Рахимбаева Жаксыгул Слашовна
«Нұр» бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Нұра ауылы
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші — адам. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі оқытушылар мен студенттер арасында, өзара студенттер арасында жұмысқа қатысты кез келген форматтағы файлдармен алмасуды қолдайды. Moodle жүйесінде сабақ дайындау және өткізуде оқытушы құрамына глоссарий, ресурс, әр түрлі тапсырмалар, форум, wiki, сабақ, тест, webinar, аудиодәрістер және т.б. курс элементтерінің жиынтығын пайдаланады.
Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған. Бірақ бұл оқу бағыты барлық жерде және әрдайым шешім бола алмайды. Оның басты себебі еліміздегі техникалық және әлеуметтік жағдайдың әр түрлі болуы.
Даму үстіндегі мемлекет болғандықтан бұл проблема әрдайым басты назарда болып отыр.Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар. Аз уақыт ішінде, яғни 2 ай көлемінде болған қашықтан оқыту әдісі өзінің нәтижелерін беруде:
- техниканың жетіспеушілігі;
- интернет желісінің дұрыс жұмыс жасамауы;
- байланыс аппараттарының сапасыздығы;
- тым көп ақпарат;
Атап айтсақ қашықтан оқытудың зиянды жақтары жетерлік бірақ бұл толықтай алып тастауға себеп емес! Зиянынан бөлек пайдасын да көре білген дұрыс сияқты. Әр істен жақсылық іздей білген жөн. Дәл осы оқиғаларға байланысты, яғни COVIT-19 вирусының таралуына байланысты қашықтан оқыту таптырмас әрі жалғыз шешім болды. Оқып жүрген студенттер, магистрант, оқушылар бәрі бос уақыттарын отбасымен өткізу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар үйде отырып ақ тапсырмаларды орындап, дәріс берушімен байланысы алды. Бұл жетістіктердің бәрі ел экономикасының дамып келе жатқанын көрсетеді. Қиын қыстау уақытта ел қамын жасап, қол жетімді шешімдер қабылдағанына біз қуаныштымыз.
Әрине, оқу орындарының компьютерлік базасы әрі қарай толықтырылады, жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы бар құралдарды толық пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу керек. Қорыта келе айтарым – оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып табылады.