Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының баспасөз қызметі
2 қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық «Үздік педагог-2020» байқауы жеңімпаздарының марапаттау рәсімін барлық өңірлерде бір мезгілде бейнеконференция байланысы арқылы өткізіді.
Мерекелік жиын барысында үздік атанған елеміздің ұстаздарына 2 млн 778 мың теңгеден қаржылай сыйақы табыс етілді.
«Үздік педагог – 2020» республикалық конкурсында аталмыш атаққа облыстың 4 ұстазы лайық деп танылды.
Олардың қатарында:
- облыстық дарынды балаларға арналған мамандандыпылған ІТ лицей-
интернатының тарих пәнінің мұғалімі Жангазиева Жанар Урунбасарқызы,
— облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Досыбаев Жандос Ильясұлы,
— Меркі ауданындағы №17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каймалакова Нагима Уйсінбайқызы,
— Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Мураталиев Қанатбек Шыныбекұлы бар.
— Жеңімпаздарға «2020 жылдың үздік педагогі» төс белгісі және 2 778 000 теңге қаржылай сыйақының сертификаттары табысталды.