Home » Балабақша » Балабақшаның тәрбие жүйесі

Балабақшаның тәрбие жүйесі

             Сонау  ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов «Тәрбие беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе » деген.Талабы таудай білімді,дарынды,ақылды,инабатты тәрбиелі жеке тұлғаны тәрбиелеп,жетілдіріп шығару әрбір тәрбиешінің міндеті.Дамыта оқытып,сурет салуға баулу,балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру осы заман талабы.

Балабақша – өте күрделі зертхана.Оның қабырғасында алған  тәрбие әрбір баланың қолындағы өзінің келешегі үшін қажетті кілт сияқты.Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үніліп,баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің борышы деп ойлаймын.Әрбір тәрбиеші бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуіміз керек.

Аудандық білім  бөлімінің жоспарына сәйкес  2019 жылдың 20 қыркүйегінде  «Айналайын» балабақшасында С.Е.Оразалинова тәрбие жүйесін жүзеге асыру мақсатында мектепке дейінгі педаготарға арналған, оның ішінде жас мамандар  мен мектепалды даярлық тәрбиешілерінің тәжірбие алмасу  семинар-кеңесін  ұйымдастырды..

«Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді бай һәм күшті болуымыз керек.Білімді болуға оқу керек ,бай болуға кәсіп керек ,күшті болуға бірлік керек» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай семинар-кеңеске қатысып пікір алысып, тәжірибе алмасуы дөңгелек үстел басында көрініс тапты. Дөңгелек үстел басында сөз алған әріптестер осындай семинар-кеңестер жиі өткізіліп, өзара пікір алмасып  отыру өздеріне тиімді екендігін айта отырды.

Қорытындылай келе  кәсіби шеберлігі жоғары тәрбиеші – нағыз тәрбиеші, ал, нағыз тәрбиешінің үлкен ізденісі зор еңбекпен келетінін сезінген тәрбиешілер жаңа технологияларды тиімді қолдану игі нәтиже беретіндігімен семинар-кеңесті қорытып,тәжірибе алмасты.

             

               Ахметова Айгуль Кадыровна

  Павлодар облысы   

                                                 Аққулы ауданы Жамбыл ауылының

                                                           МҚКК «Күншуақ»балабақшасының тәрбиешісі

                                    

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.