Алматы қаласы КМҚК «№31 бөбекжай-балабақшасында» осы жылдың Ақпан айынан бастап, балабақша меңгерушісінің ұсынысымен, ата-аналардың қолдауымен балалар гүл көшеттерін отырғызу бойынша жоба бастаған болатын. Мұндағы басты мақсат- аналар мен әжелерге жалпы нәзік жандарымызға көңіл-күй сыйлап, оларды шынайы эмоцияға бөлеу еді.
Бұл жобамызға «Геацинт» гүлі таңдап алынған болатын. Екі аптада яғни жылдам бүршік жарып, өсу қарқыны да тез болғандықтан осы гүлді таңдадық.
Өсімдікті баптау бағытында үш мектепалды тобымыз «Балдырған», «Қарлығаш», «Радуга», және үш ересек «Көгершін», «Бәйтерек», «Золотой ключик» топтары қатысып, іс-тәжрибеміз бастау алған уақыттан бүгінгі күнге дейін атсалысты. Олар, үш апта бойы гүлдерді баптап, уақытылы суарып, анамызға арналады деген ниетте қуанышты көңіл-күйде еңбек етті. Бұл құбылыс тәрбиешілердің де ата-ата ананың да көңіліне медет болғандай. Ата-аналар еш қарсылық білдірмей бастап жатқан жобамызға қолдау көрсете білді. Балабақша ұжымы, тәрбие беруші ұстаздар -қанатымыздың астындағы бүлдіршіндерімізді тәрбиелеп қана қоймай еңбекке баулып та жатырмыз. Балабақшадағы жасаған жұмыстары, көрген көрініс осының бәрі бала санасыда қалары сөзсіз. Аталмыш жоба аясында, өскелең ұрпақ еңбектеніп, сол еңбегінің нәтижесін де көрді.
«Әр атаның өз ұлы бар, әр бұтаның өз гүлі бар» демеуші ме еді. Бүгінгі әр өсірген гүлдеріміздің баптаушысы бар. Олар бүлдіршіндер.
Өз қолдарымен өсіріп баптаған балалар гүл суару барысында 8-Наурыз аналарға арналған мерекеде қандай тілек айтатындарын жаттап, осы мерекеде өсірген гүлдерін аналарына қалай сыйлайтындарын елестетіп, шат-шадыман күйде жүр. Енді ертеңгілікте әр бала өз анасына өз қолынан шыққан туындыны сыйға тартады.
Гүл өсіру -өсімдік өсірудің бір саласы. Біз осы салаға зейін қойдық, бастамамыз да нәтижелі болды. Сонымен қатар, Алматы-Сингапур тәжрибе алмасу бағытында алып келген тәжірибемізді барынша балалардың бойын сіңіруде жұмыс жасап жатырмыз. Әсіресе қалдықтармен жұмыс жасау, кез келген заттан қалдық қалса оны іске асыру тәжірибесін меңгерген болатынбыз, соны бүлдіршіндерге үйретудеміз. Сондықтан мұндай жобаларымыз алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Алматы қаласы КМҚК «№ 31
Бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі
Айнұр Бахтиева