Аманжол Нагашбай
Астана қаласы әкімдігіне қарасты
№ 11 «Гауһар» б/б
музыка жетекшісі.
«Ормандағы өрт»
Музыкалық-театрландырылған қойылым
(Мюзикл)
БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ОЛ МЮЗИКЛ.
Аңдатпа. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» — деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап — ақ музыка әсер етеді.
Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарты баланың өзін білім беру қызметінің толыққанды субъектісі ретінде сезінуі үшін мұғалімнің өз жұмысын модернизациялау қабілетінің болуын болжайды. Музыкалық білімге жаңа көзқарастар балалардың музыкасын дамытуда мүлдем басқа, тиімді педагогикалық технологияларды қолдануды талап етеді. Осыған байланысты музыкалық іс-әрекеттің формалары мен әдістерін таңдап, оларды балалардың дамуына бағыттау қажет. Осыған байланысты қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайларға сәйкес келетін балабақшада мерекелер мен ойын-сауықтарды ұйымдастырудың және өткізудің жаңа формаларын іздеумен байланысты педагогикалық проблема өзекті болып отыр.
Бұл мәселелерді музыкалық сабақтарды өткізудің дәстүрлі формалары мен әдістерін сақтаужәне эволюциялық дамыту кезінде білім берупроцесіне жаңа динамика беруге мүмкіндік беретін мерекелік және бос уақытты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын біріктіретін мектепке дейінгі білім беру жүйесінде шешуге болады. Мюзикл — заманауи музыкалық театрдың ең сәнді бағыттарының бірі, эстрадалық және тұрмыстық музыканың, хореографиялық, драмалық және опера өнерінің түрлі экспрессивті құралдарын қолданатын музыкалық-сахналық қойылым.
Авторлық бағдарлама мақсаты: балалардың музыкалық, көркем және эстетикалық мәдениет негіздерін қалыптастыру үшін, әр түрлі іс-шараларда балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.
Авторлық бағдарлама міндеттері: балаларда ертегі кейіпкерлерін эмоционалды-тұтас қабылдауды қалыптастыру; экспрессивті құралдар кешенімен (музыкалық, көркемдік) таныстыру; бейнелі ойлауды, қиялды, қиялды дамыту, ән мен қимыл пластикіндегі кейіпкерлердің кейіпкерлерін жеткізе білу; белсенділікті, ерік-жігерді, шыдамдылықты және коммуникативті қабілеттерді дамыту.
Кейіпкерлер: Қоян-анасы, 2 көжек, қасқыр, кірпі, өрт сөндірушілер-бақалар, от боп киінген қыздар.
Жабдықтар: үйшік, орманның жабдықтары, ас бөлменің жабдықтары, эл. Плита, сіріңке, гүл, ойыншықтар, телефон, қоян ұстайтын себет, 3 қызыл шелек, от келтіретін маталар;
Костюмы: қоян, 2 конжық, қасқыр, кірпі, 2 бақа, 1 от костюмы.
Басталуы:
Орманда музыка естіледі.
Үйшік тұр. Жүргізуші шығады.
Жүргізуші:
Бір күні осы орманда,
Болыпты бір оқиға.
Ол тұралы тыңдаса,
Айтып берем асыға.
Қоян, 2 көжек шығады.
Қоян: Таң атысымен мен бүгін,
Тамақ іздеуге жиналдым.
Көжектерім, айтарым:
Тәртіп ұстауға бүйырдым.
Сіріңкені мұлде алмауға,
Шақырамын мен, байқа!
1 көжек: Анашым, алаңдама,
Жұмыстарын алдыңда.
Біз бәріміз жабылып,
Үйді жинап қоямыз.
Қоян: Жарайды, мен сенемін,
Көжектерім, бөбектерім.
Көп кешікпей келемін,
Көп тамақ әкелемін.
Көжектер: Сау бол, анашым!
Қоян: Сау болыңыздар, көжектерім!
1 көжек:Ал, бауырларым-көжектерім,
Іске сәт,- деп айтарым.
Анашымның айтқанын
Тез жасап беремін.
2 көжек-бұзық: Ал,мен, іске кіріспеймін!
Ойнау іске мен дайынмын.
1-көжек: Бұл ісің дұрыс емес,
Тек жалқауға бақыт келмес.
2-көжек-бұзық: Жарайды, сенікі болсын,
Үйді жинауға кірістім!
(музыка ойналады, көжектер үй жинауға кіріседі)
1-көжек: Ал мен, ойыншықтарды
Реттеп қоямын, қарашы.
