Home » Мақалалар » Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!

Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды!

Жетісай ауданы
Түркістан облысы
«Сәби бөбекжай»  балабақшасы
«Балапан» тобының тәрбиешісі
Кушмаганбетова Перуза Каракайевна

     7 мамыр Отан қорғаушылар күні. Бұл үлкен мереке. Отан қорғаушылар күні Отан үшін отқа да, суға да түскен ер азаматтарға арналған. Осы мерекеге орай жыл сайын еліміздің түкпір – түкпірінде түрлі іс –шаралар мен шерулер ұйымдастырылатын еді. Биыл Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтағанына 75 жыл толып отыр. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, «COVID-19»,  іс-шаралар тоқтатылды.

Ата – бабамыздың бар асыл қазына мен байлығымызды, яғни тілімізді қастерлеп, жерімізді қорғап Отанды сүю арқылы келер ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Келешегінен мол үміт күттірер жас буынның ең бірінші міндеті өз Отанын сүю және өз ана тілін ардақтау болуы тиіс. Сондықтан бұл күн – қайсар мінезді ата – бабамыздың жауынгершілік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.

Ер – елінің қорғаны демекші, ерлеріміз әрқашан аттың жалында, түйенің қылында жүріп, бізге бейбіт өмір арнатып берген. Елді қорғаған аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы атамыз « Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады». Отаншыл болу – бір біріңе бауырмал болу. Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін дейді дана халқымыз. .

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай.

Ынтымағы жарасқан, қайсар ұлдары бойға қайсарлық пен қайраттылықты дарытқан еліміздің болашағы жарқын болады деп сенеміз!

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымызды, бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған халқымызға қорған болған, Отан қорғаушыларымыздың айбыны арта берсін! Мереке құтты болсын, Отан қорғаушылар!

Отанымыз тыныш болғай! Еліміз аман, халқымыз бейбіт өмір сүргей! Ешқашан соғыс болмасын! Ұлы Отан соғысының тигізген зардабы қаншама! Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімдіктілерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн – Ұлы Жеңіс күні.

Атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай , жауды қайсарлықпен жеңіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен халқы үшін үлкен қуаныш болған күн!

« Ер есімі – ел есінде» демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізде нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігінің дәлел екені сөзсіз. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді.

Келешек еліміздің дархан даласы кең аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

Бүгінде біздің міндетіміз болашағы жарқын ұрпақты елінің патриоттары болуға, Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

9 — мамыр Ұлы жеңіс күні үшін осы батырларымызға құрметпен бас иеміз!

1941 жылы 22- маусым күні әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыс қасіреті мәңгі тарихта қалды. Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды! Ұлы жеңіс – жасасын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.