Суюбаева Райхан Давидовна
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар
колледжі директорының ғылыми-әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
Техникалық және кәсіптік білім беру үдерісінде заман талабына сай жұмыс берушілердің, студенттердің, ата-аналардың, оқытушылардың және жалпы қоғамның мүдделерін ескеретін білім сапасын қамтамасыз етуші нормативтер мен аспаптарды әзірлеуді талап етеді.
Модульдік оқыту арқылы жұмыс беруші талабын қанағаттандыратын кәсіби техникалық кадрлар даярланады және оларды даярлау әлемдік деңгейге дейін көтерілмек. Бұл орайда әлеуметтік серіктестік маңызды рөл атқаруы тиіс, яғни нақты жұмыс беруші мекеме өзіне қажетті маман даярлауға қызығушылық танытып, атсалысуы тиіс, яғни өзіне қандай құзыреттіліктерді меңгерген маман керектігін білуі тиіс. Сондықтан жұмыс берушінің талапттарына сай модульдік бағдарлама құрастырылады. Модульдік-құзыреттілік тәсілдің негізгі қағидасы – жұмыс саласындағы маңызды мақсаттарға бағдарлану. Кәсіптік білім беруде жұмысшы кадрларды даярлау процесі экономиканың қазіргі және болашақтағы сұраныстарына, еңбек нарығының өзгерісіне тез және уақытылы жауап беру керек, қоғам дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттарында бәсекеге қабілетті және тез бейімделгіш болуы керек.
ҚР БҒМ, «Кәсіпқор» КЕАҚ-мен бірлесе отырып 2018 жылдың 20-31 тамыз аралығында колледж базасында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары оқытушыларына арналған «Модульдік құзіреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы жиырма алты оқытушыдан тұратын топқа өткізілді. Курстың соңғы күні барлық қатысушылар сертификаттарға иеленді.
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде модульдік құзыреттілік негізінде «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы, «Көгалдандырушы», «Ландшафт дизайны бойынша көгалдандырушы», «Ландшафты дизайн шебері» біліктіліктері, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы, «Тігінші», «Киім пішуші, «Техник-технолог» біліктіліктері, «Бастауыш білім беру» мамандығы «Бастауыш білім беру мұғалімі», «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі», «Тәрбиешінің көмекшісі» біліктіліктерін оқытуға арналған оқу жұмыс жоспары мен білім беру бағдарламасы жасақталды. Оқу жұмыс жоспары мен білім беру бағдарламалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрастырылды. Әлеуметтік серіктестік-жұмыс берушілермен келісілді және оқу орнының директорымен бекітілді.
ОЖЖ құрылымы:
- оқу үдерісінің кестесін;
- семестр мен курс бойынша пәндердің (модульдердің) оқылу тізбегін, мазмұнын, көлемін, тізімін;
- оқытылу сабақтары мен кәсіптік практика түрлерін;
- аралық және қорытынды аттестацияны анықтайды.
Оқытуға арналған жұмыс жоспары мен білім беру бағдарламасын құрастыру үшін алғашқы құжат болып:
- МЖМБС (оқыту жоспарының моделі);
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен кәсіптерінің классификаторы;
- мамандық бойынша үлгілік оқыту бағдарламалары саналады.
Оқытуға арналған жұмыс жоспары мен білім беру бағдарламасының құрылымы:
- негізгі бет;
- мазмұны;
- кіріспе;
- қолданылатын қысқартулар мен белгілер;
- оқыту жоспары;
- білім беру бағдарламаларының мазмұны;
- кабинеттер, шеберханалар, зертханалар және т.б. тізімі.
Әлеуметтік серіктестік-жұмыс берушілер «Жанарыс» ЖШС, «Перизат» ЖШС, «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ және оған қарасты қаладағы, жақын ауылдардағы барлық балабақшалар мен мектептер. Модульдік оқытудың технологиясы — студенттердің жұмысқа орналастыру сұрақтарына көп оң нәтижелер әкеледі және жұмыссыздық проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше біліктілігі бар адам бірнеше жыл бойы білім алуға және басқа мамандық бойынша біліктілікті алу үшін қайта дайындықтан өтуге қажеттілігі жоқ. Ол аталған біліктілікті қысқа мерзімде алып, жұмысқа орналаса алады.
Модульдік оқыту технологиясы үздіксіз білімді қамтамасыз етеді. Дұрыс құрылған модульдік бағдарламаның құрылымы білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне оқыту мазмұнын студенттердің меңгеруін және бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Модульдік құзыреттілік тәсілі үрдісінде пән оқытушысы бағыттаушы рөлін атқарады. Студентке танымдық қызметін басқару функциясы беріледі және өзіндік басқару функциясы ретінде қаралады. Оқыту материалдарына берілетін ақпарат оқыту мазмұнын меңгеруге бағытталады. Студенттер білімі бағалау критерийі бойынша бағаланады, ол студенттер, оқытушылар, әкімшілік және ата-аналар үшін оқыту үрдісін айқын және түсінікті етеді. Өзіндік бақылау, өзара бақылау, шығыс бақылауы және диагностика, міндетті жүргізілу қажет.
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде модульдік оқытуды енгізу бойынша тәжірибе әрбір сабақтың кәсіптік біліктіліктерді қалыптастырудағы жоғары маңыздылығын көрсетті. Негізгі әдістемелік тәсілдер мен материалдарды «Көгалдандырушы» біліктілігі бойынша «Көгалдандырушы шаруашылығының жұмыстарын жүргізу» модулін оқыту мысалында қарастыруға болады. Аталған модуль бойынша оқытуда ең алдымен студенттердің білім сапасын бағалауда критериалды бағалау жүйесі пайдаланылды. Сонымен қатар модульдік құзыреттілік технологиясы арқылы оқытуда студенттерге әрбір модуль бойынша тапсырмалар — тест, бақылау жұмыстары, өзіндік жұмыстар т.б. беріліп, тарау бойынша студенттердің алған білімдерін байқауға мүмкіндік болды. Бұл — еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлаудағы үздік технология. Кәсіби маман даярлау үшін ең алдымен оқу үлгілік жоспарына сәйкес білім алушыларға арналған оқу материалдарын даярлау және жоспарлау қажет. Оқу материалдарын даярлауда заманауи технологиялар мен әдістерді, WSK стандарттарының модульдеріне демонстрациялық сабақтар, оқу-жаттығу жұмыстардың түрлерін пайдаланған жөн.
Модульдік оқыту технологиясы студенттердің оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Студентке берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Модуль арқылы оқыту нәтижесінде жұмыс беруші талаптарынан шыға алатын бәсекеге қабілетті, білікті кәсіби маман қалыптасады.