Ал мен, гүлдерді суғарып
Жайнатып қоямын.
1-көжек: Мінеки, тап -таза болды,
Енді шай ішуге әзірлі.
Бауырларым-көжектерім,
Сіріңке алуға болмайды деп,
Анам айтты ғой, бұйрық деп!
2-көжек-бұзық:Қорқақ бауырым,
Біліп қой!
Сіріңке жағу- Оп-оңай ғой
(Сіріңке қорабын алып жағады, сіріңке қолынан түсіп кетеді)
2-көжек-бұзық: Ойбай, енді не істемін?!
Сіріңкені мен түсіріп алып
Еден жанып, үйді алып!
Өртке айналды, бұл- сұмдық!
(Барлық көжектер бірге айғайлайды!)
Көжектер:-Өрт, өрт, көмек керек!
Би «Өрт»
(Қасқыр жүгіріп келеді)
Қасқыр: Өрт, өрт ай-ғайды естіп,
Мен жылдам жүгіріп келдім!
(жан-жағына қарайды)
-Аа, бұл Қоянның үйшігі,
Жақсы болды, тамақ келді! (мәз болады)
Мен ешкімді шақырмай
Өзім ған тамақтанайын!
Ой, бірақ, ұмытып барам!
Маған дәрігер тиым салған.
Құырылған ет жеме деп,
Асқазанға зиян деп!
Мен тез арада қашайын,
Жан керек деп, айтайын!
(қасқыр қашып кетеді)
(орманға кірпі келеді)
Кірпі: Орман іші түтін сасыйды,
Өрт жанып, орман құрыйды!
Тез арада 101- ге,
Хабар тиісті беруге!
(телефон алып 101 хабарласады)
Кірпі: Алло, алло! 101,101!
Орман өртте,
Естідіндер ме?
(телефон қалтасына салып, үйшікке келеді)
-Жылдам, жылдам, көжектерім!
Өрттен құтқаруға асығамын.
(Кірпі көжектерді үйшіктен шығарады)
(музыка естіледі, бақалар -3 қолдарында қызыл шелектер- «101» деген жазуымен. Бақалар орманды бір айланып үйшікке жақындайды)
1-бақа: өрт сөндіруге жедел келдік
2-бақа: қане, тез қимылдайық!
Кәсіп бойынша, жабылып
Өрт сөндіруге, әзірміз!
Мамандығы- өрт сөндіргіш,
Бірінші боп, қажетті!
(Қоян жүгіріп келеді)
Қоян: Қөжектерім, алтындарым!
Неге мені тыңдамадын?
Өрт сөндірушілерге, мын алғыс!
Кірпі сізге де, мың алғыс!
1-бақа: Сізге, қоян, бір ескерту!
Сіріңке, электр жабдықтарды,
Пайдалану, өте қауыпты!
2- бақа: Сондықтан, тыңдаймыз!
Есте сақтап қоямыз!
Тоқпен, сіріңкемен ешқашан,
Ойнағанды қоямыз!
(Барлық кейіпкерлер шығып ән айтады)
Ән «Кел, балалар, тыңдайық, өртпен ойнамайық»
(залдан шығып кетеді
Түйін сөздер:
— Мюзикл баланың жеке басын, оның даралығын, шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді. Баланың өз сезімдерін, эмоцияларын білдіруге мүмкіндігі бар.
— Балалар мюзиклдерінің қойылымы мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді музыкалық дамуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
— Драматизацияны, ән айтуды, қозғалысты біріктіретін кешенді іс-әрекеттің арқасында бала музыка ойнап, эмоционалды және эстетикалық қанағат алады.
Өздеріңіз білетіндей, адам өмірінің ең эмоционалды түсті сәттерін еске алады. Мюзиклде ойнай отырып, балалар өздерін нағыз әртістер сияқты сезінеді, нағыз қол шапалақтарды естиді, сәтті ойнаған рөлден ләззат алады. Балалар осы бақытты сәттерді ұзақ уақыт есте сақтайды.
Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешуге байланысты мерекелік және бос уақытты өткізу балалардың музыкалық және эстетикалық тәрбиесін оқытудың ең тиімді құралы болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
- Эдит Крамер. Арт-терапия с детьми. Издательство: Генезис, 2013. – 320 с.
- Алиева С.А. Арт-терапия в коррекции эмоциональных проблем дошкольников. // Интернет-журнал «Талантливый педагог». No 4, 2013.
- Фольклорлық арт терапия. Узбекали Джанибеков
- Логоритмика для дошкольников в играх и упражнениях. Практическое пособие для педагогов и родителей. О. А. Новиковская