Абдрешова Клара Мұхтарқызы
Алматы қаласы,
Жетісу ауданы
№110 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып
мұғалімі.
Батырларға деген құрмет, тарихқа деген құрмет Көктем мерекесімен бірге міне, Жеңіс күні де келіп жетті.Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Қан майданға Қазақстаннан аттанган 1 млн 200 мың адамның 600 мыңы туған жеріне қайтып оралмған еді.Ұлы Жеңіс жауынгерлеріміздің қайсар ерлігі мен қайтпас шежіресіне толы үлкен тарих. Қаншама бала әкесіз, қанша ана баласынан, бауырынан айырған сұм ажал соғыс қазақ жеріне де өзінің ізін салды.Дегенмен осынау Жеңісте ерлігімен көзге түскен майдангер аталарымыздың өмірі мен жанқиярлық ерлік шежіресі тарихта аңыз болып қалды. Оларды мақтанышпен еске аламыз. Қазақтың қос шынары Мәншүк пен Әлияның ерлігі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келеді.Ұлы Отан Соғысындағы батырларымыздың ерлігі мен отаншылдық, бауырлас- достық, ұлтына, тіліне қарамай мызғымас бірлігінің жарқын өнегесін халқымыз мәңгі мақтан тұтады. «Отан үшін», «халық үшін» деген патриоттық сезім оларды жанқиярлық істерге жігерлендірді. Бұл- бүкіл халқымызға айқын мақсат, сарқылмас күш, қуат берді, қиыншылықтарға қарсы жасқанбай күресуге, жеңіске жетуге рухтандырып отырғаны сөзсіз. Бүгінде Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, ұшқыш Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, неміс басқыншыларының төріне Рейстахқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, Сергей Луганский, Мәлік Ғабдуллин, Ә.Шәріпов, Б.Жангелдин сияқты көптеген батырларымыздың ерлігі ел жүрегінде сақталады. Олардың ерлік жолдары бүгінгі жас ұрпаққа дәрәптелді.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Ұлы Жеңістің 75 жылдық торқалы тойында Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты №110 мектеп-гимназиясы мұғалімдер ұжымы да оқушылармен батырлар құрметіне арнайы конференция, бейнесабақтар мен тәрбие сағаттарын арнады. «Отан үшін от кешкендер», «Қос шынар», «Ерлер есімі ел есінде», «Батырлар жолымен» деген тақырыптарды қамтитын патриоттық пен ел сүйгіштікке жетелейтін ұстаздар сабағы қаншама.
Төтенше жағдай кезінде оқушылардың білімді қашықтықтан алуын мектеп әкімшілігі мен директор Жанар Абитова Нукабайқызы ұжыммен қамтамасыз етіп отыр. Қашықтықтан оқытудың әдісін оқушылар да терең меңгерген. Мектептен тыс жұмыстарда жолға қойылып, батыр бабалар тарихынан, өмір жолдары мен ерліктері жайына бейнесабақтар мен тәрбиелік шаралар қашықтықтан жүргізіліп, мерекені үлкен көңіл күймен қарсы алды. Ата-аналарымызда өз белсенділіктерін осындай өтпелі кезеңде танытты.Балалардың білімін төмендетпей, түсіністікпен білім алуын қамтамасыз етуде. Әсіресе 3 «б» сынып оқушылары ардагерлер өмірі жайлы жазған шығармалары мен қыл қаламдарынан шыққан көркем суреттері көңіл тебірентеді.
Бабалары батыр қазақ елінің ұрпағы бұл төтенше жағдайдағы, ел басына туған нәубеттен де сүрінбей өтіп, батырлар ескерткішінің басына гүл шоқтарын қойып, бас иері сөзсіз. Лайым ел тыныштығын, берсін дейміз. Білім жолындағы білеріміз молайсын. Батырлар рухына үлкен құрмет, тарихымызға деген құрмет. Ерлік елмен бірге мәңгі жасайды. Батыр бабалар сіздерге алғысымыз шексіз.
Суретте: Сабит Дарын 3 «б» сынып оқушысы төтенше жағдай кезеңінде мереке қарсаңында қашықтықтан кезекті сабақ дайындығы сәтінен.
Суретте: 3»б» сынып оқушыларының оқу жылындағы білім сайысынан ұстаздары клара апаймен түскен сәті.