Home » Айтарым бар » «Бұрымды қыз- қашанда сұлу» жобасы

«Бұрымды қыз- қашанда сұлу» жобасы

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие  — ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен  сусындап өскен ұрпақ  ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз  ұлттың сапасын құрайды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруда 2024-2025 оқу  жылының басында №152 мектеп-гимназиясы   «Бұрымды қыз- қашанда сұлу» жобасын ұйымдастырды.
      

Жобаға мектебіміздің 3-11- сынып аралығындағы бұрымды қыздары қатысты. Мектебіміздің  бұрымды қыздары жобаға қатысып, өздерінің  ой-пікірлерімен бөлісті. Осындай тәрбиелік  мәні  бар салт-дәстүрімізді дәріптейтін  жобалар еліміздің  басқа да  мектептерінде   өткізілсе деген мақсатта челендж жолдады.
     

Жобаны  ұйымдастырудағы мақсат: қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу, салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау, эстетикалық тәрбие беру.
           

Қыз баласына  ерекше құрметпен қараған еліміз үшін бұл ұзақ жылдық, тәрбиелік мәні бар шара. Бұрым — қыздардың бойындағы жинақылық, сұлулық, тазалық, ибалылық қасиеттерімен бірге ұлтымыздың ерекшелігін көрсетеді.

Білімділік, тәрбиелілік, инабаттылық қасиеттері бойынан табылған нәзік жандылар- ең сұлуы емес пе?!

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі. Қыз тәрбиесіне бей-жай қарамай, ұлт болашағына бірге жұмыс жасайық!

 

Алматы қаласы Алатау ауданы  
№152 мектеп-гимназиясының ДТІЖО: 
Тажибаева Сымбат Токабайкызы
Думшебай Айжан Әукенқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.