Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
«Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған
№ 66 бөбекжай- балабақшасында»
«мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.
Меңгеруші Зипарова Гульнара Ахметжановна конференцияның мақсаты мен іс-шараларын таныстырудан бастады. Әрі қарай Қостанай қаласынан келген Унгарова Асия Канаткалиевна «Увлекательный Мир экономики на шёлковом пути» тақырыбында презентация қорғап, өз тәжірибесімен бөлісті.
№66 бөбекжай-балабақшасының ересек және мектепалды тобының балаларының және ерікті ата-аналарының қатысумен Жібек жолымен саяхатқа эпилог және «Жетігеннің 7 асық» туралы казақ аңызының таныстыруы болды.
Қатысушыларға
№66 бөбекжай-балабақша ішін таныстырып, экскурсия-саяхат жасалды.
Конференция қонақтарын бағдарлама түсі бойынша төрт топқа бөлді. Бірінші топқа “Ою-өрнек бойынша жол табу”, “Көңілді санақ” ойынын балаларға «Солнечный
луч» мектепалды тобымен
ойнату болды.
Бұл ойынның басты мақсаты: “Қанша, неше, есеп “ сияқты математикалық терминологиясын қолдана отырып, балалардың жауаптары арқылы қазақша диалогтік сөйлеуді дамыту. Екінші тапсырма “Звездочка” ортаңғы тобымен театрландырылған қойылым “Арыстан мен тышқан”. Қойылымның мақсаты -балаларға қойылымның қазақ тілінде мазмұнын жеткізіп, түсіне алу және қамқор болуға дағдыландыру.
Екінші топқа “Ұлттық тағамдарымыздың бірі — құрт жасау” тапсырмасы берілді. Әжелеріміздің
“Балалар әлемі” мектепалды тобының балаларына құрттың өндірілуі туралы ақпарат айтып, өз қолдарымен бірлесіп құрт жасады. Құрт, сүт , айран, қатық,сиыр сауу, шиге құрт жаю сияқты қазақ тіліндегі сөздермен балалардың сөздік қорын байытты.
Үшінші топқа “Бауырсақты қалай дайындаймыз?” атты тапсырмасы берілді.
Ортаңғы топ “Подснежник” тобы бүлдіршіндерімен бірігіп, қазақтың ұлттық тағамы “Бауырсақ” туралы, оның қалай жасалатынын түсіндірді. Екінші тапсырма “Дастархан” тапсырмасы болды. “Ромашка” ересек тобымен “Қонақ күту “ сюжеттік рөлі ойналып, балалардың қазақ тілінде байланыстырып сөйлеуін дамытуға жол ашты.
Төртінші топқа “Текемет” тапсырмасы берілді.
“Ғажайып қорған” ересек тобы қазақтың қол өнерімен таныстырды. Текеметтің жасалу жолдарын көрсетті. Қазақ тіліндегі сөздермен сөздік қорларын молайтты.
Ата-аналармен “Бабочка” ересек тобы «Мықты, батыл, епті, шебер
батырлар» атты ұлттық спорттық ойын ойнатылды. Балаларды спорттық ойындарға баулып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелейді.
Бүгінгі конференцияға қатысушы ерікті ата-аналарды көріп көңіліміз жылып қалды. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Біз көрген №66 бөбекжай-балабақшасында да дәл солай, ата-аналар өте белсенді. Балабақшадағы оқу, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін бүгінгі конференция дәлелдеп отырғандай.
Балабақша ұжымы ата-аналармен жұмыс жүргізуді мынадай бөлімдерге бөліп қараған екен.
«Оқи отырып, тоқи отырайық» , «Өз ойыңды басқамен бөліс» , «Біз біргеміз».
«Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады.
Бұл бөлімде ата-аналарға түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырылады. Сонымен бірге,
педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педагог –тәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.
Конференцияның қорытынды бөлімінде кері байланыс жасалып, қонақтар ақжарма тілектерін айтып, балабақша меңгерушісі мен әдіскеріне, ұжымға ризашылықтарын білдірді. Келген қонақтар риза болып тарқасты.
Балабақша бала бақса игі, білімнің шамын жақса игі. Шәкірт тәрбиелеуде қанаттарыңыз талмай, шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін,
№66 бөбекжай-балабақша ұжымы!
BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Елназ Тұрсынғалиқызы