда мына есептерді мәтіннің мағынасына мән бере отырып шығаруды тапсырдым. Нәтижесінде оқушылар есепті мұқият тыңдап отырғанда ғана шынайы нәтижеге қол жеткізуге болатындығын ұғынды. Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану қажет. Бастауыш сыныптарда математика сабағынан балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатынмүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Ойлауды дамытудың жоғарғы кезеңдерінде – оның логикалық формаларында – ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады, түрлі таңбалар жүйелері пайдаланылады. Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады.
Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесін дамытуда ойын әрекетінің зор рөл атқаратын интелектуалдық дағдыларының маңызы ерекше. Біздің, әсіресе ойын түрлерінің, соның ішінде ұлттық ойындардың дамыту — тәрбиелеу мүмкіндіктері мол екеніне көзіміз жетіп отыр. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етіп кеткен. Солардың бірі — ұлттық ойындар. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным — түсінігін де арттырады. Ойнай білген бала сол халықтың мінез құлқынан, ой санасынан, тұрмыс — салтынан хабар алады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлануының өз ерекшеліктері бар. Дәл осы кезеңде алдыңғы көрнекі – бейнелі ойлану, логикалық сөйлеу,
түсініктеме түріне ауысады. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Бастауыш сынып оқушылары үнемі логикалық тапсырмаларды орындау арқылы, өздерінің логикалық ойлау қабілетін дамыта алады. Сонымен мұғалімнің оларға көмегі: Қоршаған ортамен байланыс жасау; Дұрыс түсінік қалыптастыру; Теория жүзінде үйренгенін тәжірибиеде қолдану; Ойлау операциялар көмегімен талдау (қорытындылау, салыстыру, классификациялау, синтездеу, және т.б.) болып табылады. Осының барлығы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Логикалық ойлауды білген бала ойы да, ісі де нақты, жүйелі болып келеді.