Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа баулу. Өзіне деген сенімділігін арттыру. Өз күшіне сене отырып қорқынышты, үрейін бағындыру, ептілікті, шапшандықты меңгеру. Оқушылардың өз мақсатына жетуге ықпал ету.
- Тренинг «Өміршеңдік ережесі»
- Жігер деген – Мен
- Күш деген – Мен
- Махаббат деген – Мен
- Кешірім деген – Мен
- Құдірет деген – Мен
- Жасөспірім деген – Мен
- Жастық шақ деген – Мен
- Денсаулық деген – Мен
- Адалдық деген – Мен
- Жарқындылық деген – Мен
- Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
- Ойын «Бір аяқты тоты құс»
Мақсаты: Ұйымшылдықпен бір мезетте бір-бірін тыңдауға үйрету.
Құрал-жабдық: Үлкен форматтағы ақ қағаз немесе А3 форматы.
Өту барысы: Балалар көп болған жағдайда санына қарай 2 топқа бөлінуі қажет. Нұсқаушы дабыл соққан кезде оқушылар бір мезетте ақ қағаздың үстіне бір аяқпен тұрулары қажет. Екінші дабыл соққан кезде ақ қағазды екіге бүктеп, үстіне бір аяқпен тұрулары қажет. Үшінші дабыл соққан кезде ақ қағазды үшке бүктеп, бір мезетте бір аяқпен тұру керек.
Күтілетін нәтиже: Ептілікке, шапшаңдыққа, бір-бірін тыңдауға үйренеді.
Қойылатын сұрақтар: Тренингтен қандай әсер алдың?
Тренинг қиындық келтірді ме?
Тренинг кезінде не сездің?
III. Тренинг «Өзгеге емес, өзіңе сен»
Мақсаты: Оқушылардың қорқынышын басуға және үрейін жеңуге үйрету.
Құрал-жабдық: Биік отырғыш немесе үстел, матрас.
Өту барысы: Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы жұп болып тұрады. Қарама-қарсы тұрған оқушылар үстелдің үстінен құлап келе жатқан оқушыны ұстап қалу қажет. Ұстап қалған оқушыны жерге құлатпай, бір-біріне жалғау арқылы оқушы біткенше апарады.
Күтілетін нәтиже: Өзіне сенімділік қалыптасады, үрейін жеңеді.
Қойылатын сұрақтар: Тренингтен қандай әсер алдыңыз?
Тренингте қорқыныш болды ма?
Құлағанда қандай сезім болды?
- Ойын «Күш – бірлікте»
Мақсаты: Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдықпен іс-әрекет жасауға үйрету.
Құрал-жабдық: Құрсау (Обруч)
Өту барысы: Нұсқаушының белгісі бойынша оқушылар бір-бірінің қолын қысып ұстап, қолдарын үзбей құрсауды өздерінің үстерінен өткізу керек.
Күтілетін нәтиже: Ептілікті, ұйымшылдықты үйренеді.
Қойылатын сұрақтар: Тренингтен қандай әсер алдың?
Тренинг қиындық келтірді ме?
Тренинг кезінде не сездің?
- Тренинг «Құламалы тау»
Мақсаты: Оқушыларды бірлікке, көмектесуге үйрету.
Құрал-жабдық: Орындық (скамейка)
Өту барысы: Оқушылар орындықтың үстінен бір-бірлерін жерге құлатпай, орындықтан өтуі керек. Құлап қалған оқушы қайтып орындықтан өтуі қажет.
Күтілетін нәтиже: Адамдарға қол ұшын беруге үйренеді.
Қойылатын сұрақтар: Тренингтен қандай әсер алдың?
Тренинг қиындық келтірді ме?
Тренинг кезінде не сездің?
- «Батпақ»
Мақсаты: Топтық қарым-қатынасты жақсарту, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға үйрету, ым-ишара арқылы бірін-бірі түсінуге дағдыландыру, бір-біріне деген сенімділігін қалыптастыру.
Құрал-жабдық: Бор, сызылған шеңбер.
Өту барысы: Оқушыларды екі топқа бөлу. Топ-топпен жарыстыру. Қолдарын үзбей ұстау арқылы сызылған шеңбердің үстінен өту.
Күтілетін нәтиже: Бір-біріне деген сенімділік қалыптастады, ұжымшылдықпен жұмыс жасауға үйренеді.
Қойылатын сұрақтар: Тренингтен қандай әсер алдың?
Тренинг қиындық келтірді ме?
Тренинг кезінде не сездің?
VII. Не екен?
Мақсаты: Оқушылардың қорқынышын басу және үрейін сейілту.
Құрал-жабдық: Жәшік, жәндіктердің мүсіндері, заттар.
Өту барысы: Берілген жәшіктің ішінен қолдарын салу арқылы жасырылған заттарды алып шығу.
Күтілетін нәтиже: Қорқыныштарын жою
Қойылатын сұрақтар: Тренингтен қандай әсер алдың?
Тренинг қиындық келтірді ме?
Тренинг кезінде не сездің?
VIII. Лабиринт
Мақсаты: Логикалық ойлауға, бір-бірін тындауға, бағыт-бағдарға үйрету.
Құрал-жабдық: Жіп.
Өту барысы: Оқушылар берілген лабиринттің ішінен өту қажет, олардың нұсқасы бойынша өтетін бала көзі байлаулы күйінде өтеді. Өтуге қасындағы оқушылар көмектеседі.
Күтілетін нәтиже: Бір-бірін тыңдауға, бағыт-бағдарын білуге үйренеді.
Қойылатын сұрақтар: Тренингтен қандай әсер алдың?
Тренинг қиындық келтірді ме?
Тренинг кезінде не сездің?
- Мені тыңда
Мақсаты: Оқушылардың бағыт-бағдарын анықтау, бір-бірін тыңдауға үйрету.
Құрал-жабдық: Кедергілерден өтуге арналған таяқшалар.
Өту барысы: Оқушылардың көздері жұмулы, жұмулы күйінде артында жүрген оқушының нұсқасы бойынша кедергілерден өту қажет.
Күтілетін нәтиже:
Қойылатын сұрақтар: Тренингтен қандай әсер алдың?
Тренинг қиындық келтірді ме?
Тренинг кезінде не сездің?
Нұрболат Ерболатұлы Елдузеров,
Қазталов мектеп-лицейінің психологы,
Қазталов ауданы, БҚО