Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі»- дейді. Осы мақсатты көздеген Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен және Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың қазан айында балабақшадағы 20 үздік әдіскерді кәсіби тағылымдамаға Польша мен Германия елдеріне жіберді. Бұл сапардың мақсаты – қазақстандық балабақшаларға еуропалық тәжірибені енгізіп, балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Тағылымдама барысында біз әдіскерлер Еуропаның мектепке дейінгі білім беру жүйелерін зерттеп, заманауи және инклюзивті әдістерді меңгеруге мүмкіндік алдық.
Польша елінде орман балабақшаларының әдістемелерімен, ал Германияда «Бір күндік балаларда демалыс» атты жобамен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің инновациялық тәсілдерін , тілдік интеграцияға арналған әдістермен таныстық. Бұл сапардың Қазақстандағы білім беру жүйесіне ықпалы зор екендігін түсіндім. Еуропалық әріптестерімізден көргеніміз бен үйренгеніміз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруде үлкен пайдасын тигізетіні айдан анық екенін білдім.
Алматы қаласының әкімдігі мен Білім басқармасы алдағы уақытта да осындай іс-шараларды жалғастырып, халықаралық тәжірибені Қазақстанның білім беру жүйесіне бейімдеуді көздеп отырғаны қуантарлық жағдай.
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы,– дейді халық даналығы. Алматылық балабақша әдіскерлерінің жинаған халықаралық тәжірибе еліміздегі мектепке дейінгі білім беру сапасын жаңа деңгейге көтереміз деген үміттемін.
Алматы қаласы Медеу ауданы,
КМҚК «№114 бөбекжай-балабақшасының»
әдіскері
Джапарова Райгуль Сабигазыевна