Жумабекова Айгуль Асановна
Алматы қаласы
Түрксіб ауданы
№107 лицейдің тарих пәні мұғалімі
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы.
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», — деп Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді.
Қазіргі таңдағы пандемияға байланысты білім беру жүйесі де күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етуде. Бар күш –жігерін шәкірттердің білімді болуына жұмсай отырып еліміздің барлық мұғалімдері қашықтықтан оқытуды қолға алса, ал басқа әріптестеріміз онлайн түрде жұмыс жасауда. Әрине, осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыруымыз қажет. Алматы қаласы, Тұрксіб ауданы ю107 лицейміздің барлық мұғалімдері «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» деп осы жүйеге тез бейімделіп кеттік. Қолдан келгенше жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, лицей бойынша қолданылып отырған «Google Classroom» форматына да тез дағдыландық деп айтсам артық болмас.
Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етілуде. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігінің, білімінің, тәжірибесінін арқасында. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушыларды оқу процесінен кеш қалдырмай, олардың жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту мен уақытында білім алуына ат салысуымыздың өзі осы болмақ.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығару біздің басты міндетіміз. Оқушы білімінің сапалы болуы тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қашықтықтан оқытудың бір ерекшелігі — әрбір оқушы өз бетінше білім алуы, яғни жаңа білім мен дағдыларды алу үдерісі мен сыныптан тыс және әр пән мұғалімдермен тікелей байланыста болған бұл үдеріс оқушылардын өзін-өзі тануы және жан-жақты болуы, жаңа технологияларды меңгеруді талап етеді. Соның нәтижесі Google Classroom платформаның бір ерекшелігі әрбір оқушының жасалған жұмысы толық жиберген уақытымен және оқушылардың ой – қиялының өзгеруі, өз ойын еркін ашық жазуға, өз ойына қорытынды жасап және де оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ізденуге жазуға төселетін формат. Әр сыныптың орындалған жұмыстарына баға бере отырып одан әрі дамыту жолдарын іздестірсек барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті бар екені көрінеді. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіруіміз керек. Осы кезеңде бізге жүктелген мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдауымыз, уақытында оқушыға кері байланыс жазу, бағыт-бағдар беруіміз қажет етіледі.
Өсіп келе жатқан болашақ жастарымыздың шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етілгендіктен, қандай да бір проблема туындаса да «Біз біргеміз !» дегім келеді. Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдеріміз әр жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастырудамыз. Біз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен мен сенемін.