Жаныңа жалау етсең уайымды тым,
Менсіз сенің ұғар еді жайыңды кім?
Бүгін тағы сен демедің «қайырлы түн»
Мен демедім «қайырлы түн»
Жанға жарық бермейтін қарап шамды,
Жүргендеймін бақытыма балап мәңгі.
Бүгін тағы суретіңе ақтарылдым,
Ақтарып парақшаңды.
Уақытымыз таяды таңға тіпті,
Шегеріп қойсақ, жаным сәл уақытты?
Не деген қызғаншақ ең тілемейтін!?
(Өзіңде бар – бақытты)
Қойылып қойылмаса нүктесі егер,
Бір болайық, қосылуды жүктесе жер.
«Қайырлы түн» деу қалқам-ау, оңай тіпті!
Тарихың бітпесе егер,
Тарифың бітпесе егер…
Тұрарбек Мерей Қайратбекұлы