Home » Ашық сабақтар » «Іс  қағаздары»

«Іс  қағаздары»

Бапишева Құралай Құсмановна
Қарағанды облысы
Теміртау қаласындағы «№10 жалпы 
білім беретін орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
педагог-зерттеуші

 

 

«Іс  қағаздары» (қазақ  тілінен  элективті   курс)

Сынып:  10 сынып. Оқыту мерзімі: 1-2 семестр

Оқыту сағаты: аптасына 2сағат, 60 сағат,

Оқушылардың зерттеу жұмыстары:10 сағат.

Оқушылардың  өздік жұмысы:10 сағат

Барлығы:80 сағат

Курстың  мақсаты: 1. Ресми-іс қағаздарын қазақ тілінде жазу, ұлттық мәдениетіндегі ерекшеліктерді есте сақтай отырып, қазақша сөйлеу тәртібіне  төселдіру.

  1. Ресми-іс хаттың құрылымын білу, әртүрлі іс-қағаздардың жазылуын білу, қазақ тілінде іс-қағаздың өзін жазу, сыртын толтыру.
  2. Ауызекі сөйлеуге төселдіру, фонетикалық талаптарды сақтай отырып, диалогты-сұхбатты, монологты дамыту, базалық грамматиканы меңгеру, қазақша оқу, жазу, шағын газетті-публицистикалық мәтіндерді оқи білу.

Жазба жұмыс  кезеңдері:

— іс-қағаздардың қазақша жазылуы, ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

— іс-қағаздардың құрылымын жеке қарастыру, іс-қағаздарды  рәсімдеу, офис қызметкерлеріне бір қатар тәжірибелік ұсыным беру;

— ресми-іс хат-хабар алмасу үлгілерін көрсету;

— хат жазуда туатын орфографиялық, лексикалық, грамматикалық және синтаксистік қиындықтарды  қарастыру;

— қосымша материал әзірлеу, өзіндік хат жазуға қолданылатын мол тілдік материалға негізделген.

Ауызша  жұмыс  бөліміндегі кезеңдер:

— жұмыстық фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;

— өткен тақырыптарға монологиялық, диалогиялық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

— базалық  грамматиканы меңгеру;

— қазақша оқу дағдысын дамыту;

— газетті-публицистикалық  мәтіндерді  оқуға машықтандыру.

Жұмыстың  тақырыптары мен блоктары:

1.Ресми-іс хаттың құрылымы.  — хаттың бланкісінің басы (шапкасы)

— адресат және мекен-жай иесі.

Хаттың авторы.

— жазылған күні,уақыты.

— сілтеме(ссылка)

— қаратпа сөздер, сәлемдесу.

— ізеттілік формуласы.

— хаттың атауы.

— хаттың мәтіні.

— тегі және қолы.

— қосымша материал.

— көшірме.

— постскриптум.

— басқа беттердегі хаттың жалғасы.

  1. Ауызша жұмыс. Танысу, мамандық, отбасы. «Есіңе сақта, тәжіри-белен», «Сұра,жауап бер» әдістері.

Грамматика. Жіктік есімдіктер. Сілтеу есімдіктер. Тәуелдік жалғау-лары. Зат есімнің септіктері. «Оқы және сөйлес»». Менің отбасым» Сұхбаттасу үлгілері.

Сабаққа қажетті материал: «Сұхбат» атты  компьютерлік бағдарлама.

3.Хаттар үлгілерімен жұмыс.

4.Толтыру үлгілері

Баратын жері, жіберушінің мекен-жайы.

-титулдар мен қаратпа сөздер түрлері.

-қарапайым кісіге үндеу.

— ер адамға…

— тұрмысқа шықпаған әйелге…

— тұрмыстағы  әйелге   арналған қаратпа сөз  қолдану.

— Жалпы қаратпа сөздер түрлері.

— келетін хат-хабар  алмасуын тексеру.

— шығатын хат-хабар  алмасуын тексеру.

— хат-хабар  алмасуының  тіркелуі және сақталуы.

— Қазіргі  байланыс жолының  тәсілдері.

  1. Ауызша жұмыс. Жанұя. Пәтер. Дүкенде. «Есіңе сақта және тәжірибелен», «Сұра және жауап қайтар» әдістері   қолданады.

Грамматика. Жалпы, арнайы, альтернативтік. Тәуелдік жалғау. Сын есімнің шырайлары. Еесептік сан есімдері. Зат есімнің жалғаулары.  «Оқы және сөйлес» тәсілі. Менің досымның отбасы. Сөйлесу үлгілері.

6.Іс-хат үлгілері:түйін және өмірбаян. Үлгімен жұмыс.

— Ілеспе хат. Үлгімен жұмыс.

— Жұмыс  туралы ұсыныс қабылдау.Үлгімен жұмыс.

— Кепілдеме хат және мінездеме.Үлгімен жұмыс.

— Кепілдеме хат. Үлгімен жұмыс

— Мінездеме хат. Үлгімен жұмыс.

— Жұмыстан кету. Үлгімен жұмыс.

— Жұмысқа қабылдамау.Үлгімен жұмыс.

— Жұмыстан  босату және штаттың қысқартылуы. Үлгімен жұмыс.

— Меморандум  не түсініктеме қағазы.

— Ақпарат сұранысына жауап.Үлгімен жұмыс.

— Қаржылық кәмек туралы өтініш.Үлгімен жұмыс.

— Растау хат. Үлгімен жұмыс.

— Кешірім хат.Үлгімен жұмыс.

— Өкіметке хат.Үлгімен жұмыс.

— Құттықтау хат.Үлгімен жұмыс.

— Көңіл айту.Үлгімен жұмыс.

