Home » Айтарым бар » Сенім (сіздік)

Сенім (сіздік)

Түймедақтың күлтесін жұлып,
сүйеді–сүймейді дейтінге…
«Жұлдыз ағып, тілек етсең, қабыл болады кей түнде»
«Анасы барлар қартаймай, қалады жап-жас кейпінде»
Дейтінге —
менің де сенгім келген…

Бір мезеттік бақыттың таудай боп көрінген көлемін,
Құдай жақ болған ақтың да, қараны бір күн жеңерін…
Мүлде сүйіп көрмеген жанның, «сен үшін өлемін!»
Дегеніне —
Мен де сеніппін…

 

Тұрарбек Мерей Қайратбекұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.