— Газетке хабарландыру жазу.Үлгімен жұмыс.

— Қонақ үйде, мейрамханада  алдын ала орын сақтау. Үлгімен жұмыс.

— Жол жүруді ұйымдастыру.Үлгімен жұмыс.

— Кездесу туралы өтініш.Үлгімен жұмыс.

— Шақыру.Үлгімен жұмыс.

7.Ауызша жұмыс.Лексикалық тақырыптар. Қала. Мекеме.

Грамматика. Шылау сөздер. Септеуліктер. Жалпы, жалқы есімдер. «Есіңе сақта және тәжірибелен», «Сұра және жауап қайтар» әдістері .Ауызша тақырыптар. Менің үйім. Менің қалам. Грамматикалық білімдерін  қолдану» Оқы және сөйлес» әдісі.

  1. Жазу дағдысын дамыту. Орфографиялық қиындықтар. Жазылым әріптерді қолдану. Жаттығулар.

— Лексикалық қиындықтар. Жаттығулар. Зат есімнен шығатын сын есімдер. Елдердің  атын, ұлттардың атын білдіретін зат есімдер. Жаттығулар.

-Тыныс белгілерін қоюдағы қиындықтар.

9.Ауызша жұмыс. Күнтізбе. Жыл  мезгілдері. Климат. Ауа райы. Етістіктің шақтары. Сұраулық сөйлемдер. Реттік, есептік сан  есімдер. «Есіңе  сақта және тәжірибелен», «Сұра және жауап бер». Грамматика. Жаттығулар.  «Оқы  және  әңгімеле»  әдістері. Лексикалық үлгілер.

  1. Іс-хатта нені қолдануға болады? Іс-хатта жиі қолданылатын аббревиатуралар мен қысқарған сөздер. Отбасы мүшелеріне, үкімет шенеуніктеріне, діни  қызметкерлеріне қатысты қаратпа сөздерді қолдану. Оның түрлері. Орфографиялық қате жиі кездесетін сөздердің тізімі. Іс-хатқа керек клише, сөз тіркестері,с өйлем.

11.Ауызша жұмыс. Жұмыс күні. Қызметтік  міндеттер, жаңа сөздерді жаттау.  «Есіңе  сақта, тәжірибелен», «Сұра-жауап бер»  әдістері.

Грамматикалық  жаттығулар. Нақ осы шақ. Іс-қимыл  үстеулері. Бұйрық рай. Етістіктер. «Оқы-сөйлес» әдісі. Рольдік ойын «Банктер». Лексикалық үлгілер.

  1. Ауызша жұмыс. Уақыт. Демалыс күні. Телефонмен сөйлесу. Уақыт белгілеу. «Есіңе сақта, тәжірибелен» әдісі. Грамматикалық жаттығулар. «Оқы да сөйлес» әдісі. Бір күннің соңы. Лексикалық үлгілер.
  2. Лексикалық тақырыптар. Ауызша жұмыс. Күнделікті іс-әрекеттер, саяхат. Грамматикалық тақырып. Етістіктің шақтары. Жаттығулар. «Есіңе сақта, тәжірибелен», «Сұра-жауап бер» әдістері. «Оқы-сөйлес», «Автобуспен саяхат» лексикалық үлгілер.
  3. Ауызша жұмыс. Лексика. Қала. Көз тартарлық жерлер. Бос уақыт. Іскерлік кездесулер. Жәрмеңкелер. Көрмелер. Төл сөз. Төлеу сөз. Грамматикалық жаттығулар. «Есіңе сақта, тәжірибелен», «Сұра-жауап бер» әдістері. «Оқы-сөйлес» әдісі.   Рольдік ойын «Астана». Лексикалық үлгілер.

15.Ауызша жұмыс. Лексикалық тақырыптар. Сыртқы сауда және Қазақстандық  экономикалық қатынастар.   Грамматикалық тақырыптар. Етіс түрлері.Грамматикалық жаттығулар. Рольдік ойын.Лексикалық үлгілер.

  1. Ауызша жұмыс. Шетелге ресми-іс саяхат, кеденнен өту, қонақ үйінде. Етістіктің шақтары. Грамматикалық жаттығулар. Рольдік ойын. «Оқы-сөйлес» әдісі.  Лексикалық  үлгілер.
  2. Ауызша жұмыс. Саудалық келісімдер, келіссөздер, шарт жасау. Басты ұсыныстар, контракт бөлімдері. Грамматикалық жаттығулар: Шартты және мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.  Етістіктің  шақтары.  «Оқы-сөйлес» әдісі.  Рольдік ойын  «Контракт шарттары».

18.Ауызша жұмыс.

— Басқару  және сауда, бизнес іскерлікті  ұйымдастыру.

— Етіс түрлері.

— Себеп-салдар, шартты бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлем.

— Есімше

— Тек жекеше  түрде қолданылатын  зат  есімдер.

— Тек көпше  түрде қолданылатын  зат  есімдер.

«Оқы-сөйлес» әдісі. Грамматикалық  жаттығулар. Рольдік  ойын. Лексикалық  үлгілер.

Тақырыптарды  сағатқа бөлуді  мұғалім  өзі  біледі, өзі қарастырады, оқушылардың білім деңгейіне қарай. Сабақтан  тыс жұмысқа шығу, ғылыми-техникалық конференцияларға  қатысу, шығармашылық  не  зерттеу жұмыстарын  жазу, зачет бола ма, емтихан  ала ма бұның бәрі  мұғалім  құзырында. Өз әдістемелік  жұмысын    анықтау барысында  — лексиканы, тіл  дамытуды, оқуды,жазуды, сөйлеуді бекіту үшін барлық материалды мұғалім  өзі дайындайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.